Қазақша   Русский

RSS-лента

жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 4 желтоқсандағы №4785 «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4656 болып тіркелген, 2015 жылдың 31 желтоқсанында «Ақтөбе» және «Актюбинский Вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысына келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген "Ақтөбе қаласының тұрғын

үй-коммуналдық шаруашылығы бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ережесінде:

«Жалпы ережелер» тарауында 4 тармақ келесі мазмұндағы 4-1) және 4-2) тармақшалармен толықтырылсын:

«4-1) «Ақтөбе қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бөлімі» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің құқықтық мирасқоры болып табылады.

«4-2) Бөлімнің бағынышты ұйымы: шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тазалық» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны бар.»;

«Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері» тарауында 15 және 16 тармақтар келесі редакцияда жазылсын:

«15. Міндеттері:

1) тапсырыс беруші тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, сыртқы көркейту (көгалдандыру) саласындағы, су құбырларын, тазарту қондырғыларын, электр беру және байланыс желілерін, тұрғын үй қорын қалыптастыру және оны қала аумағында бөлу мемлекеттік саясатының негізгі бағыттарын жүзеге асыруды үйлестіру және жұмыстарды ұйымдастыру, осы салалардағы тауарларды, жұмыстарды және қызметтерді сатып алуды ұйымдастыру функцияларын іске асырады;

2) «Трансэнерго», «Ақбұлақ» акционерлік қоғамдары акцияларының мемлекеттік пакетін және «Табыс Ақтөбе», «Таза Қала» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктеріндегі қатысу үлестерін иелену және пайдалану құқықтарын, оның ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы мемлекеттік мүлік туралы заңнамасына сәйкес шешімдер қабылдауды іске асырады.

16. Бөлім тапсырыс берушінің келесі қызметтерін атқарады және мемлекеттік мекеменің балансындағы объектілерге бақылау жүргізеді:

1) көшені және сәндік-функционалдық жарықтандыру желілерін күту және жөндеу;

2) жауын кәріздерін, суағар желілерін ұстау және жөндеу;

3) кюветтер мен арықтарды ұстау және жөндеу;

4) саябақтарды, скверлерді, бульварларды, гүлзарларды, фонтандарды күтіп ұстау;

5) ескерткіштерді, мүсіндерді, мемориалдарды ұстау;

6) қалалық қорымды және жерлеу жөніндегі арнайы бригадаларды күтіп ұстау;

7) аншлагтарды, көше аттары мен нөмірлерін, мемориалды тақталарды және т.б. күтіп ұстау;

8) қаланы мерекелік шараларға сәнді-жарықтық безендіру;

9) қаланың даңғылдары мен көшелерін күту және көркейту, қысқы және жазғы мезгілдерде қала көшелерін (жолдың жүру бөлігін, жүретін жерлерді, тротуарларды, жаяу жүргіншілер өтпелерін және т.с.с.) тазалау;

10) су тасқынына қарсы іс-шаралар жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру, төтенше жағдайлар жағдайында жанар-жағар маймен және инертті материалдармен қамтамасыз ету;

11) мемлекеттік тапсырыс бойынша жұмыстарды атқаратын мердігерлік ұйымдардың жұмыстарын бақылау;

12) бөгеттерді, су қоймаларын, өткелдерді, су жағалауларын күтіп-ұстау, сайларды бекіту және көму, өзендерді реттеу және жағалауларды нығайту жөніндегі, көшкіндермен күрес жөніндегі жұмыстар, дренажды құрылыстарды күтіп-ұстау, көшелерді күтіп-ұстау және қайта жарақтандыру жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезінде жер асты инженерлік коммуникацияларын төсеу, жауын кәріздерін, қарапайым суағарларды, жер бетіндегі судың қайтуын қамтамасыз ететін ирригациялық және басқа құрылыстарды күтіп-ұстау;

