Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            1. Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан (павильондардан) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

            2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы №1875 «Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3972 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі №95-96 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

            3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қ. Әлімовке жүктелсін.

            4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Қала әкімі                                                                                            І. Испанов

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

жылғы «__» __ №____

қаулысына қосымша

                                                                                                                     

Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан (павильондардан) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Сату орындары
1

«Авиақалашық» шағын ауданы, № 13 үйдің ауданы

2

Набережная көшесі, № 85 үйдің ауданы

3

Әбілқайыр хан даңғылы, № 59 «А» үйдің ауданы

4

«Келешек» тұрғын алабы, № 1 үйдің ауданы

5

Қарғалы селолық округі, Сәтпаев көшесі, № 55 үйдің ауданы

6

Қазанғап көшесі, № 57 «В» үйдің ауданы

7

Ағайынды Жұбановтар көшесі, № 306 үйдің ауданы

8

Ағайынды Жұбановтар көшесі, № 282 үйдің ауданы

9

Есет батыр көшесі, № 95 үйдің ауданы

10

Рысқұлов көшесі, № 14 үйдің ауданы

11

Есет батыр көшесі, № 110 үйдің ауданы

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50