Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Ақтөбе қаласы әкімдігінің кейбір қаулыларының күші жойылды деп танылсын.
  2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                                И.Испанов

Жобаны енгізуші:

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

ММ басшысы                                                                                  Н.Бөртебаева

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2016 жылғы ____шілдедегі

№___қаулысына қосымша

Қала әкімдігінің күші жойылды деп танылған қаулыларының тізбесі

  1. Ақтөбе облысы Ақтөбе қалалық әкімдігінің 2010 жылғы 16 сәуірдегі №968 «Ақтөбе қаласы белгіленген санаттағы тұлғалары үшін жұмыс орындарының квотасын белгілеу туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3-1-132 тіркелген, 2010 жылғы            6 мамырда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);
  2. Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы                     4 мамырдағы № 1557 «Жастар практикасын ұйымдастыру және қаржыландыру туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4330 болып тіркелген, 2015 жылғы 26 мамырда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған);

Ақтөбе облысы Ақтөбе қаласының әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 4899 «2016 жылға Ақтөбе қаласы бойынша қоғамдық жұмыстар жүргізілетін ұйымдардың тізбесін, қоғамдық жұмыстардың түрлерін, көлемі мен нақты жағдайларын, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды қаржыландырудың көздерін бекіту туралы» қаулысы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4673 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған).

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50