Қазақша   Русский

RSS-лента

ЖОБА

Ақтөбе қалалық мәслихатының

2014 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 282 «2015 - 2017 жылдарға арналған

Ақтөбе қаласының бюджеті туралы»

шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

 

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы                    23 қаңтардағы № 148 Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының                 2008 жылғы 4 желтоқсандағы №95-IV Бюджеттік Кодексінің 104, 109 баптарына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы № 282 «2015-2017 жылдарға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті туралы» (нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4170 санымен тіркелген, 2014 жылғы 29 қаңтардағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» № 11-12 газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

1) 1 тармақтағы:

1) тармақшадағы:

кірістер: «41 929 020» сандары «44 243 497» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:

негізгі капиталды сатудан түскен түсімдер бойынша «165 000» сандары «2 078 256» сандарымен ауыстырылсын;

трансферттер түсімдері бойынша «15 726 141» сандары «16 127 362» сандарымен ауыстырылсын;

2) тармақшадағы:

шығындар: «44 121 161» сандары «45 319 967,8» сандарымен ауыстырылсын;

5) тармақшадағы:

бюджет тапшылығы (профициті) – «-2 474 334» сандары «-1 358 663,8» сандарымен ауыстырылсын;

6) тармақшадағы:

бюджет тапшылығын қаржыландыру (профицитін пайдалану)                    «2 474 334» сандары «1 358 663,8» сандарымен ауыстырылсын, оның ішінде:

қарыздар түсімі «2 474 334» сандары «3 098 743» сандарымен ауыстырылсын;

қарыздарды қайтару «0» саны «1 913 256» сандарымен ауыстырылсын;

және келесі абзацпен толықтырылсын:

«бюджет қаражаттарының пайдаланылатын қалдықтары – 173 176,8 мың теңге».

2) 11 тармақтағы:

төртінші абзацтағы «1 999 376» сандары «1 548 527,7» сандарымен ауыстырылсын;

сегізінші абзацтағы «81 699» сандары «45 581» сандарымен ауыстырылсын;

оныншы абзацтағы «1 327 282» сандарын «952 063»сандарымен ауыстырылсын;

он бірінші абзацтағы «506 472» сандары «1 494 563» сандарымен ауыстырылсын;

он екінші абзацтағы «147 625» сандары «155 908» сандарымен ауыстырылсын;

он үшінші абзацтағы «198 582» сандары «27 585» сандарымен ауыстырылсын;

он бесінші абзацтағы «183 176» сандары «178 641» сандарымен ауыстырылсын;

және келесі мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:

«қаланы және елді мекендерді абаттандыруды дамытуға – 116 125 мың теңге»;

«көлік инфрақұрылымын дамытуға – 950 848,3 мың теңге»

         3) аталған шешімдегі 1, 5 қосымшалары осы шешімдегі 1, 2 қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы шешім 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық                                              Ақтөбе қалалық
мәслихатының сессия төрағасы                   мәслихаттың хатшысы
И
. Назарбаев                                                  С. Шынтасова

Жобаны енгізуші: «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» ММ басшысы С.Нәби

Қосымшалар:

2015 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті: Кірістер
2015 жылға арналған Ақтөбе қаласының бюджеті: Шығындар

2015-2017 жылдарға арналған қалалық бюджетті атқару процесінде секвестрлеуге жатпайтын қалалық бюджеттік бағдарламалардың тізбесі

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50