Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес және 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 14 бабын басшылыққа ала отырып, Ақтөбе қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

         1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес Ақтөбе қаласының шалғай жерде елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың схемасы мен тәртiбi бекiтiлсiн.

         2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваға жүктелсін.

           3. Осы   қаулы   оны   алғашқы   ресми   жариялаған   күнінен     бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                             Е.Омаров

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

       2015 жылғы «___» ______

       №___________қаулысына

       1 қосымша

Ақтөбе қаласының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақтөбе қаласының шалғайдағы елдi мекендерде тұратын балаларды жалпы бiлiм беретiн мектептерге тасымалдаудың тәртiбi (бұдан әрі – Тәртіп) Қазақстан Республикасының «Автомобиль көлiгi туралы» Заңының 14-бабына сәйкес әзірленген.

2. Тасымалдаушыға және автокөлiк құралдарына

тасымалдау кезiнде қауiпсiздiктi қамтамасыз ету бөлігiнде

қойылатын талаптар

2.Балаларды тасымалдау арнайы автобустармен жүргiзiледi.

3.Егер:

1) aвтомобиль жолдарының өткiзу қабiлетi автобустардың тұрақты қозғалысын жүзеге асыруға мүмкiндiк берсе;

2) автомобиль жолдарының жай-күйi және оларды жайластыру жол қозғалысы қауiпсiздiгiнiң талаптарына сәйкес болған жағдайда балаларды тасымалдау ұйымдастырылуы мүмкін.

4.Балаларды тасымалдауға:

1) «Автомобиль көлiгi туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бiлiктiлiгi және кәсiби жарамдылығын растайтын құжаты болғанда;

2) Тасымалдау қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуге құқықтық нормативтiк актiлер талаптарына сай келетiн және тиiстi тасымалдау түрiне жарамды көлiк құралдары бар тасымалдаушылар, немесе ұқсас қызмет көрсету мүмкіндігі ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындайтынтапсырыс берушілержiберiледi.

5. Балаларды автобуспен тасымалдауға жасы кемiнде жиырма бестегi, соңғы жылдары еңбек тәртiбiн және қозғалыс ережесiн өрескел бұзбаған, тиiстi санаттағы жүргiзушi куәлiгi және кемiнде бес жыл жұмыс өтілі бар жүргiзушiлер жiберiледi.

6. Автобустарда жүк бөлiмiнен тыс жерлерде, жүк тасымалдауға жол берілмейді.

7. Автокөлiк құралдарын пайдалану тасымалдаушының мiндеттi азаматтық-құқықтық сақтандыру шарттарындағы жауапкершiлiктi орындаған жағдайда жүргiзiледi. Сондай-ақ мiндеттi сақтандыруға тасымалдаушының жолаушылар алдында жол жүру және жүк тасуға арналған автокөлiктi пайдалану барысында, олардың өмiрiне, денсаулығына, мүлiктерiне залал келтiрмеу жөнiндегi азаматтық-құқықтық жауапкершiлiгi жатады.

3. Автокөлiк құралдарына қойылатын талаптар

8. Балаларды тасымалдауға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес техникалық байқаудан өткен көлiк құралдары жiберiледi. Бұл ретте автобустардың конструкциясы мен техникалық жағдайы тиiстi стандарттардың талаптарына сай болуы қажет. Балаларды тасымалдауға пайдаланатын автобустар:

- дәрiлер мен медициналық құралдардың қажеттi жинағы бар медициналық қобдишамен (автокөлiктiк);

- автокөлiктер ылди жолда тоқтаған кезде өздiгiнен жүрiп кетуден сақтайтын орнықтырғыш құралдармен (башмактармен);

- авариялық аялдау белгiсiмен;

- ақаусыз өрт сөндiру құралдарымен;

- жол-көлiк оқиғасы жағдайында шыныларды сындыру және есіктерді, терезелерді, авариялық люктердi жедел ашудың тиiстi құрал-саймандарымен және оларға ақпараттық тақтайшалармен жабдықталынуы қажет.

9. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың кемiнде екi есiктерiнiң болуы және мыналар болуы тиіс:

- ешқандай кедергiсiз ашылып, жабылатын жолаушылар салонының есiктерi мен авариялық люктер;

- есiктерде өткiр немесе олардың бетiнен алыс тұрған шығыңқы жерлер болмауы тиiс;

- жабық тұрған жағдайда жолаушылар салонға және жүргiзушi отыратын кабинаға атмосфералық жауынның кiруiн болдырмайтын төбе, авариялық люктер және терезелер;

- берiк бекiтiлген тұтқалар және отырғыштар;

- жолаушыларға арналған креслолардың отырғыштары мен арқалықтарының таза және жыртықсыз тыстары;

- тегiс, шығыңқы жерлерi немесе бекiтiлмеген бөлшектерi жоқ баспалдақтарымен салонның еденi. Салон еденiнiң жамылғысы жыртықсыз материалдан жасалуы тиiс;

- шаңнан, кiрден, бояудан және олар арқылы көрудi төмендететiн өзге де заттардан тазартылған терезелердiң мөлдiр шынылары. Терезе ойығын ақпараттық немесе жарнамалық материалдармен 30 %-дан артық жабуға тыйым салынады;

- жылдың суық мезгiлiнде жылытылатын және ыстық мезгiлiнде желдетiлетiн, құрал-сайман және қосалқы бөлшектер тиелмеген жолаушылар салоны.

10. Жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау кезінде пайдаланылатын автобустардың салондарын ылғалды жинау ауысымда кемінде екі рет ластану шамасы бойынша жүргізіледі.

11. Сыртқы кузовты жуу аусымнан кейiн өткізіледі.

12. Балаларды тасымалдауға арналған автобустардың алдында және артында «Балаларды тасымалдау» деген айырым белгiлері мен сары түсті жылтыр шағын маякорнатылады. Жазу қара түспен жазылып (шрифтың биiктiгi 120 мм) тiк төрт бұрышты қоршамаға салынады. Санитарлық паспортымен жабдықталған болуы тиіс.

4. Балаларды тасымалдау тәртiбi

13. Балаларды тасымалдау техникалық жағдайы автомобиль көлiгiмен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидасының талаптарына жауап беретін, кемiнде екi есiгi бар автобустармен жүзеге асырылады.

14. Балалардың тасымалдауын ұйымдастыру кезiнде тасымалдаушы, немесе ұқсас қызмет көрсету мүмкіндігі ұсынылған жағдайда тасымалдаушының функцияларын дербес орындайтынтапсырыс берушіаудандардың жергiлiктi атқарушы органдар мен мектеп әкімшілігімен бiрлесе отырып маршруттарды және балалардың мiнiп түсуiне оңтайлы орындарды белгiлейдi.

15. Автобусты күтіп тұрған балаларға арналған алаңшалар, олардың жүріс бөлігіне шығуын болдырмайтындай жеткілікті үлкен болуы тиіс. Алаңдар жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдау маршруттарының аялдама пункттерінен бөлек орналасуы тиіс.

16. Балалардың тасымалын ұйымдастырушы үнемi (айына 1 реттен кем емес) балалардың мiнiп түсетiн орындарының жағдайын тексереді.

17. Егер балаларды қараңғы уақытта тасымалдаған жағдайда алаңдар жасанды жарықтандырғыш қондырғылармен жабдықталуы тиiс.

18. Күз-қыс айларында алаңдар балшықтан, қардан, мұздан тазартылуы қажет.

19. Балаларды түнгi уақытта (кешкi 22-ден таңғы сағат 6-ға дейiн), сондай-ақ тұманда, көктайғақта немесе басқа да қолайсыз жағдайларда тасымалдауға рұқсат етiлмейдi.

№2 қосымша. Оқушыларды тасымалдау бағытының сызбасы (Жүктеу)

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50