Қазақша   Русский

RSS-лента

   Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы №410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. «Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауы «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі болып өзгертілсін.
  2. Қоса беріліп отырған «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы ереже бекітілсін.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары А.А.Арынғазиеваға жүктелсін.
  4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
    1. 1.Жалпы ережелер
    2. 2.«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
    3. 3.«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі»
    4. 4.«Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» ММ мүлкі
    5. 5.«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі»

Ақтөбе қаласының әкімі                                                                      Б.Сағын

                                                                                БЕКІТІЛГЕН

                                                                               Қала әкімдігінің

                                                                           2015 жылғы «__»                                                                                              № ____________ қаулысымен

                                                                          

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі»

мемлекеттік мекемесі туралы

ЕРЕЖЕ

1. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі шкі саясат саласындағы мемлекеттік саясатты және мемлекеттік басқарудың функциясын жүзеге асыруға уәкілетті Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органы болып табылады.

2. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметiнiң актiлерiне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

         3. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттiк тiлде өз атауы бар мөрi мен мөртабандары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.

         4. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз атынан азаматтық-құқықтық қатынастар жасайды.

         5. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкiлеттiк берiлген болса, мемлекеттiң атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.

         6. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз құзыретiндегі мәселелер бойынша заңнамада белгiленген тәртiппен «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.

         7. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штаттық санының лимитi қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекiтiледi.

         8. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің заңды мекенжайы: 030002, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Т.Ахтанов көшесі, 50 үй.

         9. Мемлекеттiк органның толық атауы – «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі.

         10. Осы Ереже «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.

         11. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі қызметiн қаржыландыру жергiлiктi бюджеттен жүзеге асырылады.

         12. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі функциялары болып табылатын міндеттерін орындау тұрғысында «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне кәсiпкерлiк субъектiлерiмен  шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.

           13. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Ішкі саясат саласында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру мақсатында тиімді мемлекеттік басқаруды және салааралық, өңіраралық үйлестіруді қамтамасыз ету.

           14. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің негізгі міндеттері:

1)қоғамдық-саяси тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және іске асыруға, сондай-ақ мемлекеттік егемендікті, қоғамдық процестерді демократияландыруға және қоғамды жұмылдыруға қатысу;

2)қалада мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінің мемлекеттің ішкі саясатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс және қалаәкімдерінің, «Ақтөбе облысы бойынша ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесінің,бөлімнің құзыретіне қатысты мәселелер бойынша актілері мен тапсырмаларын іске асыру барысын орындауын бақылау;

3)қоғамның демократиялық институттарын нығайтуға қатысу, Ел Президентінің жыл сайынғы Қазақстан халқына арнаған жолдауының негізгі бағыттарын түсіндіру;

4)мемлекеттік ішкі саясатты, Қазақстан Республикасының ішкі саясат, қоғамдық-саяси сала мәселелері жөніндегі заңнамаларын насихаттау және түсіндіру жөніндегі бағдарламаларды жасау мен іске асыру жөніндегі жұмыстарды үйлестіру;

5) ішкі саясат саласында тұжырымдамалық негіздер мен практикалық ұсынымдар, сондай-ақ азаматтық біртектілікті, Қазақстанды дамытудың ұзақ мерзімдік басымдықтарын қалыптастыру негізінде қоғамды жұмылдыру жөніндегі ұсыныстар жасау;

6)қалада болып жатқан қоғамдық-саяси процестер мен олардың даму тенденцияларын жан-жақты зерттеу, жинақтау және талдау;

7) калалық деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты іске асыруқалалық бұқаралық ақпарат құралдарының мемлекеттік тапсырысты жүргізуді орындау жөніндегі қызметін үйлестіру;

8)қаладағықоғамдық-саяси ахуалды болжауға бағытталған әлеуметтік және саясаттану жөніндегі зерттеулерді жүргізу;

9) қоғамдық бірлестіктермен, саяси партиялармен, қоғамдық-саяси және діни ұйымдармен, кәсіптік одақтармен, БАҚ, жұртшылық өкілдерімен өзара iс-қимыл жасау негізгі міндеттері болып табылады.

