Қазақша   Русский

RSS-лента

ЖОБА

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2011 жылғы                 10 наурыздағы «Мемлекеттік мүлік туралы» Заңының 156 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 17 мамырдағы қаулысымен бекітілген мектепке дейінгі ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының 14 тармағына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 17 наурыздағы «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар» санитариялық қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            1. Ақтөбе қаласының мектепке дейінгі ұйымдарда баланы ұстау үшін ата-аналардан немесе оларды алмастыратын тұлғалардан алынатын тамақтану үшін төлем көлемі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.

            2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары М. Қабылға жүктелсін.

            3. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 1 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.

Қала әкімі                                                                                             И.Испанов

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2016 жылғы____________

№_________ қаулысына

қосымша

Ақтөбе қаласының мектепке дейінгі ұйымдарында

тамақтану үшін төлемі

Мезгіл

Бір балаға бір күндік төлемақы

(теңге, ҚҚС қоса)

бір жастан үш

жасқа дейін

үш жастан алты
жасқа дейін

Жазғы

1 маусымнан

30 қарашаға дейін

400

450

Қысқы

1 желтоқсаннан

31 мамырға дейін

400

500

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50