Қазақша   Русский

RSS-лента

Проект

Қазақстан Республикасының2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы № 413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 163, 164 баптарына және Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңы 3 бабының 4 тармағынасәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:


1. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттікмекемесінің ережесі бекітілсін.
2.Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.
3.Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі           Е.Омаров

Проект

Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2015 жылғы «__»______
№ ___қаулысымен
Бекітілді

«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы
бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – экономикалық және бюджеттік жоспарлау, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық және бюджеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлеуді үйлестіру, бюджетті орындау саласында (салаларында) басшылықты, қалалық коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
3. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
4. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
5. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесізаңнамаға сәйкес уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
6. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
7.«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бекітіледі.
8. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, 030006, Ақтөбе облысы,Ақтөбе қаласы, Ахтанов көшесі, 50.
9. Бөлімнің толық атауы – «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
10. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
11. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
12. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

2. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері

13.«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы – бұлқаланың бәсекеге қабілеттілігін жаңа сапалы деңгейіне жетуге, әлеуметтік-экономикалық тұрақты өсуінеықпал ететінәлеуметтік – экономикалық саясатты, экономикалық және бюджеттік жоспарлау жүйелеріндетұтастықты, тиімділікті, бюджеттің орындалуы және коммуналдық меншікті басқару саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
14. Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) Ақтөбе қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі бағыттарын қалыптастыру;
2) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму басымдықтарымен бюджеттік және инвестициялық саясатты өзара әрекеттесуін жүзеге асыру;
3) мемлекеттік бюджеттің теңгерімділігін қамтамасыз ету;
4) бюджеттік заңнамаға сәйкес перспективалы бюджеттік жоспарлау;
5) бюджет шығыстарын әлеуметтік-экономикалық дамудың басымды бағыттарына шоғырландыру;
6) бюджет қаржыларын пайдалану тиімділігін арттыру және «бюджеттік масылдықты» қысқарту;
7) жергілікті бюджеттің орындалу процесін жетілдіру;
8) мемлекеттік коммуналдық меншікті тиімді басқаруды қамтамасыз ету.
15. Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары:
1) заңнамамен белгіленген мерзімде қаланың әлеуметтік-экономикалық болжамын кезең-кезеңмен әзірлеу;
2) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын жүзеге асыруды әзірлеу, түзету облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органымен келісу және қала әкімдігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз ету;
3) қаланың аумағын дамыту бағдарламасын және іс-шаралар жоспарын іске асыру бойынша есепті дайындау, облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органға бағдарламаны іске асыру барысы туралы жиынтық есепті белгіленген мерзімде ұсыну және қала әкімдігінің веб-порталында орналастыруды қамтамасыз ету;
4) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму болжамы есебімен бюджет түсімдерін жоспарлау;
5) үш жылдық кезеңге базалық шығыстар мен жаңа бастама шығыстары үшінбюджеттің шығыс лимиттерін қалыптастыру және оларды бюджеттік бағдарлама әкімшілеріне жеткізу;
6) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларында көрсетілген көрсеткіштерді мемлекеттік органның ережесінде белгіленген құзырына сәйкестігін қарау;
