Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі құрылсын.

2. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.

4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                                     Б.Сағын

Жоба

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2015 жылғы «___» ___________

№_____ қаулысымен

бекітілген

«Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі»мемлекеттік мекемесінің

ережесі

1. Жалпы ережелер

  1. Осы «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ережесі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы «Ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелері туралы үлгі ережені» бекіту туралыҚазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрі № 7-1/273 бұйрығына сәйкес әзірленді және ветеринария саласындағы қызметті жүзеге асыратын жергілікті атқарушы органдар бөлімшелерінің міндеттерін, функцияларын, өкілеттіктерін және өзара іс-қимыл жасау тәртібін айқындайды.
  2. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
  3. Бөлімге заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
  4. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен, бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
  5. Бөлім құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030010, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Алтынсарин көшесі, 3 үй.
  6. Мемлекеттік органның толық атауы:- «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
  7. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
  8.  Бөлім қызметін қаржыландыру қалалық бюджеттен жүзеге асырылады.
  9. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Басқарма функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
  10. Ақтөбе қаласының әкімдігі«Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.

«Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - бөлімі» өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, Заңын, Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы өзге де нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

«Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, азық-түлік қауіпсіздігін, ветеринариялық- санитариялық бақылау және қадағалауды осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлім өз нысанында заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі

2. Бөлімнің негізгі мақсаттары,функциялары, құқықтары мен міндеттері

11. «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі мақсаты:                                                                                                            1)ветеринария саласындағы мемлекеттік саясатты дамытуға және жетілдіруге жәрдемдесу болады.                                                                     2)   реттелген ортада ветеринармялық-санитариялық бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету;

12. «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі»мемлекеттік мекемесінің міндеттері:

-  халықтың денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғау;

- жануарларды аурулардан қорғау және емдеу;

-                     ветеринариялық-санитариялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету;

-                     Ақтөбе қаласының аумағын басқа мемлекеттерден жануарлардың жұқпалы және экзотикалық ауруларының әкелінуі мен таралуынан қорғау;     

-                     жеке және заңды тұлғалар ветеринария саласындағы қызметтi жүзеге асыруы кезiнде қоршаған ортаны ластаудың алдын алу және оны жою;

13. «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі»мемлекеттік мекемесінің функциялары:

  1. денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе отырып, халық денсаулығын жануарлар мен адамға ортақ аурулардан қорғауды ұйымдастыру және өзара ақпарат алмасуды жүзеге асыру;
  2. республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті өкілді органына бекіту үшін жануарларды асырау қағидаларын, иттер мен мысықтарды асырау және серуендету қағидаларын, қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулау және жою қағидаларын, жануарларды асыраудың санитариялық аймақтарының шекараларын белгілеу жөнінде ұсыныстар енгізу;
  3. қаңғыбас иттер мен мысықтарды аулауды ұйымдастыру;
  4. ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық талаптарға сәйкес мал қорымын (биотермиялық шұңқырларды) салуды ұйымдастыру және оларды күтіп-ұстауды қамтамасыз ету;
  5. өткізіліп жатқан ветеринарлық іс шаралар туралы ақпаратты қызығушылық танытқан тұлғаларға беруді қамтамасыз ету және ұйымдастыру;
  6. жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандыру (зарарсыздандыру) және қайта өңдеу;
  7. жануарлардың саулығы мен адамның денсаулығына қауіп төндіретін жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты алып қоймай залалсыздандырылған (зарарсыздандырылған) және қайта өңделген жануарлардың жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізаттың құнын иелеріне өтеу;
  8. мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беруге құқығы бар мемлекеттік ветеринариялық дәрігерлер тізімін бекіту;
  9. ауру малдарды санитариялық союды ұйымдастыру;
  10. ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғаларды аттестаттауды жүргізуді қамтамасыз ету;
  11. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жеке және заңды тұлғалардан ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалар қабылдау, сондай-ақ рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізу;
  12. республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында жануарлардың жұқпалы аурулары пайда болған жағдайда, бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша карантинді немесе шектеу iс-шараларын белгілеу туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
  13. республикалық маңызы бар қаланың, астананың аумағында пайда болған жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою жөніндегі ветеринариялық іс-шаралар кешені жүргізілгеннен кейін бас мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық инспектордың ұсынуы бойынша шектеу іс-шараларын немесе карантинді алып тастау туралы шешімнің жобасын әзірлеу;
  14. тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің аумағында жануарлардың энзоотиялық аурулары бойынша ветеринариялық іс-шаралар өткізуді ұйымдастыру;
  15. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарға (құралдарға) және атрибуттарға қажеттілікті айқындау және процессингтік орталыққа ақпарат беру;
  16. ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордың жүргізілуін ұйымдастыру;
  17. ауыл шаруашылы жануарларын бірдейлендіруді өткізу іс-шараларын ұйымдастыру;
  18. ветеринариялық есепке алу мен есептiлiктi жинақтау, талдау және оларды уәкiлеттi органға ұсыну;
  19. уәкілетті орган бекітетін тізбе бойынша жануарлардың аса қауіпті ауруларының, сондай-ақ жануарлардың басқа да ауруларының профилактикасы, биологиялық материал сынамаларын алу және оларды диагностикалау үшін жеткізу бойынша ветеринариялық іс-шаралардың жүргізілуін ұйымдастыру;  
  20. ветеринариялық препараттарды сақтауды және тасымалдауды (жеткізуді) жүзеге асыру, жануарлардың энзоотиялық ауруларының профилактикасы мен диагностикасы жөнінде ветеринариялық іс-шаралар жүргізу;  
  21. жануарлар өсiрудi, жануарларды, жануарлардан алынатын өнiмдер мен шикiзатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеудi және өткiзудi жүзеге асыратын өндiрiс объектiлерiн, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын өндiру, сақтау және өткiзу жөнiндегi ұйымдарды пайдалануға қабылдайтын мемлекеттiк комиссияларға қатысу;
  22. ветеринария мәселелері бойынша халық арасында ағарту жұмысын ұйымдастыру және жүргізу;
  23. тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасын сақтауын мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
  24. эпизоотия ошақтары пайда болған жағдайда оларды зерттеп-қарауды жүргізу;
  25. эпизоотологиялық зерттеп-қарау актісін беру;
  26. Қазақстан Республикасының ветеринария саласындағы заңнамасы талаптарының сақталуы тұрғысынан мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды:
  27. «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіжедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі бар.
  28. «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