         15.«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі мынадай функцияларды жүзеге асырады:

1) Ішкі саяси процестерді реттеуге қатысу, ішкі саясат саласындағы жергілікті мемлекеттік органдардың қызметтерін үйлестіру, қаладағықоғамдық-саяси ахуалға, саяси партиялар мен өзге бірлестіктердің қызметтеріне мониторинг, талдау және болжау жасауды ұйымдастыру, ішкі саяси тұрақтылықты, қоғамды жұмылдыруды, қазақстандық отаншылдықты насихаттауды және тәрбиелеуді қамтамасыз ету жөнінде ұсынымдар жасау мен жұмыстарды ұйымдастыру;

2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметі актілерінің, Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тапсырмаларының, әкімдікқаулыларының, облыс және қалаәкімдері, «Ақтөбе облысы бойынша ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесі шешімдерін, өкімдерін, бұйрықтарын және тапсырмаларының орындалуын бақылауды қамтамасыз ету;

3) тұжырымдамалық құжаттарды жасауға қатысу, мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойыншақалаәкімі шешімдері, өкімдері, актілерінің жобаларын әзірлеу және сараптау;

4) қоғамдық-саяси және экономикалық салада қала туралы, билік органдары туралы ақпараттарды тарату жүйесін жетілдіру жөніндегі қала әкімдігінің жұмысына қатысу;

5) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша «Ақтөбе облыстық ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесімен, қала әкімі аппаратының тиісті бөлімшелерімен ұйымдастырушылық және ақпараттық байланысты қамтамасыз ету;

6) «Ақтөбе облысы бойынша ішкі саясат басқармасы» мемлекеттік мекемесіне атқарылған жұмыстар жәйі туралы жүйелі түрде есеп беру;

7) «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша қалалық басқармалар мен бөлімдердің қызметтерін бақылау және үйлестіру;                                                                                                                                                        

8)қалаәкімінің аппаратын ақпараттық-талдамалық қамтамасыз ету;

9) республикалық және жергілікті қоғамдық-саяси, мәдени іс-шараларды өткізу барысын саяси тұрғыдан қамтамасыз ету;

10) мемлекеттің ішкі саясаты мәселелері жөніндегі қалалық мемлекеттік мекемелердің ауылдық округ әкімдерінің,қалалық бұқаралық ақпарат құралдарының қызметін және ақпараттық-насихаттық жұмыстарының барысын үйлестіру мен бақылау;

11)қаланың ішкі саяси өмірінің маңызды мәселелері бойынша қала әкімдігі отырыстарына материалдар әзірлеуге қатысу;

12) кіші Ассамблея мен оның хатшылығына ұйымдастырушылық, консультативтік-әдістемелік және ақпараттық көмек көрсету;

13) ішкі саяси салада, халықаралық қатынастар саласында, Қазақстан Республикасындағы адам құқығы мен бостандығын қамтамасыз ету мен сақтауда мемлекеттік саясатты белгілейтін тұжырымдамалар, бағдарламалар жасауға және оларды іске асыруға қатысу;

14) ақпараттық дерекқорды (компьютерлік, мәтіндік) қалыптастыру, жинақтау мен жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру;

15) саяси партиялармен, этно-мәдени бірлестіктермен, құқық қорғау, діни және өзге қоғамдық ұйымдармен байланысты жүзеге асыру;

16) аймақтағы ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға және саяси процестерді демократияландыруға бағытталған республикалық және аймақтық ғылыми-практикалық іс-шараларды әзірлеуге және өткізуге қатысу;

17) «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын ұйымдастырушылық-әдістемелік және ғылыми-зерттеу жұмыстарын қалаәкімі аппаратының бөлімшелерімен бірге бірлесіп орындау;

18) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге функцияларды жүзеге асыру.