7) үш жылдық кезеңге бюджеттік өтінімдерді өтіп кеткен нақтылау, заңнама өзгерістері, бағдарламалық құжаттары, коммуналдық шығыстарға тарифтер өсімі мен инфляция бойынша шығыстарды индексациялау есебімен қарау және жинақтау;
8) үш жылдық кезеңге қала бюджеті жобасын әзірлеу мен оны бюджеттік комиссияның қарауына енгізу;
9) жоспарлы кезеңге қала бюджетін бекіту және нақтылау жөніндегі қалалық мәслихат шешімін жүзеге асыру туралы қала әкімдігі қаулысының жобасын әзірлеу;
10) бюджеттік заңнама талаптарына сәйкес және бар көздер есебімен шығыстар лимитін ұлғайту бойынша қажеттіліктерді қалыптастыру және ұсыныстарды дайындау;
11) қала бюджетін нақтылау (түзету) бойынша ұсыныстар енгізу;
12) өзгерістер мен толықтырулар есебімен мемлекеттік органдардың бюджеттік бағдарламалары туралы қалалық әкімдіктің қаулы жобасын қарау мен келісу;
13) азаматтық бюджетті әзірлеу, нақтылау және қала әкімінің веб-порталына орналастыру;
14) атқарушы билік органдарының құрылымдарын және өзара әрекетін жетілдіру бойынша ұсыныстарыды әзірлеу;
15) жергілікті атқарушы органдарының құрылымын және штаттық кестесін келісу;
16) стратегиялық және бағдарламалық құжаттармен белгіленген экономикалық мақсаттылыққа,жоба мақсатын саланың даму басымдылықтарына сәйкестігіне бюджеттік инвестициялық жобалардың технико-экономикалық негіздемесін (түзету) әзірлеуге бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің инвестициялық ұсыныстарын қарау;
17) бюджеттік инвестициялық жобалардың тізімін қалыптастыру, әзірлеу немесе түзету, сонымен қатар сәйкес үлестірілетін бюджеттік бағдарламалар қаражысы есебінен жүзеге асырылатынқажетт технико-экономикалық негіздеме сараптамасын әзірлеу;
18) әзірленетін немесе түзетілетін бюджеттік инвестициялық жобалар тізімін бекіту туралы қала әкімдігінің қаулысы жобасын әзірлеу, сонымен қатар бюджеттік инвестициялық жобаларға технико-экономикалық негіздемелергеқажетті сараптама өткізу;
19) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің технико-экономикалық негіздеме әзірлеуді қажет етпейтін бюджеттік инвестициялық жобалар бойынша инвестициялық ұсыныстарды қарау, қалалық бюджеттік комиссияда қарау үшінолар бойынша экономикалық қорытынды дайындау;
20) басымды бюджеттік инвестициялар тізімін құру шегінде қалалық бюджеттік комиссия қарауына бюджеттік инвестициялар жобасын енгізу;
21) бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің бюджеттік инвестициялық жобаларын қаржыменқамтылуын, растайтын құжаттардың түгелдігін қарау және бюджеттік инвестициялық жобалардың экономикалық қорытындысы есебімен олар бойынша қорытындынықалалық бюджеттік комиссия қарауына енгізу;
22) облыстың бюджеттік жоспарлау бойынша органға бюджеттік инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мониторингі, жоспар-кестесі бойынша есепті ұсыну;
23) республикалық және жергілікті бюджетесебінен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындар бойынша мемлекеттік және азаматтық қызметкерлер саны және еңбекақы қоры бойынша мониторинг өткізу;
24)бюджетті нақтылау мен түзетудің қорытындысы бойынша бюджеттің кіріс және шығыс бөлігіне мониторинг өткізу;
25) республикалық және облыстық бюджеттің трансферттеріне мониторинг өткізу;
26) бақылаушы органдармен жоспарлы және тематикалық бақылауды жүзеге асыру үшін материалдарды дайындау және ұсыну;
27) бюджеттік заңнаманың заңнама актілері мен нормативтері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне және олардың ведомстволарына қарасты ұйымдарға әдістемелік көмек көрсету;
28) жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдарқұрылымы мен мемлекеттік қызметшілердің санаты және саны бойынша ақпаратты облыстың бюджеттік жоспарлаубойынша өкілетті органына белгіленген мерзімде ұсыну;
29) облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға белгіленген мерзімде жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік органдардың техникалық қызмет көрсететінжәне қызметін қамтамасыз ететін қызметкерлердің санаты, лауазымы мен дәрежелері жөнінде ақпараттар ұсыну;
30) облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға белгіленген мерзімде қала бюджетіндегікоммуналдық төлемдер, республикалық трансферттерді бөлу және ағымдағы шығыстар бойынша ақпараттар ұсыну;
31) экономика секторында қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштеріне талдау және мониторинг жүргізу;
