Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін – өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазастан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 5 бабына, 7 бабының 5-4) және 18-1 бабына сәйкес, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.Халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындары ұйымдастырылсын.
2.Меншік түріне қарамастан жұмыс берушілерге халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамту үшін «Қалалық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесімен келісім – шарт негізінде әлеуметтік жұмыс орындарын құру ұсынылсын.
3. «Қалалық жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесіне (Қаңтарбаева Г.Б.):
1) халықтың нысаналы топтарынан жұмыссыз азаматтарды тиісті жылға қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаржы шегінде, бекітілген тізбеге сәйкес алты айға дейінгі мерзімде уақытша жұмысқа орналастыру үшін әлеуметтік жұмыс орындарына жолдансын;
2) жалақының 35% көлемінде,бірақ тиісті қаржылық жылға республикалық бюджет туралы заңмен белгіленген төменгі еңбекақы көлемінен аспайтын мөлшерде жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдаған қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудегі шығының ішінара төлеуді жүргізсін.
4. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі (Нәби С.Б.) 002-102-159 «Халықты жұмыспен қамту саласындағы азаматтарды әлеуметтік қорғау жөніндегі қосымша шаралар» бюджеттік бағдарларламасы бойынша жергілікті бюджет есебінен жұмыс берушілердің әлеуметтік жұмыс орындарына қабылдаған қызметкерлердің еңбек ақысын төлеудегі шығының ішінара төлеуді қаржыландыруды іске асыруды қамтамасыз етсін.
5. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М. Әлімовке жүктелсін.
6. Осы қаулы ол алғаш жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі
Б.Сағын

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50