Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауы«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.

2. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.

4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                             Б.Сағын

Жоба

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ___________

№_____ қаулысымен

бекітілген

 

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі»

мемлекеттік мекемесінің

ережесі

  1. 1.Жалпы ережелер
  2. 2.Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,
    функциялары, құқықтары мен міндеттері
  3. 3.Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
  4. 5.Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

1. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі   Қала аумағында ауыл шаруашылығы саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

2. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

3. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

4. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекеменің құрылтайшысы және басқару жөніндегі уәкілетті органы Ақтөбе қаласының әкімдігі болып табылады.

5. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.

6. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

7. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен қабылдайды.

8. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.

9. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекен-жайы: индекс 030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі 3.

10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

11. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

12. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметін каржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.

13. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен   «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

Егер «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер жергілікті бюджеттің кірісіне жіберіледі.

14. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы:

гроөнеркәсіп кешенін орнықты дамыту, өңірлік бәсекелестік артықшылықтарын дамыту және аграрлық өндірісті Дүниежүзілік Сауда Ұйымына кіру шарттарына бейімдеу.

15. Міндеттері:

- қала тұрғындарының тамақ өнімдеріне және оны сыртқы рынокқа шығару сұранымын қанағаттандыру, бәсекеге қабілетті өнімдерді өндіру арқылы ауыл шаруашылығының тиімділігін көтеру есебінен экономикалық өсуді жүзеге асыруға бағытталған бірыңғай мемлекеттік аграрлық саясатты жүргізу;

-ауыл шаруашылығын дамытудың басымдық бағдарламасын әзірлеу, тұрақты қаржысы бар тауар өндірушілерді құру жөніндегі тетіктерді іздестіру,қаладағы рынок құрылымын ұйымдастыру.

16. Функциялары:   

1) орталық аппараттың функциялары:

-аграрлық өнеркәсіп кешені субъектілеріне мемлекеттік азық-түлік саясатының негізгі бағыттары мен тетіктерін түсіндіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу;

-халықты нанмен және басқа да негізгі тағам өнімдерімен қамтамасыз ету;

-агроөнеркәсіп кешенін дамыту саласындағы аймақтық бағдарламаларды әзірлеу, жүзеге асыру, мониторинг жасау және талдау жүргізу;

-егін шаруашылығында міндетті қамсыздандыру келісімдеріне қол қоюға қатысу;

-агроөнеркәсіп кешенін дамытуды мемлекеттік реттеуді ұйымдастыру, дүниежүзілік сауда ұйымына кіруге қолдау жасау;

-ауылдағы шаруашылық субъектілердің қызмет етуінің экономикалық тетіктерін әзірлеуге, жетілдіруге, мақұлдауға қатысу;

-ауыл шаруашылығы өнімдерінің және оларды қайта өңдеу нәтижелерінің сапа стандарттарын жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу;

-қаланың аграрлық секторына ақпараттық маркетинг басқару жүйесін ендіру, нарықтық инфрақұрылымды дамыту;

-ғылым мен техника жетістіктерін ендіруге ықпал ету, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ауыл шаруашылығы ұйымдары мен кәсіпорындарын дамыту бойынша бизнес-жоспарларды құрастыруға қатысу;

-ауданды азық-түлік астығымен және оның қайта өңделген өнімдерімен қамтамасыз ету мониторингі;

-астық рыногына қатысушылардан астықтың көлемі және қозғалысы жөнінде ақпараттар жинау;

-ауыл шаруашылығы құрылымдарынан егістің көлемі, шығымдылығы және дақылдардың жалпы түсімі туралы деректерінің мониторингі;

-ауыл шаруашылығы құрылымдарының ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіру технологиясын сақтау мониторингі;

-ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерге түрлі организмдер мен мал ауруларына қарсы фитосанитарлық шараларды жүргізуге консультативті көмек көрсету;

-жеке және заңды тұлғалардың карантиндік шараларды жүргізуін үйлестіру;

-өсімдікті қорғау және карантиндік шектеу саласындағы озық тәжірибені тарату;

-селекциялық асылдандыру жұмыстарын, тұқым шаруашылығын, ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді және сатуды ұйымдастыруға қатысу;

- ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру, қайта өңдеу және сатудың бәсекеге қабілетті технологиясын ендіруге ықпал ету;

-сыртқы экономикалық байланыстарды дамытуға, ішкі және сыртқы рынокта ауыл шаруашылығы өнімдерін өткізу көлемін кеңейтуге ықпал ету;