ішкі сауда объектілерінде;

жануарлар өсіруді, жануарларды, жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатты дайындауды (союды), сақтауды, қайта өңдеуді және өткізуді жүзеге асыратын өндіріс объектілерінде, сондай-ақ ветеринариялық препараттарды, жемшөп пен жемшөп қоспаларын сақтау және өткізу жөніндегі ұйымдарда (импортпен және экспортпен байланыстыларды қоспағанда);

ветеринариялық препараттар өндіруді қоспағанда, ветеринария саласындағы кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарда;

экспортын (импортын) және транзитін қоспағанда, тиісті әкімшілік-аумақтық бірлік шегінде орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді тасымалдау (орнын ауыстыру), тиеу, түсіру кезінде;

экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, жануарлар ауруларының қоздырушыларын тарататын факторлар болуы мүмкін көлік құралдарының барлық түрлерінде, ыдыстың, буып-түю материалдарының барлық түрлері бойынша;

тасымалдау (орнын ауыстыру) маршруттары өтетін, мал айдалатын жолдарда, маршруттарда, мал жайылымдары мен суаттардың аумақтарында;

экспортты (импортты) және транзитті қоспағанда, орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді өсіретін, сақтайтын, өңдейтін, өткізетін немесе пайдаланатын жеке және заңды тұлғалардың аумақтарында, өндірістік үй-жайларында және қызметіне жүзеге асыру;                                  

27) мал қорымдарын (биотермиялық шұңқырларды), орны ауыстырылатын (тасымалданатын) объектілерді күтіп-ұстауға, өсіруге, пайдалануға, өндіруге, дайындауға (союға), сақтауға, қайта өңдеу мен өткізуге байланысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілерін орналастыру, салу, реконструкциялау және пайдалануға беру кезінде, сондай-ақ оларды тасымалдау (орнын ауыстыру) кезінде зоогигиеналық және ветеринариялық (ветеринариялық-санитариялық) талаптардың сақталуына мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылауды және қадағалауды жүзеге асыру;                            

28) жеке және заңды тұлғаларға қатысты мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау актісін жасау;                                

29) ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіруді жүргізуге арналған бұйымдарды (құралдарды) және атрибуттарды тасымалдау (жеткізу), ветеринариялық паспортты дайындау жөнінде көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру;                                   

30)   жұқпалы және жұқпалы емес аурулардың алдын алу ветеринарлық іс-шаралар бойынша жергілікті атқару орындарына ұсыныстар беру;                    14.Негізгі құқықтары:                                                                                    «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

1) өзіне жүктелген міндеттерді жүзеге асыру үшін ветеринария саласындағы уәкілетті мемлекеттік органнан және өзге ұйымдардан қажетті ақпаратты сұратуға және алуға;

2) жануарлардан алынатын өнімдер мен шикізатқа ветеринариялық-санитариялық сараптама жүргізуді жүзеге асыратын жеке және заңды тұлғалардың лицензияларын «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңында көзделген тәртіппен тоқтату туралы ұсыныс шығаруға немесе қайтарып алуға бастамашы болуға;

3) Заңмен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыруға құқылы.

3. Бөлімнің қызметін ұйымдастыру

15. Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілеріне, Президентінің актілеріне, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес өзінің негізгі міндеттері мен функцияларын іске асыру үшін қажетті өкілеттіктерді иеленеді.

16.Бөлім Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын басшы басқарады.

17. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда бөлім басшысының орынбасары (орынбасарлары) болады.

18.   Бөлім басшысы құрылымдық бөлімшенің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады және ЖАО бөлімшесіне жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін дербес жауапты болады.

19.   Бөлім басшысы мемлекеттік органның басшысына құрылымдық бөлімшенің құрылымы мен штаттық кестесі бойынша ұсыныстар береді.

20. Басшы осы мақсатта:

1) өзінің орынбасары болған жағдайда, оның міндеті мен өкілдігін айқындайды;

2) Қазақстан Республикасының заңдарына және Президентінің актілеріне сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.

21. Бөлім басшысының орынбасары (орынбасарлары):

1) өз өкілеттіктері шеңберінде құрылымдық бөлімшенің қызметін үлестіреді;

2)   Бөлім басшысы болмаған кезде құрылымдық бөлімшеге жалпы басшылықты жүзеге асырады және құрылымдық бөлімшеге жүктелген міндеттерді орындауға және өз функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болады;

3)   Бөлім басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.

22. Бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бөлім атынан басқа құрылымдық бөлімшелерге жіберілетін құжаттарға бөлім басшысы, ал ол болмаған жағдайда оны алмастыратын адам қол қояды.

4. Мемлекеттік органның мүлкі

Мүлкі оған меншік иесі берген мүлік есебінен қалыптастырылады.

«Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

24.Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

25. «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органы «Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып табылады.

5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату

26. «Ақтөбе қаласының ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.



Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50