Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы №212 Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1)тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1.Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсандағы №284
«Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4182 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қантарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
шешімінің кіріспесіндегі « және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 22 қарашадағы №1370 «Коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгі қағидаларын» бекіту туралы Қаулысына» сөздері «Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына» сөздеріне ауыстырылсын;
жоғарыда көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2.Осы шешім оны алғашқы ресми жариялған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалақ мәслихаты сессиясының төрайымы С.Құрманбаева
Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.Шынтасова

Жобаны ұсынушы:
«Ақтөбе қалалық тұрғын
үй-коммуналдық шаруашылық,
жолаушы көлігі және автомобиль
жолдары бөлімі» ММ басшысы Н.Алдияров

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50