13) саябақтарды, бульварларды, скверлерді, көше желектерін, қорғанышты жасыл аймақты күтіп-ұстау, қайта жарақтандыру және кеңейту, көгалдар мен гүлзарларды бөлу, күркелер, қоршаулар, жаяу жүргіншілер жолдары, аллеялар, ортақ пайдаланылатын жасыл желек алаңдары, пандустар, фонтандардың, бассейндердің тірек қабырғаларын тұрғызу, мүсіндерді, отырғыштарды, гүл құмыраларын, көлеңкелі қалқаларды, перголдарды және басқа шағын сәулет үлгілері элементтерін, көшелер мен жасыл алқаптарда қоқыс салатын урналарды орнату, бау-бақша-саябақ шаруашылықтарында, гүл шаруашылығы мен питомниктер жерлерінде суару құбырларын, ауыз су фонтандарын және кәріздік өнімдер, жергілікті сумен жабдықтайтын ашық суғарлар орнату; елді-мекендер жерлері шегінде питомниктер, қорғаныш және санитарлық аймақтар отырғызу, гүлдер мен салт-жоралғы қажеттіліктерін сату үшін коммуналдық ұйымдар қарауына жататын дүңгіршектер мен павильондарды күтіп-ұстау және жабдықтау; саябақтарды, скверлерді, көшелерді, жолдарды, алаңдарды көркейту және көгалдандыру, қажетті ғимараттары, шаруашылық құрылыстары (тұрғын үйлерден басқа) және алаңнан тыс инженерлік желілері бар оранжереяларды күтіп-ұстау;

14) төгінді және қоқыс тиейтін станциялар мен пульттертерді, қоғамдық дәретханаларды, қазынды шұңқырларды күтіп-ұстау және қайта жарақтандыру, биотермикалық камералар, ассенизациялық, сүзгі алаңдарын орнату, өлімтік көметін жерлерді, полигондарды (қоқыс орындарын) жырту және тыңайту және оларға баратын жолдарды күтіп-ұстау, санитарлық тазалау кәсіпорындарының өндірістік базаларын күтіп-ұстау, жылжымалы биодәретханалар алу және орнату;

15) елді-мекендерді көркейту, көгалдандыру және санитарлық тазалау жөніндегі жұмыстарды атқаратын коммуналдық кәсіпорындар мен ұйымдар үшін автомобиль көлігін, механизмдер, құрал-жабдықтар (соның ішінде монтажды қажет ететін), арнайы машиналар мен жабдықтар алу, аталған кәсіпорындар мен ұйымдардың механизмдері мен арнайы машиналарын жөндеу үшін гараждар, қалқалар, механикаландырылған жуу орындарын орнату;

16) көшені жарықтандыру желілерін, трансформаторлық аралық станциялар, кабельді және әуе желілерін күтіп-ұстау, қайта жарақтандыру және кеңейту; шырақтар, шамдар, кабель өнімдер, жарықтандыру желілерінің тіректерін, пульттер, телеавтоматикалық басқару және атқару (диспетчерлік) қосындарын, сыртқы жарықты басқарудың автоматты жүйесін алу және орнату;

17) сумен жабдықтауды, көгалдандыруды, қорымдарға баратын жолдарды орнатуды қоса алғанда қорымдарды көркейту және кеңейту;

18) коммуналдық органдардың қарауына жататын жағажайлар, шомылатын жерлер үшін айлақтар мен дебаркадерлерді күтіп-ұстау және көркейту, қала аумағында шыбын-шіркей ошақтарын жою жөніндегі күрес, тоғандар мен су қоймаларын тәртіпке келтіру, қарапайым гидротехникалық және мелиоративтік жұмыстарды жүргізу, ағын сумен ластанған жерлер мен су қоймаларын тазарту, өндірістік қажеттілік үшін бұрғылау құдықтары мен шегендерді күтіп-ұстау, ұңғымаларды сорғы қондырғыларымен жабдықтау;

19) қала сағаттарын, көше репродукторларын алу және орнату, жарнамалық, газет және басқа да стенділер дайындау және орнату, қалалық анықтама дүңгіршіктерін орнату және күтіп-ұстау;

