Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 

   № ________                                                         «___»______________2015 жыл

Жастар практикасын ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына және 18-2 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі жиырма тоғыз жастан аспаған, орта білімнен кейінгі, жоғары техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының түлектерін жұмысқа орналастыру үшін жастар практикасын ұйымдастырсын.
  2. Жастар практикасына жолданған адамдардың еңбекақысы жергілікті бюджет қаржысы есебінен айына он сегіз айлық есептік көрсеткіш көлемінде жүзеге асырылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиеваға жүктелсін.
  4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                                 Е.Омаров

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50