-мал шаруашылығы саласын дамытудың азық-түлік бағдарламасын әзірлеу, жүзеге асыру, мониторинг жасау және талдау жүргізу;

-қала шаруашылықтарында орта- ірі тауар өндірісін әрмен қарай дамыту бойынша перспективалы бизнес-жоспарларды ендіруге ықпал ету;

-малды қолдан ұрықтандыру және мал өсірудің озат технологиясын ендіру есебінен жоғары өнімді асыл тұқымды мал басын көбейту және сақтау;

-мал азығын дайындау және қамтамасыз ету, мал сою жөніндегі қызметтерді көрсетуге мамандандырылған сервис- орталықтарды құруға көмек беру;

-малды асылдандыру, өсіру бағытындағы мамандандырылған құрылымдарды құруға, мал өнімдерін өндіру және өткізу бойынша ассоцияциялар, одақтар құруға ықпал ету;

- жемшөп және жемшөп қоспаларын, малдан алынған өнімдер мен шикізатты өндіру, сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияны ұйымдастыру;

-асыл тұқым ісі және табынды қалпына келтіру саласындағы асыл тұқымды, мамандандырылған құрылымдарды қоса алғанда мал шаруашылығы өнімдерін өндіру мен сату жөніндегі ассоциациялар, одақтар құруға ықпал ету;

-мына бағыттарға арналған қарыз беру тетіктерін жетілдіруге:

1) ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілер үшін асыл тұқымды өнімдерді сатып алу және қол жетімділікті қамтамасыз ету;

2) малдардың барлық түрлерінің жоғары сыныпты асыл тұқымды аналықтарын сақтау және тиімді пайдалану;

3) жергілікті бюджеттің қаражаттары есебінен бағыттар бойынша асыл тұқымды мал шаруашылығы мен құс шаруашылығын дамыту;

-ірі және орта тауарлы өндірістің, асыл тұқымды мал өсіретін шаруашылықтардың жұмысы туралы ақпараттарды жинастыру және талдау, бережақтарды азайтуға бағытталған өзара есептесу және келісімдік міндеттерді жүзеге асыруға көмек беру;

-агроқұрылымдардағы орта және ірі тауарлы өндірістерді мамандармен қамтамасыз етуге ықпал ету;

-қаланың және селолық округтың аграрлық азық-түлік қауіпсіздігі мақсатына қол жеткізуді қамтамасыз ететін шараларды жүзеге асыру және ауыл шаруашылғы өнімдерін импорттау;

-ірі және орта қайта өңдеу кәсіпорындарының өндірістік қызметінің жайы мен нәтижелеріне мониторинг жүргізу;

-ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен қайта өңдеу саласында озық тәжірибені таратуға және тәжірибе алмасуға ықпал ету;

-ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуге отандық және шетелдік инвестицияларды тартуға ұсыныстар беру;

-әкімшілік, кадрлық және құқықтық жұмыстарды жүргізу;

-болжамдарды ұйымдастыру мен әзірлеу, еңбек рыногын зерделеу негізінде кадрлардың ағымды және перспективалы қажеттіліктерін және қанағаттандыру көздерін анықтау, оқу орындары мен жұмыспен қамту қызметтерімен тікелей байланыс орнату;

-бухгалтерлік есеп пен қаржы есептілігін жүргізу;

-ауданның ауыл шаруашылығы құрылымдарында бухгалтерлік есептің қазақстандық, халықаралық стандарттарын игеруге ықпал ету;

-облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына қаржы, несие беру, салық саясаты мәселелері бойынша ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің мүдделерін қорғауға бағытталған ұсыныстар жасау және сала қызметіне оңтайлы жағдайлар жасау;

-ауыл шаруашылығы бағытындағы шаруашылық етуші субъектілердің салық салу жөніндегі қалалық салық органдарымен жұмыстарын үйлестіру;

-бухгалтерлік есептің жайына, бюджеттік қаржының мақсатты жұмсалуына, бухгалтерлік есеп пен аудит бойынша нормативтік актілердің орындалуына бақылаулар жүргізу;

-ауыл шаруашылығы ұйымдарының, өнімді қайта өңдейтін кәсіпорындардың жұмыстарына қатысты қаржылық, статистикалық және оперативтік ақпараттарды жинастыру және талдау, өзара есептесу,бережақтарды азайту проблемаларын іске асыруға көмектесу;

-дәрменсіз және қаржылық тұрақсыз ауыл шаруашылығы ұйымдарын қаржылық сауықтандыруды ұйымдастыру және шаралар алу;

