Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық-санитарлық инспекторы міндетін атқарушысының 2016 жылғы 08 қыркүйек №5-2/493 ұсынысы негізінде, Сазды ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1. Сазды ауылдық округінің Сазды ауылы аумағында ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А. Мухановқа жүктелсін.
3. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сазды ауылдық округі әкімі                           А.Унгарбаев

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50