Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі «Білім туралы» Заңының 6-бабы 4-тармағының 8-1) тармақшасына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

              1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің «2016 жылға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшерлерін бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылдың 9 маусымында №4952 болып тіркелген, 2016 жылдың 23 маусымында 109-110 «Ақтөбе» және 24 маусымында №100-101 «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) 2016 жылғы 18 мамырдағы №1793 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:

              аталған қаулының қосымшасы осы қаулының қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары М.Қабылға жүктелсін.

3. Осы қаулы онын алғашқы ресми жариялаған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

           

Қала әкімі                                                                                                       І.Испанов


Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2016 жылғы____________

__________ қаулысына

                                                                                                                                                         қосымша

Ақтөбе қаласының мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысы, жан басына шаққандағы қаржыландыру және ата-ананың ақы төлеу мөлшері

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарының әкімшілік-аумақтық орналасуы Мектепке дейінгі ұйымдарда болу ұзақтығымен Мектепке дейінгі ұйымдарда қаржыландырудың жан басына шаққанда бір айдағы мөлшері (теңге) Бір тәрбиеленушіге айына жұмсалатын шығындардың орташа құны (теңге)

Мектепке дейінгі ұйымдарында ата-аналарының бір балаға бір күнгі төлемақы мөлшері

(теңге, ҚҚС коса алғанда)

Балабақша Балабақша

жазғы мезгіл

1 маусымнан 30 қарашаға дейін

қысқы мезгіл

1желтоқсаннан 31 мамырға дейін

Ақтөбе қаласы

10,5 сағат 19399 19399 1 жастан 3 жасқа дейін - 400; 3 жастан 6 жасқа дейін - 450 1 жастан 3 жасқа дейін - 400; 3 жастан 6 жасқа дейін - 500

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50