Қазақша   Русский

RSS-лента

ЖОБА

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» кодексінің 386 бабының 5 тармағына, 444 бабының 1 тармағына сәйкес Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Ақтөбе қалалық мәслихаттың 2016 жылғы 29 сәуірдегі №36 «Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығын базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» (Ақтөбе облысының әділет Департаментінде 2016 жылғы 26 мамырда №4939 санымен тіркелген) шешіміне келесі толықтыру енгізілсін:

көрсетілген шешімнің 1 тармағын келесі сөздермен толықтыру:

«Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес».

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық мәслихатысессиясының төрағасы: Т.Хамитов

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы: С.Шынтасова

Жоба енгізуші: «Ақтөбе қалалық жер қатынастары бөлімі» ММ басшысы Ұ.Мыңбаев

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50