32) кеңесте, облыс және қала әкімінің отырыстарына қала әкіміне, жетекшілік ететін әкімнің орынбасарына қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері жөнінде материалдарды дайындау және ұсыну;
33) концессияға тапсырылуы мүмкін нысандар бойынша ұсыныстар жинау және облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органға ұсыну, концессиялық жобаларды жүзеге асыру мониторингін жүргізу;
34) қала әкімінің негізгі және көмекші көрсеткіштері рейтингісінің орындалуына талдау жүргізу, бөлім жұмыстарын үйлестіру және қалалық бағдарлама әкімшілерінің жұмыстарын жақсарту бойынша ұсыныстар енгізу;
35) қаланың әлеуметтік-экономикалық даму төлқұжатын әзірлеу;
36) облыстың мемлекеттік жоспарлау бойынша өкілетті органына реттелмелі салықтық төлемдері бойынша бюджет кірісіне түсетін болжам мәселесі бойынша ұсыныстар дайындау;
37) қала бюджетін толықтыру резервін көздерін анықтау және салық салу базасынкеңейту бойынша іс-шаралар жоспарын әзірлеу;
38) белгіленген мерзімде экономикалық мәселелер бойынша қала әкімінің орынбасарымен өтетінсалық салу базасын кеңейту бойынша комиссия отырысына, облыстың бюджетті жоспарлау бойынша өкілетті органына комиссия жұмысы туралы ақпараттар дайындау;
39) бюджетке түскен нақты кіріс түсімдері бойынша күн сайынғы ақпаратты өңдеу;
40) әкімге және жетекшілік ететін қала әкімінің орынбасарына талдау және ақпарат дайындау үшін нақты кіріс түсімдері базасын қалыптастыру;
41) кірістер мен шығыстардың қаржылық-бюджеттік болжау тәртібін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
42) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша қала әкімінің және әкімдіктің нормативті құқықтық актілері жобасын әзірлеу және келісу;
43) бюджеттің орындалуы саласының, қала бюджетінің орындалуы бойынша бухгалтерлік есепті жүргізу, бюджеттік есеп және бюджеттік есеп беру, қалалық коммуналдық мүлікті, соның ішінде мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мемлекеттік акция пакеттерін, жарғылық капиталында мемлекеттік қатысу үлестерін басқарусаласындағы құзырлы орган болып табылады;
44) Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне және бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына сәйкес, түсімдер және төлемдер мен міндеттемелер бойынша қаржыландыру жиынтық жоспарын әзірлейді;
45) қаржыландыру жоспары бойынша әрбір айларға бөлінген жылдық сомаларға талдау мен бағалау жүргізу арқылы бюджеттің орындалу мониторингін жүзеге асырады, бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына енгізген өзгерістерінің негізділін қарап, қаржыландыру жоспарларының орындалмау себептерін анықтау, белгіленген уақытта қала бюджетінің орындалу туралы есебін әзірлейді;
46) бюджеттің орындалуы бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіру;
47) өткен қаржы жылына қалалық бюджеттің орындалуы туралы есеп әзірлеу және оны қаланың жергілікті өкілді органының қарауына енгізу;
48) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізген өтінімдерін қарау, түсімдер жиынтық жоспарына, төлемдер және міндеттемелер бойынша жиынтық жоспарларға өзгерістер мен толықтырулар енгізеді;
49) Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасының әрбір бюджеттік бағдарламасы және әрбір ай бойынша қалалық мемлекеттік мекемелердің жеке қаржыландыру жоспарларын төлемдер және міндеттемелер бойынша барлық жеке қаржыландыру жоспарының жиынтық сомасын түсімдердің жиынтықжоспары және төлемдер мен міндеттемелер жиынтық қаржыландыру жоспарының сомасына сәйкестігін тексеруді жүргізеді;
50) мемлекеттік мекемелердің билігінде қалған тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан алатын қаржылай түсімдері мен шығындары, демеушілік, қайырымдылық көмектен түскен түсімдер мен шығындар туралы жоспарларының бюджеттік қаржылары бойынша қаржылық жоспарларының орындалуы туралы қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің есептерін қабылдау және тексеруді жүзеге асырады;
51) жоспарлы кезеңге төлемдердің уақытылығын және толықтығын қамтамасыз ету үшін ақшалар ағынының болжамын жасайды;
52) жоғары тұрған бюджеттерден түскен нысаналы трансферттер есебінжүргізеді, республикалық және облыстық нысаналы трансферттердің пайдаланылуы туралы есеп жасайды;
