Қазақша   Русский

RSS-лента

ЖОБА

 

Ақтөбе қалалық мәслихатының
2011 жылғы 26 қарашадағы
№392 «Ақтөбе қаласының басқару
сызбасын бекіту туралы» шешіміне
өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 3 тармақшасына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2015 жылғы 26 қарашадағы №392 «Ақтөбе қаласының басқару сызбасын бекіту туралы» шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:
1) 10 жолдағы «Ақтөбе қаласының мемлекеттік активтер және сатып алу бөлімі» мемлекеттік мекемесі» сөздері «Ақтөбе қаласының қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі» сөздерімен ауыстырылсын;
2) 12 жолдағы «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі» сөздері «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі» сөздерімен ауыстырылсын;
3) 17 жол «Ақтөбе қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» мемлекеттік мекемесі» сөздерімен толықтырылсын;
4) 24 жол «Ақтөбе қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі» мемлекеттік мекемесі» сөздерімен толықтырылсын.
2. Осы шешім қол қойылған күннен бастап күшіне енеді.

 

 

Ақтөбе қалалық

мәслихатының сессия төрағасы

 

                              В. Гринберг

 Ақтөбе қалалық

мәслихатының хатшысы

 

   С. Шынтасова

 

Жобаны ұсынушы:
Қала әкімі аппаратының басшысы Қ. Райымқұлов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50