Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының          6 бабына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе қаласында   әлеуметтік көмек   көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары бекітілсін.
  2. Ақтөбе қалалық мәслихатының мынадай шешімдерінің күші жойылсын:
  3. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2013 жылдың 20 желтоқсандағы №188 «Ақтөбе қаласында   әлеуметтік көмек   көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №3726 болып тіркелген, 2014 жылғы 9 қаңтарда және 2014 жылғы 16 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімі;
  4. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылдың 10 маусымдағы №336 «Ақтөбе қалалық мәслихатының «Ақтөбе қаласында   әлеуметтік көмек   көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы №188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4405 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 шілдеде «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімі;
  5. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылдың 25 желтоқсандағы №395 «Ақтөбе қалалық мәслихатының «Ақтөбе қаласында   әлеуметтік көмек   көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы №188 шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4713 болып

2

тіркелген, 2015 жылғы 9 ақпанда және 2015 жылғы 17 ақпанда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімі;

  1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылдың 17 ақпандағы №421 «Ақтөбе қалалық мәслихатының «Ақтөбе қаласында   әлеуметтік көмек   көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы №188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4793 болып тіркелген, 2016 жылғы 22 наурызда және 2016 жылғы 25 наурызда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімі;
  2. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылдың 27 шілдедегі №81 «Ақтөбе қалалық мәслихатының «Ақтөбе қаласында   әлеуметтік көмек   көрсету, мөлшерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 20 желтоқсанындағы №188 шешіміне өзгерістер енгізу туралы (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5042 болып тіркелген, 2016 жылғы 8 қыркүйекте және 2016 жылғы 9 қыркүйекте «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімі;
  3.  Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық                                                            Ақтөбе қалалық

мәслихаты сессиясының төрағасы                           мәслихатының хатшысы

                                                                                                            С. Шынтасова

____________________Қ.Отаров          

Жобаны ұсынушы:

«Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және

әлеуметтік бағдарламалар бөлімі»

ММ басшысы                                                                                         Н.Бөртебаева

Ақтөбе қалалық мәслихатының
                                                                                           _______________ сессиясының
                                                                                             ___________ жылғы_________

№_____ шешiмiне қосымша

Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидалары

Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 24) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы № 95-IV Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес әзiрленді (бұдан әрi - Үлгiлiк қағидалар).

1. Жалпы ережелер

1. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

1) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

2) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

3) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Ақтөбе облысының статистика органы есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

4) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

5) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы
- отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

6) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

7) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;

8) уәкiлеттi ұйым – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті»;

9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

10) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;

2. Осы Қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

3. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Үлгілік қағидаларда және осы қағидаларда белгіленген тәртіпте беріледі.

4. Әлеуметтiк көмек дегеніміз жергілікті атқарушы орган мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi - Алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай - ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай түрде берілетін көмек.

5. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

6. Атаулы күндер мен мереке күндерiнiң тiзбелерi болып табылады: Жеңіс күні - 9 мамыр;

Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі;

21-23 наурыз – Наурыз мейрамы.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi

7. Ай сайынғы әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 4,5 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 1,7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

3) Қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне), 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 1,1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

4) Үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 1 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

5) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, тиісті көмек немесе жәрдемақы алуға құқығы анықталған жағдайда, 1 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

8. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 54 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 32 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 21,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

4) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 10,4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

5) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 24 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

6) Қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 10,4 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

7) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 10,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

8) "Отан", "Даңқ" ордендерiмен наградталған, "Халық қаһарманы" атағын иеленген, Қазақстан Республикасының құрметтi атақтарына ие болған азаматтарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 10,5 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде;

9) ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнетақы төлемдерін алушыларға 21-23 наурыз – Наурыз мейрамына орай 11,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;

10) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 21-23 наурыз – Наурыз мейрамына орай 11,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

9. Өмiрлiк қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 81 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 54 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 43 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

4) зейнеткерлік жасқа жеткен адамдарға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

6) саяси қуғын - сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға 27 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

7) көп балалы отбасыларға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

9) аз қамтылған азаматтарға 32 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

10) әлеуметтік мәні бар аурулары (онкологиялық аурулары бар адамдар, АИТВ жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын) бар азаматтарға 43 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде;

11) адамдардың қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сол сияқты аз қамтылған отбасыларға кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге 16 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерінде;

12) қала нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша Ақтөбе қаласының арнаулы орта оқу орындарында оқудың күндізгі нысанының оқуын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне: жетім балалар; балалар үйінің түлектері; бала кезінен мүгедектер; ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасылар балалары.

