Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобильжолдары бөлімі» «Ақтөбе қаласыныңтұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.

2. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе қаласыныңтұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.

4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                                    Б.Сағын

Жоба

       

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ___________

№_____ қаулысымен

бекітілген

                                     

«Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің

ережесі

1. Жалпы ережелер

1. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі – (әрі қарай - Бөлім) тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. Бөлімнің ведомствосы бар: шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорыны.

3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

4. Бөлім ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы мөрі және мөртабандары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

5. Бөлім өз атынан азаматтық – құқықтық қарым-қатынастар жасайды.

6. Бөлім егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса болса, мемлекеттің атынан азаматтық – құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. Бөлім өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен бұйрықтар түріндегі актілерді шығарады.

8. Бөлімнің құрылымы мен штаттық санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес қала әкімдігімен бекітіледі.

9. Бөлімнің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қаласы, Маресьев көшесі 4а, пошталық индексі 030007.

10. Мемлекеттік органның толық атауы: «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.

12. Бөлімнің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.

13. Бөлім қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

14. Міндеттемелік келісім-шарттар міндеттер бойынша бөлім жауапкершілігі заңнамаға сәйкес бөлімді ұстауға арналып бекітілген смета шегінде болады.

15. Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерінорындау тұрғысында Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен   шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

2. Бөлімнің функциялары, негізгі міндеттері мен құқықтары

16. Бөлімнің миссиясы қала аумағын көркейту, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық саласын мемлекеттік реттеу және ведомстволық бақылау, осы салалардағы тауарлар мен қызметтерді сатып алуды ұймыдастыру болып табылады.

17. Міндеттері:

1) Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сыртқы көркейту саласындағы (көгалдандыру, су құбырлары, тазартқыш қондырғылар, электр беретін желілерді, тұрғын үй қорын қалыптастыру және оны қала аумағында бөлу мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарының орындалуын үйлестіру, осы салалардағы тауарлар, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру);

2) «Трансэнерго», «Ақбұлақ» акционерлік қоғамдарының акцияларының мемлекеттік пакетін және «Табыс Ақтөбе», «Таза Қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын, мемлекеттік заңды тұлғалардың құқықтық субъектілері, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік мүлік туралы заңына сәйкес шешімдер қабылдау.

18. Бөлім тапсырыс берушінің келесі қызметтерін атқарады және ММ балансында тұрған объектілерге бақылау жүргізеді:

  1. көшені және сәндік-қызметтік жарықтандыру желілерін күту және жөндеу;
  2. канализациялар, суағарлар желілерін ұстау және жөндеу;
  3. кюветтерді ұстау және жөндеу, арықтарды жөндеу;
  4. саябақтарды, скверлерді, бульварларды, гүлзарларды, фонтандарды күтіп ұстау;
  5. ескерткіштерді, скульптураларды, сынтастарды ұстау;
  6. қалалық қорымды және жерлеу жөніндегі арнайы бригадаларды күтіп ұстау;
  7. аншлагтарды, көше аттары мен нөмірлерін, естелік тақталарды және т.б. күтіп ұстау;
  8. қаланы мерекелік шараларға сәнді-жарықтық безендіру;
  9. қаланың даңғылдары мен көшелерін күту және көркейту, жүретін жолдарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолдарын және т.б. санитарлық тазалау;
  10. су тасқынына қарсы шаралар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, төтенше жағдайлар жағдайында жанар-жағар майлармен және инертті материалдармен қамтамасыз ету;
  11. мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын бақылау;
  12. заңдылықтың бұзылғанын көрсететін жағдайлар анықталған кезде құжаттар дайындау мен беруді тоқтату, тиісті органдарға тиісті емес мәліметтер берген азаматтар мен жауапты тұлғаларды белгіленген тәртіпте жауапкершілікке тарту туралы ұсыныстар жасау;
  13. өз құзырына жататын тұрғын үй мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастырады, түскен ұсыныстар мен өтініштерді қарайды және олар бойынша шешім қабылдау;
  14. коммуналдық қызметтерге (байланыс қызметтерінен басқа) жеке тұлғалардың ақы төлеу мәселелерінің мониторингін ұйымдастыру;
  15. тұрғын үй қорының жұмыстарын жағдайын қорытындылауды және талдау бойынша жұмыс жүргізу;
  16. тұрғын үй – коммуналдық шаруашылық мәселері бойынша жергілікті атқарушы органдар мен заң шығарушы органдарға ұсыныстар әзірлеу және талдау;
  17. тұрғын–үй коммуналдық шаруашылық мәселелелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға және заң шығарушы органдарға ұсыныстар әзірлеу және талқылау;
  18. Бөлімнің өкілеттігіне Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған басқа да қызметтер кіреді.