53) облыстың бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органына ағымдағы нысаналы трансферттердің, несиелер және дамуға нысаналы трансферттердің іске асырылуы мониторингісінің қорытындылары туралы есеп жасайды;
54) жоғары тұрған бюджеттерден түскен несиелер мен қарыздарды есепке алуды жүзеге асырады, олар бойынша жоғары тұрған бюджетке несиелерді, қарыздарды және сыйақыларды қайтаруды жүзеге асырады;
55) өткен қаржы жылында толық пайдаланылмаған нысаналы трансферттерді жоғары тұрған бюджетке қайтаруды жүзеге асырады;
56) қаланың бағдарлама әкімшілерінің қалыптасқан кредиторлық және дебиторлық берешектерін есепке алады және талдауды жүзеге асырады, белгіленген нысан бойынша жедел және нақтыланған есептерді жасайды;
57) бюджеттік бағдарламалар әкімшілері ұсынған мемлекеттік мекемелердің тауарларды, (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен түсімдер мен шығындар қаржысының жиынтық жоспарын келісімдейді;
58) қалалық бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік мекемелердің тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сатудан түскен қаржыларыныңкірістеріменшығыстарыныңнегізгі жоспарынан құралған белгіленген нысанда қайырымдылық көмек, демеушілік, ақылы қызметтерге қолма қол ақшалардың бақылау шоттарын ашуға өтінімді қазынашылықтың аумақтық бөліміне ұсынады;
59) корпоративтік есеп карточкасын қолданумен есеп өткізу үшін ұлттық валютада ағымдағы шот ашуға мемлекеттік мекемелерге рұқсаттама береді;
60) облыстың бюджеттің орындалуы бойынша өкілетті органына бюджет мониторингінің нәтижелері бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілері есептерінің негізінде бюджеттің орындалуы туралы аналитикалық есепті белгіленген мерзімде қалыптастырады және ұсынады;
61) қала бюджетіне салықтық және басқа міндетті төлемдерді алуға жауапты уәкілетті орган қалыптастыратын есепті деректері негізінде қала бюджетінің кіріс бөлігіне белгіленген мерзімде талдауды жүзеге асырады;
62) бюджет қаражаттарын басқару бойынша облыстық бюджеттен, республикалық маңызы бар қаланың, астананың бюджеттерінен қаржыландырылатын аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдарының қызметінің тиімділігін бағалау Әдістемесіне сәйкес, қаланың жергілікті атқарушы органының бюджеттік даму бағдарламалары бойынша бюджеттік қаражаттарды басқару бойынша мемлекеттік органдар қызметінің тиімділілін бағалауды жүзеге асыру үшін сенімді және толық ақпарат ұсынуды жүзеге асырады;
63) белгіленген мерзімде қаланың жергілікті өкілді органына, облыстың тексеру комиссиясына, облыстың бюджеттің орындалуы бойынша және ішкі бақылау бойынша уәкілетті органдарға қала бюджетінің орындалуы туралы есепті ұсынады;
64) әкімшілендірілетін төлемдер бойынша қала бюджетіне артық (қате) төленген сомаларды қайтаруды немесе аударуды жүзеге асырады;
65) бюджеттік заңмамамен белгіленген бюджет есептемесінің басқа да түрлерін жасайды;
66) қала әкімдігінің резервінің қаражаттарының пайдалану есебін жүргізеді және тиісті кезеңге резервтің пайдаланылуы мен қалдықтары туралы ақпаратты облыстың бюджетті орындау бойынша уәкілетті органға ай сайын жібереді;
67) қала әкімінің резервінде қарастырылған қаражаттарды бөлу мүмкіндігі немесе мүмкін еместігі туралы қаулылардың жобаларына қорытынды дайындайды;
68) акционерлердің, қатысушылардың жылдық жалпы жиналысын өткізу кезінде таза табыстың 50 (елу) пайыздан кем болмайтын қатысу үлесінен дивидендтерге және кіріске бағыттау және оларды уақытында аудару үшін барлық қажетті шараларды қабылдауды қамтамасыз етеді;
69) мекеме қызметін қамтамасыз ету үшін тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырады;
70) қалалық коммуналдық мүлікті басқару, соның ішінде мемлекеттік емес заңды тұлғалардың мемлекеттік акция пакеттері, жарғылық капиталында мемлекеттік қатысу үлесі бойынша уәкілетті орган болып табылады;
71) мекеменің құзырына кіретін мәселелер бойынша мемлекеттің мүддесіне өкілдік етеді, оның мүлктік құқығын қорғауды іске асырады;
72) қалалық коммуналдық меншікті басқаруды жүзеге асырады;
73) қалалық коммуналдық заңды тұлғаларға қалалық коммуналдық мүлікті бекітеді;
74) мемлекеттік мүлік Тізілімінде көрсету үшін коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорынан басқа) есепке алуды ұйымдастырады, оның тиімді пайдаланылуын қамтамасыз етеді;
