Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

 

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы       12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            1. Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан (павильондардан) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

            2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы №1875 «Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3972 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі №95-96 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

            3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қ. Әлімовке жүктелсін.

            4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Қала әкімі                                                                                              Б. Сағын

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «__» __ №____ қаулысына қосымша

Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан (павильондардан) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орында

Сату орындары
1

«Нұр Ақтөбе» тұрғын алабы, № 16 үйдің маңы

2

11 мөлтек ауданы, № 76 үйдің маңы

3

12 мөлтек ауданы, № 30 үйдің маңы

4

Бөгенбай батыр көшесі, №133 «Б» үйдің маңы

5

Есет батыр көшесі, № 91 үйдің маңы

6

101 Атқыштар бригадасы көшесі, № 9 үйдің ауданы

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50