         16. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі құқықтары:

1) өз функцияларын орындауға қажетті ақпаратты мемлекеттік органдар мен лауазым иелерінен, өзге ұйымдар мен азаматтардан белгіленген тәртіппен талап етуге, мемлекеттік органдар мен өзге ұйымдардың қызметшілерін «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелерді әзірлеуге тартуға, тиісті ұсыныстар жасау үшін уақытша жұмыс топтарын құруға;

2) ішкі саясат саласында мемлекеттік органдардың қызметін ұйымдастыруды жетілдіру жөнінде қалаәкіміне ұсыныс енгізу, «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің іс жүргізу саласына қарайтын мәселелер бойынша ақпараттық-талдау және өзге материалдар әзірлеуді жүзеге асыруға;

3) тиісті мемлекеттік органдар мен лауазым иелеріне «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызмет саласына жататын тапсырмалар беруге, олардың орындалуын бақылауға, сондай-ақ, орталық және жергілікті органдар тарапынан өткізілетін іс-шараларға қатысуға;

4) жастар саясаты мен қалалық деңгейде ақпараттық саясатты жүргізу үшін берілген мемлекеттік тапсырысты іске асыру жөніндегі қалалық бағдарламаларды, т.б. қаржыландыруды жүзеге асыруға;

5) іс жүргізу саласына ішкі саясат саласының мәселелері, адам құқығын қорғау және «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіқұзыретіне жататын өзге мәселелер кіретін мемлекеттік органдардың лауазым иелеріне ұйымдастырушылық-әдістемелік, ақпараттық және өзге көмек көрсетуге;

6) «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша отырыстар жүргізуге;

           7)Құрылымдық бөлімшілер (бөлімдер, секторлар) құру;

          8)ҚазақстанРеспубликасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асыру.

         17. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі:

         1) Қазақстан Республикасының заңдарын сақтауға;

         2) белгіленген тәртіпте салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуге;

        3) Қазақстан Республикасының заң актілеріне сәйкес жауапкершілкте болуға міндетті.

мемлекеттік мекемесінің қызметін ұйымдастыру

         18. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшылықты бөлімге жүктелген міндеттер мен функцияларды орындау үшін дербес жауапкершілік алатын бірінші басшы жүзеге асырады.

         19. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысын заңнамамен белгіленген тәртіпте қала әкімі лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады.

         20. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі басшысының Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары бар.

         21. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкiлеттiгi:

         1) «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін басқарады және бөлімге жүктелген міндеттерді орындау бойынша жауаптылықта болады;

2)«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері арасындағы функционалдық міндеттерді бөлуді жүзеге асырады;

3)стратегиялық және ағымдық жоспарларды бекітеді;

4) мемлекеттік мекеменің құзыретіне жататын мәселелер бойынша өз өкілеттігі шегінде ауылдық округ әкімдері, қалалық басқармалар мен бөлімдердің қызметін үйлестіреді;

5)заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметшілерін ынталандыруды жүзеге асырады;

6) заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметшілеріне тәртіптік жаза қолданады;

7) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады, нұсқауларды бекітеді, қызмет бабындағы құжаттарға қол қояды;

8) «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құзыретіне жататын мәселелер бойынша «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің отырыстарын, кеңестерді, активтерді және басқа іс-шараларды өткізеді;

9)Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге өкілеттіктерді жүзеге асырады.

«Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.

         21. Бірінші басшы өз орынбасарының өкілеттігін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.

           23. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі заңнамада көзделген жағдайларда оқшауланған мүлікті жедел басқару құқығы бар.

         «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған мүлік иесі берген мүлiк есебiнен және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздерден қалыптастырылады.        

           24. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесіне бекітіліп берілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.

           26. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.

мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату

           27. «Ақтөбе қаласының ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50