75) тиісті саланың уәкілетті органымен келісім бойынша қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың меншік шаруашылық қызмет нәтижесінде берілген, сатып алынған артық, пайдаланылмайтын немесе мақсаты бойынша пайдаланылмайтын мүлігін айыруға (алуға) немесе қайта бөлуге шешім қабылдайды және жүзеге асырады;
76) заңнамамен қарастырылған жағдайларда коммуналдық заңды тұлғаларға мүліктік құқықтарды жүзеге асыруға келісім береді;
77) заңнамамен белгіленген тәртіпте мемлекеттік мекемелер мен кәсіпорындардың мүлігін есептен шығаруды келісімдейді;
78) қала әкімдігінің шешімі бойынша акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің құрылтайшысы болады, мемлекеттің қатысумен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың акцияларының мемлекеттік пакеттерімен және мемлекеттік үлестерін басқарады;
79) Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңымен бекітілген мәселелер тізбесі бойынша қала әкімдігі тұлғасында мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) акционерлерінің (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің қатысушыларының) жалпы жиналыстарында қабылдау үшін ұсынылатын шешімдер жобаларын келісімдейді;
80) қала әкімдігінің шешімі бойынша қалалық коммуналдық мүлікті, соның ішінде акцияларды, жарғылық капиталда қатысу үлестерін, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Бюджет кодексіне сәйкес қала әкімдігі тұлғасында қалалық коммуналдық кәсіпорындардың, мемлекет қатысуымен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталына немесе қала әкімдігі тұлғасында мемлекеттің қатысуымен акционерлік қоғамдардың акциялар төлеміне беруді жүзеге асырады;
81) қала әкімдігінің шешімі бойынша қалалық коммуналдық мүліктің құрамына акционерлік қоғамдардың акцияларын және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерін сатып алуды жүзеге асырады;
82)мемлекеттік кәсіпорындардың дамыту жоспарын әзірлеу бойынша әдістемелік қамтамасыз ету және мемлекеттік мүліктерді басқару тиімділігін бағалау;
83) мүлікті қабылдау туралы шешім қабылдайды (заңды тұлғалардың мүліктік кешендерінен, акционерлік қоғамдардың акцияларынан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестеріненбасқа) және Қазақстан Республикасының мемлекеттік мүлік туралы заңнамасымен қарастырылған негіздемелер бойынша қалалық коммуналдық мүліктің құрамына мүлікті қабылдауды ұйымдастырады;
84) облыстық коммуналдық мүлік деңгейіне қалалық коммуналдық мүлікті беру туралы шешім қабылдайды (қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерінен, акционерлік қоғамдардың акцияларынан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестерінен басқа);
85) қалалық коммуналдық мүлікті пайдалану туралы шешім қабылдайды (қалалық коммуналдық заңды тұлғалардың мүліктік кешендерінен, акционерлік қоғамдардың акцияларынан және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің жарғылық капиталында қатысу үлестеріненбасқа), соның ішінде оны өтеусіз пайдалануға, мүліктік жалға (жалдауға беру), сенімгерлік басқаруға беру туралы;
86) қала әкімдігінің шешімі бойынша қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіруді жүзеге асырады (тұрғын үй қорынан басқа), соның ішінде жекешелендірудің талаптарын, нысанын және түрін анықтайды, жекешелендіру нысанын бағалауды қамтамасыз етеді, сауда-саттықты ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге асырады;
87) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша сауда-саттықты өткізу туралы хабарландыруды жариялау үшін мерзімді басылым шығарылымын анықтау бойынша Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес конкурс өткізеді;
88) қалалық коммуналдық мүлікті (тұрғын үй қорынан басқа) сатып алу құқығынсыз, сатып алу құқығымен немесе шағын кәсіпкерлік субъектілеріне өтеусіз негізде меншікке әрі қарай беру құқығымен жеке және мемлекеттік емес заңды тұлғаларға өтеусіз пайдалануға, мүліктік жалға (жалдауға), сенімгерлік басқаруға береді;
89) сатып алу-сату, өтеусіз пайдалану, мүліктік жалға беру (жалдауға беру), сенімгерлік басқару шарттарын жасайды және шарттар талаптарын сақтауға, соның ішінде сенімді басқарушыларды тыңдау жолымен бақылауды жүзеге асырады (тұрғын үй қорынан басқа);
90) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте мұрагерлік құқығымен мемлекетке ауысқан, иесіз мүлік деп танылған, коммуналдық меншікке айналған (түскен) мүлікті, сонымен қатар Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте коммуналдық меншікке өтеусіз ауысқан мұрагері жоқ мүлікті, табылған заттарды, иесіз жануарларды қалалық коммуналдық меншікке (тұрғын үй қорынан басқа) есепке алуды, сақтауды, бағалауды және әрі қарай пайдалануды ұйымдастырады;
91) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да қызметтерді жүзеге асырады.
16. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықғы:
1) өз құзыры шегінде мекемеге жүктелген функциялар мен міндеттерді жүзеге асыру үшін мемлекеттік органдардан, мемлекеттің қатысуымен заңды тұлғадан және басқа мекемеден және жеке тұлғадан қажетті ақпараттарды және құжаттарды сұратуға және алу;
2) Бөлімнің құзырына кіретін мәселелер бойынша Ақтөбе қаласының әкіміне ұсыныс жасау;
3) Бөлім құзырындағы мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте әкімдік қаулыларының, әкімнің шешімдері мен өкімдерінің және мәслихат шешімдерінің жобаларын ұсыну;
4) басқа да атқарушы билік органдарының, кәсіпорындардың, ұйымдардың, мекемелердің басшылары мен мамандарын тарта отырып, оның құзырына жататын мәселелер бойынша белгіленген тәртіпте кеңеске қатысу, шақыру;
5) өз құзыры шегінде мемлекеттің қатысуымен ұйымдар құру, қайта құру, тарату мәселесі бойынша ұсыныс жасау;
6) белгіленген тәртіпте бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің өтінімдерін,сонымен қатар бюджеттік бағдарлама әкімшілерінің қаржыландыру жоспарларына өзгерістер енгізу жөніндегі өтінімдерін қабылдамау,
7) өз құзыретінің шегінде қалалық коммуналдық мүлікті, соның ішінде мемлекеттік емес заңды тұлғалардың акцияларының (үлестерінің) мемлекеттік пакеттерін иелену, пайдалану және басқару;
8) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша нормативтік құқықтық және құқықтық актілердің жобаларын жасау;
9) қалалық бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінен бухгалтерлік, қаржылық және мекеменің құзыретіне кіретін басқа да мәселелер бойынша бюджеттің жоспарын және орындалуын ұйымдастыру, коммуналдық мүлікті басқару үшін қажетті ақпаратты сұрату және алу;
10) заңды және жеке тұлғаларға берілген қалалық коммуналдық меншік мүлігін тиімді пайдалануына бақылауды жүзеге асыру (тұрғын үй қорынан басқа);
11) белгіленген заң тәртібінде қаланың мемлекеттік коммуналдық меншік қатысымдыұйымдардыңбухгалтерлік және басқа да қаржылық құжаттардың сәйкестігін және материялдық құндылықтардың нақты бар болуын тексеру, сонымен қатар түгендеу мәселесі бойынша лауазымды тұлғалардан және басқа да қызметкерлерден жазбаша түсіндірмелер алу;
12) анықталған бұзушылықтарды жою, келтірілген шығынды өтеу жөнінде заңмен белгіленген тәртіпте шаралар алуға;
13) қаланың мемлекеттік коммуналдық меншігін басқаруға байланысты қаланың мемлекеттік коммуналдық меншігін ұрлау және өзге де құқық бұзушылықтар деректері жөніндегі материалдарды тексеру органдарына жолдау;
14) қалалық коммуналдық меншікке қатыстырылған мемлекеттің қатысумен мемлекеттік емес заңды тұлғалардың басқару органдарының қызметіне қатысу;
15) қалалық коммуналдық мүлікті жекешелендіру бойынша саудаларды заңнамаға сәйкес өткізу;
16) жеке және заңды тұлғалармен шарттар жасауға, олар бойынша өзара міндеттердің талаптары мен сипатын анықтау;
17) сатып алу-сату, мүліктік жалға беру (жалдауға беру), сенімгерлік басқару, уақытша өтеусіз пайдалануға беру және қалалық коммуналдық меншіктің мүлігін басқаруға қатысты шарттары бойынша міндеттердің орындалуын тексеру (тұрғын үй қорынан басқа);
18) арнайы білімдер мен қабілеттерді қажет ететін мәселелерді зерделеуге, кеңестер алу үшін кеңесшілерді (тәуелсіз сарапшыларды) тарту;
19) мекеменің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының соттарында мемлекеттің мүддесін ұсыну;
20) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да құқықтарды жүзеге асыру.
17. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі:
1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;
2) белгіленген тәртіпте салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;
3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілкте болуға міндетті.

3. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

18.«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
19. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесініңбірінші басшысын қала әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
20. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.
21. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысының өкiлеттiгi:
1) мекеме атынан сенімхатсыз әрекет жасайды;
2) жұмысты ұйымдастырады және басқарады,мекемеге жүктелген міндеттерді орындағанына және ол өзінің функциясын іске асырғанына жеке дара жауапкершілікте болады;
3) барлық ұйымдарда мекеменің мүддесін ұсынады;
4) шарттар жасайды, сенімхаттар береді;
5) заңнамада белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікпен билік етеді;
6) сыбайлас-жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар қабылдайды және оған дербес жауапкершілік тартады;
7) құрылымдық бөлімшелердің басшыларының өкілеттілігі мен міндеттерін анықтайды, мекеме қызметкерлерінің лауазымдық құрылымдарын бекітеді;
8) заңнамаға сәйкес мекеменің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және босатады.
9) заңнамамен белгіленген тәртіпте мекеменің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады және мадақтайды;
10) барлық қызметкерлерге міндетті түрде орындау үшін тапсырма береді және бұйрыққа қол қояды.
11) ісапарлар, іс тәжірибелер, қызметкерлерді қазақстандық және шетелдік оқу орталықтарында оқыту және қызметкерлердің басқа да біліктілігін көтеру түрлері бойынша мекеменің жоспарларын және тәртібін бекітеді;
12) банк шоттарын ашады;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін басқа да өкілеттілікті жүзеге асырады.
«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкiлеттiктерiн қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
22. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес анықтайды.

4. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі

23. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.
«Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесініңмүлкi оған мүлік иесі берген мүлiк есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қалыптастырылады.
24. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік мемлекеттік коммуналдық меншікке жатады.
25. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

5. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесінқайта ұйымдастыру және тарату

26. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50