Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148   «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан  Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексінің 19-1 бабыңың 1 тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына, Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 наурыздағы №77 «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын бекіту туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. 2014 жылдың 23 желтоқсанындағы Ақтөбе қалалық мәслихатының №284 «Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (2015 жылдың 27 қаңтарында нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу реестрінде №4182 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтардағы «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін:
  2. Ақтөбе қаласында коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жиналу мөлшерлері бекітілсін (қосымшаға сәйкес).

          мәслихат шешімінің қосымшасына келесі нысандардың атаулары қосылсын:

13. спорттық, би және ойын залдары;

15. көліктен сауда жасау;

20. тұрмыстық үйлер: халыққа қызмет көрсету;

22. жағажайлар;

28. кір жуатын орындар, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі;

30. майда жөндеу және қызмет көрсету (кілттер жасау және т.б.);

32. қала аумағында бұқаралық іс-шаралар ұйымдастыратын заңды тұлғалар;

33. бау-бақша кооперативтері;

3.   Осы шешім оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалақ мәслихаты                                  Ақтөбе қалалық  

сессиясының төрайымы                                           мәслихатының хатшысы

                                              

                        С.Құрманбаева                                                С.Шынтасова

Жобаны ұсынушы:

«Ақтөбе қалалық тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылық,

жолаушы көлігі және автомобиль

жолдары бөлімі» ММ басшысы                                                          Н.Алдияров

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50