Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 149 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 19 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 19 маусымдағы №836 «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №149 Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Білім ұйымдарында табысы аз азаматтар қатарындағы жұмыспен қамтылғандар мен жеті жасқа дейінгі балаларды бағып-күтумен айналысатын адамдарды, сол сияқты жұмыссыздарды кәсіби даярлау, қайта даярлау, және біліктілігін арттыру ұйымдастырылсын.

2. Жергілікті бюджет қаражаты есебінен кәсіби даярлау, қайта даярлау, және біліктілігін арттырудан өтетін орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттер үшін заңнамамен белгіленген стипендия беріледі және оқу орындарына түсетін адамдарға медициналық тексеруден өтуге қалалық консультациялық - диагностикалық емханалардың құнына қарай медициналық куәландыру шығындары өтеледі.

3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.

4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.  

Қала әкімі                                                                           Б.Сағын

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50