Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

 

 

«Ақтөбе қалалық ішкі саясат
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
атауын өзгерту туралы»
Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2015 жылғы 18 желтоқсандағы
№ 4897 қаулысының күші
жойылды деп тану туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №4897 «Ақтөбе қалалық ішкі саясат бөлімі» мемлекеттік мекемесінің атауын өзгерту туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №4670 болып тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтардағы «Актюбинский вестник» газетінде, 2016 жылғы 16 қаңтардағы «Ақтөбе» газетінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
2. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

 

Қала әкімі                      І.Испанов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50