Қазақша   Русский

RSS-лента

жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы                1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №4786 «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4654 болып тіркелген, 2015 жылдың 31 желтоқсанында «Ақтөбе» және «Актюбинский Вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі" мемлекеттік мекемесінің  ережесінде:

«Жалпы ережелер» тарауында 4 тармақ келесі мазмұндағы 4-1) тармақшамен толықтырылсын:

«4-1) «Ақтөбе қаласының   жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.»;

«Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» тарауында 15 және 16 тармақтар келесі мазмұнда жазылсын:

«15. Міндеттері:

1) тапсырыс берушінің автомобиль жолдары және жолаушы көлігі саласындағы (автомобиль жолдары мен тротуарларды, көпір құрылыстарын, қаланың көлік және инженерлік инфрақұрылымдарының объектілерін жөндеу, салу және қайта жаңғырту, қалаішілік қоғамдық жолаушылар тасымалын ұйымдастыру, осы салалардағы тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру);

2) «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорыны» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіндегі қатысу үлестері акцияларының мемлекеттік акцияларын иелену және пайдалану құқықтарын іске асырады.

16. Бөлім тапсырыс берушінің келесі қызметтерін атқарады және мемлекеттік мекеме балансындағы объектілерге бақылау жүргізеді:

1) автомобиль жолдары мен тротуарларды, жол құрылыстарын салу, жөндеу және қайта жағырту;

2) жол қоғалысын реттеудің техникалық құралдарын орнату, ұстау және жөндеу;

3) мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын бақылау;

4) инженерлік желілерді ауыстыру үшін жер қазу жұмыстарына рұқсаттар (ордерлер) беру;

5) жер қазу жұмыстарын жүргізгеннен кейін көшелердің, алаңдардың және басқа да ортақ пайдаланатын жерлердің жол жабындарын қалпына келтіруге ведомствалық бақылау жасау;

6) жабын материалдарына қарамастан жолдар мен тротуарларды, жол құбырларын, арық желілерін жөндеу; жол жабындарын жетілдендірілгендерімен ауыстыру, көше магистральдарын ретке келтіру жұмыстары (тік өрлерді тегістеу, кеңейту, көлбейлету); жолаушылар көлігі аялдамаларын, такси, автомобиль тұрақтарын көркейту (павильондар тұрғыза отырып);

7) алаңдар, көлік айырығын, жер асты жаяу жүргіншілер жолдарын, стадиондарға, көрмелерге, жағажайларға және басқа қоғамдық орындарға кіретін жолдар мен жерлерді күтіп-ұстау мен оларды қайта жарақтандыру;

8) автокөлік және жаяу жүргіншілер көпірлерін салу, жөндеу және қайта жаңғырту;

9) асфальт-бетон зауыттарының және темір-бетон өнімдері цехтарының жабдықтарын, сонымен бірге инертті материалдарды дайындау жөніндегі қондырғылар алу, асфальт-бетон зауыттарын күтіп-ұстау, оларды қайта жарақтандыру және кеңейту, елді-мекендерді көркейту үшін жергілікті рудалы емес құрылыс материалдарын өндіру жөнінде карьерлер ұйымдастыру;

10) құрылыс-монтаж жұмыстарының сапасына техникалық бақылауды іске асыру, құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау кезіндегі инжинирингтік қызметтер;

11) жолаушылар көлігіне ортақ қолданыстағы автомобиль жолдары өтетін қаланың маршруттық желілеріне, жолаушы көлігіне ведомствовалық бақылауды және тікелей басқаруды іске асыру, ол бойынша тұрғындар сұранысын қанағаттандыру үшін жолаушылар тасымалын ұйымдастыру;

12) маршрут желілерін зерделеу, маршрут желілеріне жайластыру, тасымалдаушылармен, жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жол жамылғыларының жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкестігін тексеруді іске асыру және анықталған кемшіліктерді жою үшін тиісті органдарға ақпарат беру;

13) жолаушылар легінің өзгеруін ескере отырып, жұмыс істеп тұрғын маршруттарды өзгертуге және жабуға, жаңаларын ашуға ұсыныстар әзірлеу;

14) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жолаушылардың және басқа да көлік қызметін пайданушылардың мүдделерін қорғау.»;

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Әлімовке жүктелсін.

3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                                Б.Сағын

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50