Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

 

 

2017 жылға ата-анасынан кәмелеттік
жасқа толғанға дейін айырылған немесе
ата-анасының қамқорлығынсыз қалған,
білім беру ұйымдарының түлектері
болып табылатын жастар қатарындағы
азаматтарды, бас бостандығынан
айыру орындарынан босатылған
тұлғаларды, пробация қызметінің есебінде
тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру
үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы

 

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңының 9, 27 баптарына, 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабына және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 26 мамырдағы № 412 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарын квоталау қағидаларын бекіту туралы», бұйрығына сәйкес, Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы бойынша ұйымдық-құқықтық нысанына және меншік нысанына қарамастан барлық ұйымдар үшін, 2017 жылға 1 % мөлшерінде ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айрылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған тұлғаларды, пробация қызметінің есебінде тұрған тұлғаларды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Л.Оразбаеваға жүктелсін.
3. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                                                                     І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50