Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

 

«Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар,
митингілер, шерулер,
пикеттер және
демонстрациялар өткізу
тәртібін қосымша реттеу туралы»
Ақтөбе қалалық маслихатының
2016 жылғы 8 сәуірдегі №17 шешіміне
өзгерістер енгізу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасының жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының                1995 жылғы 17 наурыздағы №2126 «Қазақстан Республикасында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткізудің тәртібі туралы» Заңының 10 бабына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

            1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 8 сәуірдегі №17 «Ақтөбе қаласында бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер мен демонстрациялар өткізу тәртібін қосымша реттеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №4869 болып тіркелген, 2016 жылғы 4 мамырда «Ақтөбе» және 2016 жылғы 30 сәуірдегі «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімге келесідей өзгерістер енгізілсін:

            2 тармақтың 3 тармақшасындағы «Қоныс» спорт сарайының артындағы стадион (Әбілхайыр хан даңғылы, 52)» деген сөздері «Геолог» Мәдениет Үйінің алдындағы алаң» сөздерімен ауыстырылсын;

            2 тармақтың 5 тармақшасындағы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы саябақ (Әбілхайыр хан даңғылы, 93)» деген сөздері «Ә.Молдағұлова даңғылы мен Сәңкібай батыр даңғылы қиылысындағы саябақ» сөздерімен ауыстырылсын.

2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Ақтөбе қалалық                                                                            Ақтөбе қалалық

мәслихатының сессия төрағасы                                              мәслихатының хатшысы

                Т. Хамитов                                                              С. Шынтасова

баны ұсынушы:Қала әкімі аппараты

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50