Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының          6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылдың 20 желтоқсандағы №188 «Ақтөбе қаласында   әлеуметтік көмек   көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3726 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда және 2014 жылғы 16 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген шешіммен бекітілген Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидасындағы:

            барлық мәтін бойынша «Ақтөбе қаласының «Қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» деген сөздер «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» деген сөздермен ауыстырылсын;

1 тараудың 1 тармағының 9) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:

«уәкілетті ұйым - «Азаматтарға арналған үкімет»мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті»;

            3 тараудың 19 тармағында:

            «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталықтың Ақтөбе облыстық филиалы» деген сөздер «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Зейнетақы төлеу жөніндегі мемлекеттік орталығы» департаменті» деген сөздермен ауыстырылсын.

  1. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық                                                            Ақтөбе қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                                 мәслихатының хатшысы

                          Р.Сагиддинов                                                   С. Шынтасова

                                                                                        

Жобаны ұсынушы:

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

ММ басшысы                                                                                         Н.Бөртебаева

Ақтөбе қалалық мәслихатының шешіміне

К Е Л І С І М   П А Р А Қ

Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылғы 20 желтоқсандағы

№188 «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін

белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін

айқындау қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Шешімге қол қойылған күн, жыл                                                  ______________

Тіркеу нөмірі                                                                                     ______________

Келісілді:

Қала әкімінің орынбасары                                                                        М.Қабыл

Қала әкімі аппаратының басшысының м.а.                                              С.Баекенова

Қала әкімі аппаратының мемлекеттік-

құқықтық бөлімінің басшысы                                                                С.Өтегенов

Қала әкімі аппаратының бақылау және

құжаттамалық қамтамасыз ету

бөлімінің басшысы                                                                                  К.Сұлубаева

Орындаушы:

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту

және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

ММ бас маманы                                                                                        А.Амантай

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50