20) осы тізбеде көрсетілген объектілерді жөндеуге және қайта жарақтандыруға жобалау-сметалық құжаттарды әзірлеу, тиісті қызметтермен бірге тұрғын үй қорын және үй маңы аумақтарын өз мақсаты бойынша пайдаланылуын, сондай-ақ, тұрғын үй қорының техникалық жағдайын, оның инженерлік құрал жабдықтарының,, сол сияқты, өз құзыры шегінде функциялары мемлекеттік мекемеге жүктелген қолданыстағы нормативті – техникалық және жобалық құжаттарға сәйкес оны күтіп ұстау мен жөндеу жөніндегі кешенді шаралардың уақытылы орындалуын бақылауға тексеру ұйымдастырады;

21) авариялық жағдайдағы және тозған үйлерді бұзу жұмыстарын ұйымдастыру;

22) жұмыстар мен қызметтер рыногының объектілерін іске асыру, ғимараттар мен құрылыстардың техникалық жағдайын тексеру, инженерлік желілер мен құрылыстардың техникалық жағдайын тексеру;

23) тұрғын үй қорын толықтыруды, есепке алуды, бөлуді, ресімдеуді және жекешелендіруді қамтамасыз ету, мемлекеттік үй қорының сақталуын ұйымдастыру;

24) азаматтардың баспанаға қажеттілігін толық қанағаттандыру мақсатында тұрғын алаңдарды алмастыруды жүргізу;

25) тұрғылықты жері бойынша тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтардың кезек тізімін және есебін жүргізу;

26) мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана бөлуді ұйымдастыру;

27) тұрғын үй қорына түгендеу жүргізу;

28) тұрғын үйді жалдау шарттарының сақталуын және есепке алуды қамтамасыз ету;

29) коммуналдық тұрғын үй бойынша тұрғын үй-коммуналдық қызметтер төлемі жөніндегі қарыздарды белгіленген тәртіпте өндіртіп алу;

30) азаматтардың алып отырған тұрғын алаңдарын жекешелендіруге олардан өтініштер мен құжаттар қабылдауды жүргізу, тұрғын үйді жекешелендіру шарттарын рәсімдеу;

31) тұрғын үй жағдайларын жақсартуға мұқтаж азаматтарды есепке алу жағдайын талдау және қала әкімінің қарауына тиісті ұсыныстар енгізу, меншік түріне және ведомствоға қарамастан босаған баспанаға Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бақылау жүргізу, сондай-ақ, мемлекеттік мүдделерді қорғаудағы сот процестерінде қатысу, сот процесстерінде талапкер және жауапкер болу;

32) тұрғын үй алуға, рәсімдеуге және алмастыруға мұқтаждарды есепке қою үшін қажетті мәліметтер мен құжаттарды азаматтардан алу;

33) заңдылықтың бұзылғанын көрсететін жағдайлар анықталған кезде құжаттарды рәсімдеу мен беруді тоқтату, тиісті органдарға сәйкес емес мәліметтер берген азаматтар мен жауапты тұлғалардың жауапкершілігі туралы белгіленген тәртіпте ұсыныстар жасау;

34) өз құзырына жататын тұрғын үй мәселелері бойынша азаматтарды қабылдауды ұйымдастыру, түскен ұсыныстарды, өтініштерді қарау және олар бойынша шешім қабылдау;

35) коммуналдық қызметтерге (байланыс қызметтерінен басқа) жеке тұлғалардың ақы төлеу мәселелерінің мониторингін ұйымдастыру;

36) тұрғын үй қорының жағдайын қорытындылау және талдау бойынша жұмыс жүргізу;

37) тұрғын үй қорын күтіп-ұстау және пайдалану жөніндегі нормативтік-техникалық талаптардың сақталуын бақылау;

38) тұрғын–үй коммуналдық шаруашылық мәселелелері бойынша жергілікті атқарушы органдарға және заң шығарушы органдарға ұсыныстар дайындау және талдау.»;

2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.Әлімовке жүктелсін.

3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                                 Б.Сағын

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50