-ауыл шаруашылығы құрылымдарын сауықтыруға байланысты сауықтыру, қайта қалпына келтіру жоспарларын құруға ықпал ету;

-ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін несиелендіру және қаржыландыру бойынша қаржы, банк мекемелерімен жұмыстарды ұйымдастыру;

- ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілеріне инвестициялық субсидиялар берілуіне ықпал ету;

- тракторлар және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдер, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдер, сондай-ақ өтімділігі жоғары арнайы машиналар үшін тіркеу құжатын (телнұсқасын) және мемлекеттік нөмiрлiк белгi беру;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiнің, өздiгiнен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерінің, сондай-ақ жүріп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналардың кепілін мемлекеттік тіркеу;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, монтаждалған арнайы жабдығы бар тіркемелерді қоса алғанда, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылысы машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жыл сайынғы мемлекеттік техникалық байқаудан өткізу;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздігінен жүретін шассилер мен механизмдерді, өздігінен жүретін ауылшаруашылық, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды жүргізу құқығына куәліктер беру;

- тракторларды және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдердi, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерiн, сондай-ақ жүріп өту мүмкіндігі жоғары арнайы машиналарды сенiмхат бойынша жүргізетін адамдарды тiркеу;

- тракторларға және олардың базасында жасалған өздiгiнен жүретiн шассилер мен механизмдерге, монтаждалған арнайы жабдығы бар тiркемелердi қоса алғанда, олардың тiркемелерiне, өздiгiнен жүретiн ауылшаруашылық, мелиоративтiк және жол-құрылыс машиналары мен механиздеріне, сондай-ақ жүрiп өту мүмкiндiгi жоғары арнайы машиналарға ауыртпалықтың жоқ (бар) екендігі туралы ақпарат беру;

- қала шаруашылықтарында ауыл шаруашылығы техникасының санына, қажеттілігіне және сатып алу мүмкіндігіне мониторинг жасау;

- ауыл шаруашылығы өндірісін механикаландыру саласындағы озық тәжірибелерді ендіру;

- ауыл шаруашылығы техникасын жөндеуге, көктемгі егіс жұмыстарына әзірлеуді есепке алу;

- агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асыру;

- ауыл шаруашылығының өсімдік саласындағы тұқым шаруашылығының мемлекеттік саясатын Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес іске асыра отырып, мемлекеттік бақылауды жүргізу;

- тұқым саласында тұқымдық және сорттық бақылау, аттестацияланған тұқым өндірушілердің біліктілік талаптарға сай келуіне бақылау жүргізу;

- тұқым шаруашылығына байланысты бюджеттік бағдарламаның орындалуын қамтамасыз ету;

- облыстық ауылшаруашылық басқармасына , салық басқармасына айлық, тоқсандық есептер тапсыру;

- салық органдарынан, сот орындаушыларынан, конкурстық және оңалту басқарушыларынан, техника иелерінен, мемлекетік уәкілетті орындардан келген сұраныс хаттарға ақпарат беру.

17.Құқықтары мен міндеттері:

1) өз функцияларын іске асыру үшін мемлекеттік органдардан және басқа да ұйымдардан қажетті ақпараттарды алу және сұрату;

2) жедел басқару құқығындағы мүлкін пайдалануды іске асыру;

3) мемлекеттік басқару органы болып табылу және жоғары органдардың шешімдеріне сәйкес коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындарға оперативті басшылық жасау;

4) Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес басқа да іс-әрекеттер жасау;

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы   бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) өз құзыретіне жататын мәселелерді шешуге Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын сақтауға;

2) өз құзырет шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізуге міндетті.

18.«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінде міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.

19. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:

1) мамандардың міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;

2) заңнамаларға сәйкес бөлім қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады;

3) заңнамаларда белгіленген тәртіппен бөлім қызметкерлерін еңбекке ынталандырады және тәртіптік жаза қолданады;

4) барлық мемлекеттік органдарда және басқа да ұйымдарда бөлім атынан сөйлейді;

5) заңнамаларға сәйкес басқа да өкілеттіктерді іске асырады;

6) сыбайлас жемқорлыққа қарсы алынған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы алынған шараларға дербес жауап береді.

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының міндетін қолданыстағы заңнамаға сәйкесол болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орынбасары жүзеге асырады.

20. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің аппаратын Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.


                   4. Мемлекеттік органның мүлкі

21. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін.

«Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген   мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.

22. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік аудандық коммуналдық меншікке жатады.

23. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің,  өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

25. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және  тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50