Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ
АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ ӘКІМДІГІ

 № ________                                                         «___»______________2015 жыл

Жастар практикасын ұйымдастыру
және қаржыландыру туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 7 бабының 5-7) тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

        1. Ақтөбе қаласында уақытша жұмыс орындарын құру арқылы, техникалық және кәсіптік білім беру, орта білімнен кейінгі, жоғары білім беру ұйымдарының жиырма тоғыз жастан аспаған түлектері қатарындағы жұмыссыз азаматтар үшін, меншік түріне қарамастан жұмысберушілерде жастар практикасы ұйымдастырылсын.

       2. Жастар практикасына жолданған адамдардың еңбекақысы жергілікті

бюджет қаржысы есебінен айына он сегіз айлық есептік көрсеткіш көлемінде жүзеге асырылсын.

        3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиеваға жүктелсін.

        4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                                Е.Омаров

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50