Қазақша   Русский

RSS-лента

ЖОБА

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

ҚАУЛЫ

Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидаларын бекіту туралы

         Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50 тармағына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының мөлшерлемесін есептеу қағидалары бекітілсін.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.

3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                               Е.Омаров


Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «____»___________

№______қаулысымен БЕКІТІЛДІ

Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлікті мүліктік жалдауға

(жалға алуға) беру кезінде жалдау ақысының

мөлшерлемесін есептеу қағидалары

         1. Осы Ереже Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 13 ақпандағы № 88 қаулысымен бекітілген, мемлекеттік мүлікті мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру қағидаларының 50-тармағына сәйкес әзірленді.

          2. Коммуналдық заңды тұлғалардың балансындағы, тұрғын емес үйдің мемлекеттік қорының объектілерін мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау төлемінің есебі келесі формуламен жүзеге асырылады:
         Жа = С х Кх Кх Кх Кх Кх Кх S;
         бұнда:
         Жа – жылжымайтын мүлік объектісін пайдаланғаны үшін жылына жалдау ақысының ставкасы;
         С – Ақтөбе қаласының коммуналдық мүлікті жалдау төлемінің базалық ставкасы Қазақстан Республикасының тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы Заңымен белгіленген, 1,5 айлық есептеу көрсеткішіне тең қабылданады.
         К– құрылым түрін ескеретін коэффициент;
         К– инженерлік желілер мен коммуникациялардың болуын ескеретін коэффициент;
         К– тұрғын емес үй-жайдың түрін ескеретін коэффициент;
         К– жалға алушы қызметінің түрін ескеретін коэффициент;
         К– жалдаушының ұйымдастырушылық-құқықтық формасын ескеретін коэффициент;
         К– аумақтық орналасуын ескеретін коэффициент;
         S – жалға алынып отырған алаң, шаршы метр.
         3. Тұрғын емес үйдің мемлекеттік қорының жалдау төлемінің ставкаларын есептеу кезінде қолданылатын коэффициенттер:

№ р/с

Коэффициент түрі

Коэффициент мөлшері

1

Құрылым түрін ескеретін К1 коэффициенті:

 
 

әкімшілік

1,0

 

қоймалық, гараждық, қазандықжәнебасқақұрылыстары

0,8

2

Инженерлік желілер мен коммуникациялардың болуын ескеретін К2 коэффициенті:

 
 

барлық инженерлік-техникалық коммуникациялары бар объектілер үшін; (электр энергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу)қандай да бір коммуникациялар болмаған жағдайда әр түрі үшін 0,1 кемиді

2,0

 

білім мекемелерінің барлық инженерлік-техникалық коммуникациялары бар объектілер үшін; (электрэнергиясы, кәріз, сумен қамтамасыздандыру, жылу
қандайда бір коммуникация ларболмаған жағдайда әртүрі үшін 0,1 кемиді

1,0

3

Тұрғынемесүй-жайдыңтүрінескеретінК3коэффициенті:

 
 

ғимарат немесе ғимараттағы үй-жай

1,0

 

ғимараттың цокольдік қабаты немесе жартылай жертөле

0,9

 

жертөле үй-жайы

0,5

 

өзге де түрлер

0,5

4

ЖалдаушыныңқызметтүрінескеретінК4коэффициенті:

 
 

сауда-коммерциялық және жабдықтаушы-өткізу қызметі (өндірістік, азық-түліктік және аралас тауарлар, дәріхана және дәріханалық пункттер); банктікқызметтер; полиграфиялық қызметтер; брокерлік қызмет; сақтандыружәнеинвестициялықкомпаниялар; нотариалдықжәнеадвокаттықкеңселер

2,0

 

коммуникациялық қызметтер, оның ішінде: байланыс қызметтері, автоматтандырылған телефон станциялары, почталар

0,7

 

қызметтеркөрсету:
тұрмыстықжәнемәдени-демалысқызметтері, тренажерзалдары, фитнес-клубтар, техникалыққызметтеркөрсетустанциялары, шеберханалар

2,0

 

қоғамдықтамақтандырусаласындағықызмет: дәмхана, мейрамханалар

3,0

 

буфеттер мен асханалар

2,0

 

біліммекемелеріндегібуфетпенасханалар

0,5

 

білім (мектептентыс, оқушыларғаарналғанүйірмеқызметі, компьютерліксыныптар), балалармен жасөспірімдерге арналған дене шынықтыру және спорт, денсаулық сақтау және мәдениет саласында қызмет көрсету

1,0

 

өндірістік қызмет

1,0

 

гараждар ретіндегі үй-жайлар, қойма, сақтау камералары

2,0

 

өзге де қызмет түрлері

1,0

5

Жалдаушының ұйымдық-құқықтық нысанын ескеретін К5 коэффициенті:

 
 

жекеменшікнысанындағықұрылымдарғаарналған (серіктестіктер, акционерлікқоғамдар, ұлттықкомпаниялар)

2,0

 

акциялардың (қатысуүлестерінің) елу және оданда көппайыздарын және бюджеттік бағдарламаларды орындаудан кірістердің кем дегенде 90 пайызыналатын акционерлік қоғамдар (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер), егер де акциялардың мемлекеттік пакетіне иелі кету және пайдалану құқығын жүзеге асыратын, мемлекеттік орган жазбаша растаған жағдайда

1,0

 

қоғамдықұйымдарменбірлестіктер, үкіметтікемесұйымдарүшін

1,0

 

сауда-саттық қызметті есептемегенде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өнеркәсіп қызметін ұйымдастыру және халыққа қызмет көрсетуді ұйымдастыру үшін

1,0

6.

Аумақтық орналасуын ескеретін К6 коэффициенті:

 
 

Ақтөбе қаласы

2,0

 

кент, ауыл

0,5


         4. Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде жылдық жалдау төлемін есептеу мынадай формула бойынша жүзеге асырылады:
         Жа=СхNam/100хКп
         бұнда:
         Жа – жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттардыбіржылғажалдаутөлемініңмөлшерлемесі;
         С – бухгалтерлік есеп деректері бойынша жабдықтардың қалдық құны.
         Жабдықтарды, автокөлік құралдарын және басқа тұтынылмайтын заттарды мүліктік жалдауға (жалға алуға) беру кезінде 100 пайызға тозығын есептеумен қалдық құны алғашқы (жаңадан құрылған) құнынан 10 пайыз көлеміндеқолданылады.
         NamҚазақстан Республикасының «Салықтар және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодексінің (Салық кодексі) 120-бабынасәйкесамортизациялаудыңдеңгейлінормалары;
         Кт – төмендететін коэффициент (жабдықтар, автокөлік құралдары және басқа тұтынылмайтын заттар сексен пайызға тозған кезде – 0,8 мөлшерінде, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне сату-сатып алу (делдалдық) қызметтен басқа, халыққа қызмет көрсету саласын дамыту және өндірістік қызметті ұйымдастыру үшін берілген кезде – 0,5 мөлшерде).

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50