Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының  6 бабына, Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №66 «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. «Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылдың 4 наурыздағы № 319 (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2015 жылы 15   наурызда   № 4244 болып тіркелген, 2015 жылғы  

31 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгеріс енгізілсін:

«Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы» Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылдың 4 наурыздағы № 319 шешімінің атауы мынадай редакцияда жазылсын:

«Ақтөбе қаласының ауылдық елді мекендерінде тұратын және жұмыс істейтін мемлекеттік денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру, мәдениет, спорт және ветеринария ұйымдарының мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы».

            2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық                                                            Ақтөбе қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                                мәслихатының хатшысы

                                                                                                        С. Шынтасова

Жобаны ұсынушы:

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» ММ

басшысы                                                                                               Н. Бөртебаева

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50