Ақшалай төлемдер оқудың іс жүзіндегі құны мөлшерінде жүргізіледі және 81 айлық есептiк көрсеткiштен артық емес мөлшерде оқу жылы ішінде екі бөліп аударылады. Оқуға ақшалай төлем есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін арнайы комиссия анықтайды.

13) әлеуметтік тұрғыдан халықтың осал тобы қатарынан шыққан студенттерге жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына бакалавр академиялық дәрежелерін алу үшін оқу ақысын төлеуге өңірге қажет мамандықтар бойынша, күндізгі оқыту нысаны бойынша білім алатын қала жастарына тағайындалады.
            Студенттерге әлеуметтік көмек жылына бір рет, оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі төлемдерді және шәкірт ақысын өтеуге көрсетіледі.

10. Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;

2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келу не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;

3) Ақтөбе қаласы мәслихаты ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.

11. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей.

12. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылар мен мүгедектерінен басқасы).

13. Әрбір жекелеген жағдайда, көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмекті көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

       14. Осы Қағидаларда күшіне енгенге дейінгі қабылданған, Қағидалардың7 тармағындакөрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;

3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

4) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);

5) Психологиялық - медико - педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін);

6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шотының бары жөніндегі анықтама.

15. Отбасында екі немесе одан да көп адамдардың ай сайынғы коммуналдық қызметтерді алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі отбасы мүшелерінің таңдауы бойынша тек біреуіне ғана көрсетіледі.

16. Қағиданың8 тармағының1) - 5) тармақшаларында және 9) және 10) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға, атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті» не өзге де ұйымдардың ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекiтетiн тiзiм бойынша көрсетiледi. 

17. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек осы Қағида күшіне енгенге дейін қабылданған Қағиданың 8 тармағының6) - 8) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей "Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі" мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаты;

4) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шотының бары жөніндегі анықтама.

18. Азаматтардың жекелеген санаттарының әлеуметтік көмектің бірнеше түріне құқығы болған жағдайда әртүрлі атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтік көмек түрінің біреуі көрсетіледі (мөлшер бойынша жоғарысы).

19. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

3) Үлгiлiк қағидадағы 1 - қосымшағасәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтер;

4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтер;

5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат;

6) банк операцияларының тиісті түрлеріне Қазақстан Республикасының Ұлттық Банк лицензиясы бар ұйымдардағы немесе екінші деңгейлі банктердегі шотының бары жөніндегі анықтама.

20. Егер өтініш беруші жүгінген кезде мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек және (немесе) он сегіз жасқа дейінгі балаларға мемлекеттік жәрдемақы алушы болып табылса, сондай-ақ оларда қамтылған ақпаратты мемлекеттік ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болған кезде осы Қағидалардың19 - тармағының3), 4) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсыну талап етілмейді.

21. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

22. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

23. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Үлгiлiк қағидаларға2,3 - қосымшаларғасәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.

Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

24. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

25. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

26. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

27. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

28. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

 Осы қағидалардың 24және25 тармақтарындакөрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

29. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда - негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

30. Белгiленген негiздемелердiң бiреуi бойынша әлеуметтiк көмек күнтiзбелiк бiр жыл iшiнде қайта көрсетiлмейдi.

31. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

32. Әлеуметтiк көмек:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы Ақтөбе қаласынан тыс тұрақты тұруға кеткен;

3) алушыны мемлекеттiк медициналық - әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда тоқтатылады.

Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

33. Артық төленген сомалар ерiктi немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген өзгеше тәртiппен қайтаруға жатады.

5. Әлеуметтік көмекті төлеу және қаржыландыру

34. Әлеуметтік көмек ақшалай нысанда әлеуметтік көмек алушылардың жеке шоттарына екінші деңгейдегі банктер, сонымен қатар банктік қызметтің жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы есеп шоттарына ақшалай сомаларды аудару жолымен жүргізеді.

35. Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына арналған републикалық бюджет туралы заңда бекітілген айлық есептік көрсеткіш мөлшерінің өзгерісін ескере отырып төленеді.

36. Әлеуметтік көмек беруге шығыстарды қаржыландыру аудан бюджетінде көзделген ағымдағы қаржылық жылға арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

6. Қорытынды ереже

          37. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган "Әлеуметтік көмек" ААЖ не (немесе) "Е - собес" ААЖ дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50