12) бөгеттер, су қоймалары, өткелдер, су жағалаулары, аспалы көпірлерді күтіп-ұстау; сайларды бекіту және көму; өзендерді реттеу және жағалауларды нығайту жөніндегі, көшкіндермен күрес жөніндегі жұмыстар; дренажды күтіп-ұстау; көшелерді күтіп-ұстау мен оларды қайта жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жер асты инженерлік коммуникацияларды төсеу; жауын канализациялары, қарапайым суағарлар құрылыстары; жер бетінедегі судың қайтуын қамтамасыз ететін ирригациялық және басқа;

13) саябақтар, бульварлар, скверлер, көше желектері, қорғанышты жасыл аймақты күтіп-ұстау, оларды қайта жарақтандыру және кеңейту, көгалдар мен гүлзарларды бөлу, күркелер, қоршаулар, жаяу жүргіншілер жолдары, аллеялар, ортақ пайдаланылатын жасыл желек алаңдары, пандустар, фонтандардың, бассейндердің тірек қабырғаларын күтіп-ұстау, скульптураларды, орындықтарды, гүл құмыраларын, көлеңкелі қалқаларды, пер голдарды және басқа шағын сәулет үлгілері элементтерін, көшелер мен жасыл алқаптарда қоқыс салатын сауыттарды орнату, бау-бақша-саябақ шаруашылықтарында, гүл шаруашылығы мен питомниктер жерлерінде суару құбырларын, ауыз су фонтандарын және канализациялық өнімдерді, жергілікті сумен жабдықтайтын ашық суғарлар орнату; елді-мекендер шегінде тыс жерлерде питомниктер, қорғаныш және санитарлық аймақтар салу; гүлдер мен салт-жоралғы қажеттіліктерін сату үшін коммуналдық ұйымдар қарауына жататын дүңгіршектер мен павильондар құрылысы және оларды жабдықтау; саябақтарды, скверлерді, көшелерді, жолдарды, алаңдарды, жағалауларды көркейту және көгалдандыру; қажетті ғимараттарды, шаруашылықты күтіп-ұстау (тұрғын үйлерден басқа) және алаңнан тыс инженерлік желілері бар оранжереяларды күтіп-ұстау;

14) су төгетін және қоқыс тиейтін стансалар мен пульттер, қоғамдық дәретханалар, қазынды шұңқырларды күтіп-ұстау және оларды қайта жарақтандыру; биотермикалық камералар, ассенизациялық, сүзгі алаңдарын орнату, өлімтік көметін жерлерді, полигондарды (қоқыс) жырту және тыңайту және оларға баратын жолдарды күтіп-ұстау; санитарлық тазалау кәсіпорындарының өндірістік базаларын күтіп-ұстау, жылжымалы биодәретханалар алу және орнату;

15) коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін және елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды атқаратын ұйымдар, автомобиль көлігі үшін механизмдер, құрал-жабдықтар (соның ішінде монтажды қажет ететін), арнайы машиналар мен жабдықтар алу; аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың механизмдері мен арнайы машиналарын жөндеу үшін гараждар, қалқалар, механикаландырылған жуу орындарын салу;

16) көшені жарықтандыру желілері, трансформаторлық аралық стансалар, кабельді және әуе желілерін күтіп-ұстау, оларды қайта жарақтандыру және кеңейту; шырақтар, шамдар, кабель өнімдерін, жарықтандыру желілерінің тіректерін, пульттер, телеавтоматикалық басқару және атқару (диспетчерлік) қосындарын, сыртқы жарықтың басқаруын автоматтандырылған жүйе (АСУНО) алу және орнату;      

17) қорымдарды кеңейту және сумен жабдықтауды, көгалдандыруды, қорымдарға баратын жолдарды орнатуды қоса отырып көркейту;

18) коммуналдық органдардың қарауына жататын жағажайлар, шомылатын жерлер үшін айлақтар мен дебаркадерлерді күтіп-ұстау және оларды көркейту; қала аумағында гнус ошақтарын жою жөніндегі күрес шығындары; тоғандар мен су қоймаларын тәртіпке келтіру; қарапайым гидротехникалық және мелиоративтік жұмыстарды жүргізу, ағын сумен ластанған жерлер мен су қоймаларын тазарту; өндірістік қажеттілік үшін бұрғылау құдықтары мен скважиналарының және шегендерді күтіп-ұстау; скважиналарды сорғы қондырғыларымен жабдықтау;

19) қала сағаттары, көше репродукторларын алу және орнату, жарнамалық, газет және басқа да стенділер дайындау және орнату, қалалық анықтама дүңгіршіктерінің құрылысы және оларды жабдықтау;

20) осы тізімде көрсетілген объектілерді жөндеудеге және жарықтандыруғаарналған жобалау-сметалық құжаттарды әзірлейді, тиісті қызметтермен бірлесе отырып тұрғын үй қорының, оның инженерлік құрал жабдықтарының, техникалық жағдайын , өз құзыры шегінле қызметтері мемлекеттік мекемеге жүктелген қолданыстағы нормативті – техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу жөніндегі кешенді шаралардың уақытылы орындалуын бақылау;

