Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 15 мамырдағы Еңбек кодексінің 238 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі айқындалсын.

  1. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қ.Әлімовке жүктелсін.
  2. Осы қаулы оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қаласының әкімі                                                                       Е.Омаров

    

КЕЛІСІЛДІ:

Ақтөбе қалалық

мәслихатының хатшысы  

____________С.Шынтасова

«___» _________ 2014 жыл

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2014 жылғы «___» ___ № ____

қаулысына қосымша

Азаматтық қызметші болып табылатын және Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде жұмыс істейтін, білім беру, мәдениет және ветеринария саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі

п/п

Лауазымдар атауы

 

Әлеуметтік қамсыздандыру саласы мамандарының лауазымдары:

1)

Үйде көрсетілетін әлеуметтік көмек бөлімінің меңгерушісі

2)

Әлеуметтік жұмыс бойынша кеңесші

3)

Қарттар мен мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер

4)

Психоневрологиялық ауытқулары бар мүгедек балаларды және                            18 жастан асқан мүгедектерді күту жөніндегі әлеуметтік қызметкер

 

Білім беру саласы мамандарының лауазымдары:

1)

Білім беру ұйымдарының барлық мамандықтағы мұғалім

2)

Кәсіптік лицейдің (мектептің), колледждің, арнайы түзеу ұйымы мен барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдарының директоры

3)

Училище (мектеп, мектеп-интернат), директоры (бастығы)

4)

Балалар үйінің, жетім балалар және ата – анасының қамқорлығынсыз қалған балалар мектеп-интернатының, балалар мен жасөспірімдердің панаханасының директоры

5)

Кәсіптік лицейінің (мектеп), колледжінің, балалар үйінің, арнаулы түзеу ұйымының және барлық үлгідегі және түрдегі интернаттық ұйымдардының оқу, оқу-әдістемелік, тәрбие, оқу – өндірістік жұмысы, бейінді оқыту жөніндегі директорының орынбасары

6)

Шығармашылық шеберханасының басшысы (білім беру ұйымдарында)

7)

Дене тәрбиесінің басшысы (білім беру ұйымдарында)

8)

Бастауыш әскери дайындық жөніндегі оқытушы – ұйымдастырушы, басшысы (оқу мекемесіндегі әскери жетекші)

9)

Оқу-өндірістік, оқу-тәрбие жұмысымен тікелей айналысатын білім беру ұйымдарындағы бөлімінің меңгерушісі

10)

Білім беру ұйымдарындағы оқу бөлімінің меңгерушісі

11)

Психологиялық – педагогикалық кабинет меңгерушісі

12)

Лагерь бастығы     (қорғаныс-спорттық, сауықтыру, мектептік, еңбек және демалыс)

13)

Аға әдістемеші, әдістемеші

14)

Кітапхана меңгерушісі

15)

Кітапханашы

16)

Педагог-психолог

17)

Әлеуметтік педагог

18)

Логопед мұғалімі

19)

Ұйымдастырушы педагог

20)

Қосымша білім беру педагогі

21)

Дефектолог мұғалімі

22)

Аға оқытушы, колледж, училище оқытушысы

23)

Аға тәрбиеші, тәрбиеші

24)

Аға шебері, өндірістік оқу шебері

25)

Оқу-тәрбие жұмысы мен тікелей айналысатын музыкалық жетекші, аккомпониатор, концертмейстер

26)

Еңбек, дене тәрбиесі жөніндегі нұсқаушы

27)

Педиатор дәрігері

28)

Медициналық бике

29)

Ем-дәм бикесі

30)

Аға жетекші, жетекші

31)

Хореогроф

32)

Зертханашы

33)

Мәдени ұйымдастырушысы

34)

Көркемдік жетекшісі

35)

Бағдарламалық қамтамасыз ету жөніндегі маман

36)

Интернат меңгерушісі

 

Мәдениет саласы мамандарының лауазымдары:

1)

Директор

2)

Суретші безендіруші

3)

Музыкалық жетекші

4)

Көркемдік жетекші

5)

Әдіскер

6)

Хореограф

7)

Менеджер

8)

Балаларға арналған бұқаралық шараларды ұйымдастырушы әдіскер

9)

Дыбыс режиссері

10)

Концертмейстер

11)

Кітапхана филиалдарының меңгерушісі

12)

Кітапханашы

 

Ветеринария саласы мамандарының лауазымдары:

1)

Ветеринарнарлық пункт меңгерушісі

2)

Ветеринарлық дәрігерлер

3)

Ветеринарлық санитарлар

 

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50