Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.

4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                                    Б.Сағын

Жоба

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ___________

№_____ қаулысымен

бекітілген

«Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және

автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі – (әрі қарай - Бөлім) жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. Бөлім ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. Бөлім өз атынан азаматтық – құқықтық қарым-қатынастар жаайды.

5. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

6. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түріндегі актілерді шығарады.

7. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.

8. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 4а, пошталық индексі 030007.

9. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

10. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

11. Бөлімнің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.

12. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. Міндеттемелік келісім-шарттар міндеттер бойынша бөлім жауапкершілігі заңнамаға сәйкес бөлімді ұстауға арналып бекітілген смета шегінде болады.

14. Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерінорындау тұрғысында Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен   шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары

15. Бөлімнің миссиясы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары саласын мемлекеттік реттеу және ведомстволық бақылау, осы салалардағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуды ұймыдастыру болып табылады.

16. Міндеттері:

1) Автомобиль жолдарын және жолаушылар көлігі саласындағы (автомобиль жолдары мен тротуарларды, көпір құрылыстарын жөндеу, салу және қайта жаңғырту, қаланың көлік және инженерлік инфрақұрылымдарының басқа да объектілерін салу, қалаішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, осы салалардағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру);

2) «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық субъектілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік мүлік туралы заңына сәйкес шешімдер қабылдау.

17. Бөлім тапсырыс берушінің келесі қызметтерін атқарады және ММ балансында тұрған объектілерге бақылау жүргізеді:

  1. автомобиль жолдары мен жол құрылыстарының тротуарларын салу, жөндеу және қайта жағырту;
  2. Жол қоғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, ұстау және жөндеу;
  3. мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын бақылау;
  4. жер қазу жұмыстарын жүргізгеннен кейін көшелердің, алаңдардың және басқа да ортақ пайдаланатын жерлердің жол жабындарын қалпына келтіруге ведомствалық бақылау жасау;

5) жабын материалдарына қарамастан жолдар мен тротуарларды, жол құбырларын, арық желілерін күтіп-ұстау және оларды қайта жарақтандыру; жол жабындарын жетілдендірілгендерімен ауыстыру, көше магистральдарын ретке келтіру жұмыстары (тік өрлерді тегістеу, кеңейту, көлбейлету); жолаушылар көлігі аялдамаларын, такси, автомобиль тұрақтарын көркейту (павильондарды енгізе отырып);                                                                                                                          

6) алаңдар, көлік шоғырланған жерлер, жер асты жаяу жүргіншілер жолдары, стадиондарға, көрмелерге, жағажайларға және басқа қоғамдық орындарға кіретін жолдар мен жерлерді күтіп-ұстау мен оларды қайта жарақтандыру;

7) автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірлерді салу, жөндеу және қайта жаңғырту;

8) асфальт-бетон зауыттарының және темір-бетон өнімдері цехтарының жабдықтарын, сонымен бірге инертті материалдарды дайындау жөніндегі қондырғылар алу; асфальт-бетон зауыттарын күтіп-ұстау, оларды қайта жарақтандыру және кеңейту; елді-мекендерді көркейту үшін жергілікті рудалы емес құрылыс материалдарын өндіру жөнінде карьерлер ұйымдастыру;

9) құрылыс құрастыру жұмыстарының сапасына техникалық бақылауды іске асыру; жобалау жұмыстарын орындаған кезде инжинирингілік қызметтер;

10) жолаушылар көлігіне жалпы қолданыстағы автомобиль жолдарымен өтетін қаланың бағыттық желелеріне тікелей басқару мен ведомствовалық бақылауды іске асырады, тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

11) маршрут желілерін меңгеру, маршрут желілеріне жағдай жасау, тасымалдаушылармен, жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жол жамылғыларының жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеру және анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті органдарға ақпарат беру;

12) жолаушылар легінің өзгеруін ескеріп, жұмыс істеп тұрғын бағыттарды өзгертуге және жабуға, жаңадан ашуға ұсыныс әзірлеу;

13) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушылардың және басқа да көлік қызметін пайданушылардың мүдделерін қорғау;

14) Бөлімнің өкілеттігіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызметтер кіреді.