21) авариялық жағдайдағы және жарақсыз үйлерді бұзу жұмыстарын ұйымдастыру;

22) жобалау жұмыстарын орындаған кезде инжинирингілік қызметтер; ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайын зерттеу; инженерлік желілер мен құрылыстардың техникалық жағдайын зерттеу;

23) тұрғын үй қоран толықтыруды, есепке алуды, бөлуді, ресімдеуді және жекешелендіруді қамтамасыз етеді, мемлекеттік үй қорыныңсақталуын ұйымдастыру;

24)азаматтардың баспанаға қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында тұрғын алаңдарды алмастыруды жүргізу;

25)тұрғылықты орны бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтардың кезек тізімін және есебін жүргізу;

26)мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлуді ұйымдастыру;

27)тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

28)тұрғын үй жалдау келісімдерінің сақталуын және есепке алуды қамтамасыз ету;

29)коммуналдық тұрғын үй бойынша тұрғын үй – коммуналдық қызметтер төлемі жөніндегі қарыздарды белгіленген тәртіпте өндіртіп алу;

30)азаматтардың алып отырған тұрғын үйлерін жекешелендіруге олардан өтініштер мен құжаттар қабылдауды жүргізу, тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын дайындау;

31)тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жағдайын талдайды және қала әкімінің қарауына тиісті ұсыныстар жасайды, меншік түріне және ведомствоға қарамастан, босаған баспанаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау жүргізеді және сот процестерінде мемлекеттік мүлдесін қорғауға қатыса, сот процесстерінде талапкер және жауапкер болу;

32) тұрғын үй алуға, рәсімдеуге, алмастыруға мұқтаждарды есепке алу үшін қажет мәліметтер мен құжаттарды азаматтардан талап ету;

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

19. Бөлім басшылықты бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін, соның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет бойынша дербес жауапкершілік алатын басшы жүзеге асырады.

20. Бөлімнің басшысын заңнамаммен белгіленген тәртіпте қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

21. Бөлім басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасарлары болады.

22. Бөлім басшысы:

1) штаттық кестеге сәйкес Бөлімнің және секторлардың құрылымын бекітеді;

2) өзінің орынбасарлары мен Бөлім секторлары меңгерушілерінің міндеттерін және өкілеттіліктерін белгілейді;

3) заңнамаға сәйкес Бөлімнің қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және атқарып отырған қызметінен босатады;

4) белгіленген заңды тәртіппен Бөлімнің қызметкерлеріне тәртіптік жаза қолданады;

5) өзінің құзыреті шегінде Бөлім қызметкерлерімен орындалуға тиісті бұйрықтарды шығарады;

6) Бөлімнің секторлары туралы Ережені бекітеді;

7) барлық ұйымдарда Бөлімнің мүддесін қорғайды;

8) қызметкерлердің іссапарлары, сынақтан өтуі, біліктілігін арттырудың түрлері бойынша Бөлімнің тәртібі мен жоспарларын бекітеді;

9) бөлімді ұстауға арналған сметаны (шығындар жоспарын) бекітеді;

10) бөлімге берілген мүліктің тиімді пайдаланылуына және сақталуына бақылау жасайды;

11) Мемлекеттік орган атынан сенімхатсыз жұмыс істейді;

12) келісім-шарттар жасасады, сенімхат береді;

13) банк шоттарын ашады;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес басқа да қызметтерді іске асырады.

23. Өзара қарым-қатынастар Бөлім әкімшілігі мен оның еңбек ұжымының арасында жүзеге асырылады.

Бөлім басшысы болмаған кезеңде, оның өкілеттіліктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

24. Бөлім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес лауазымына тағайындалатын және лауазымынан босатылатын басшысымен басқарылады.

4. Бөлімнің мүлкі

25. Бөлімнің оқшауланған мүлікті жедел басқару басқару құқығы бар.

Бөлім мүлкі оған мемлекет берген мүлік есебінен қалыптасады және негізгі қорлар мен айналым қаржысынан, сондай-ақ құны Бөлім балансында көрсетілген өзге де мүліктен тұрады.

26. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі» ММ мемлекеттік мүлікті басқару бойынша уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» ММ болып табылады.

27. Бөлімге бекітіліп берілген қалалық әкімшілік–аумақтық бірлік мүлігі есебінен құрылған мүліктер коммуналдық меншікке жатады.

28. Бөлімнің оған бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен алуға немесе өзге тәсілмен жұмсауға құқығы жоқ.

Бөлімге мүлікке билік ету құқы берілуі мүмкін. Осы мақсатта бөлім билік ете алатын мүлік құнының шекті мөлшері заңнамамен белгіленеді.

Бөлім таратылған жағдайда мүлік және ақшалай қаражат құрылтайшының шешімі бойынша пайдаланылады.

5. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату

29. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50