18. Ведомствоның функциялары:

1) жол қозғалысы қауіпсіздігін ұйымдастыру, соның ішінде:

2) жолдың жүріс бөлігінің таңбасы;

3) жол қозғалысын реттейтін техникалық заттарды қамту;

4) жолаушылар автокөлік павильондарын және аялдамаларын күту, оны жөндеу.

19. Құқықтары мен міндеттері:

1) қаланың мемлекеттік мекемелерінің қарамағындағы ақпараттық материалдарды пайдалану;

2) Бөлімнің қарауына жатқызылатын мәселелер бойынша мемлекеттік және басқа шұйымдармен қызмет бабындағы хат алмасуды жүргізу;

3) мүдделі мемлекеттік органдармен бірге Бөлімнің актілерінің жобаларын келісудің болуына бақылау және ол болмаған жағдайда тиісті жобаны келісу үшін қайтару;

4) Бөлімнің шешімін талап етпейтін мәселелер жөніндегі хат-хабарларды тиісті мемлекеттік органдарға жолдау және қайтару;

5) қала әкіміне және оның орынбасарларына есеп беретін мемлекеттік органдардың алқалы отырысына қатысу;

6) мердігерлік ұйымдардың лауазымды тұлғаларын қаралатын мәселелер бойынша түсіндірме беру үшін шақыру;

7) заңға сәйкес басқа да құқықтарды жүзеге асыру.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

20. Бөлім басшылықты бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша дербес жауапкершілік алатын басшы жүзеге асырады.

21. Бөлімнің басшысын заңнамаммен белгіленген тәртіпте қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

22. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

23. Бөлім басшысы:

1) штаттық кестеге сәйкес Бөлімнің және секторлардың құрылымын бекітеді;

2) өзінің орынбасарлары мен Бөлім секторлары меңгерушілерінің міндеттерін және өкілеттіліктерін белгілейді;

3) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және атқарып отырған қызметінен босатады;

4) белгіленген заңды тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

5) өзінің құзыреті шегінде Бөлім қызметкерлерімен орындалуға тиісті бұйрықтарды шығарады;

6) Бөлімнің секторлары туралы Ережені бекітеді;

7) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;

8) қызметкерлердің іссапарлары, сынақтан өтуі, біліктілігін арттырудың түрлері бойынша Бөлімнің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

9) бөлімді ұстауға арналған сметаны (шығындар жоспарын) бекітеді;

10) бөлімге берілген мүліктің тиімді пайдаланылуына және сақталуына бақылау жасайды;

11) Мемлекеттік орган атынан сенімхатсыз жұмыс істейді;

12) келісім-шарттар жасасады, сенімхат береді;

13) банк шоттарын ашады;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді іске асырады.

24. Өзара қарым-қатынастар Бөлім әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасында жүзеге асырылады.

Бөлім басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

25. Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшысымен басқарылады.

4. Бөлімнің мүлкі

26. Бөлімнің оқшауланған мүлікті жедел басқару басқару құқығы бар.

Бөлім мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сондай-ақ құны Бөлім балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

27. «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ мемлекеттік мүлікті басқару бойынша уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ болып табылады.

28. Бөлімге бекітіліп берілген қалалық әкімшілік–аумақтық бірлік мүлігі есебінен құрылған мүліктер коммуналдық меншікке жатады.

29. Бөлімнің оған бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе өзге тәсілмен жұмсауға құқығы жоқ.

30.Бөлімге мүлікке билік ету құқы берілуі мүмкін. Осы мақсатта бөлім билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері заңнамамен белгіленеді.

31.Бөлім таратылған жағдайда мүлік және ақшалай қаражат құрылтайшының шешімі бойынша пайдаланылады.

4. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

32. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50