Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

 

           «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңның 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министірінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10030 болып тіркелген ) сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

            1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсанындағы № 284 «Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4182 болып тіркелген, 2015 жылғы 29 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

            мемлекеттік тіліндегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «пайда болу» деген сөздері «түзілу» деген сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі шешімнің тақырыбы мен мәтіні өзгермейді;

            мемлекеттік тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы «қалдықтар» деген сөзі «қалдықтардың» деген сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

            жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның:

            мемлекеттік тіліндегі 3 бағанның атауы келесі редакцияда жазылсын:

«Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу орташа жылдық нормасы, м 3»;

орыс тіліндегі 3 бағанның атауында «норма» деген сөзден кейін «образования и» деген сөздер толтырылсын;

            2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қаласының мәслихат                                   Ақтөбе қаласының

сессиясының төрағасы                                               мәслихатының хатшысы

                                                                                                

               К. Масалимова                                                                 С.Шынтасова

Ақтөбе қалалық мәслихатының

кезекті отыз жетінші сессиясының

2015 жылғы 25 желтоқсандағы

№ 397 шешіміне қосымша

Ақтөбе қалалық мәслихатының

кезекті жиырма жетінші

сессиясының

2014 жылғы 23 желтоқсандағы

№ 284 шешіміне қосымша

Нысан атауы Есептеу бірлігі Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу орташа жылдық нормасы, м3
1 Жабдықталған тұрғын үйлер 1 тұрғын 2,01
Жабдықталмаған тұрғын үйлер 1 тұрғын 2,3
2 Жатақханалар, интернаттар, балалар үйлері, қарттар үйлері 1 орын 0,94
3 Қонақ үйлер, санаторийлер, демалыс үйлері 1        орын 1,1
4 Балабақшалар, бөбекжайлар 1 орын 0,5
5 Мекемелер, ұйымдар, офистер,кеңселер, жинақбанкілері, байланысбөлімшелері 1 қызметкер 0,76
6 Емханалар 1 адам 0,17
7 Ауруханалар, санаторийлер, өзгедеемдеу-сауықтырумекемелері 1 төсек - орын 1,35
8 Мектептер және өзге де оқу орындары 1 оқушы 0,28
9 Мейрамханалар, кафе, қоғамдық тамақтандыру мекемелері 1 орын 1,65
10 Театрлар, кинотеатрлар, концерт залдары, түнгі клубтар, ойынханалар, ойын автоматтарының залы 1 орын 0,49
11 Мұражайлар, көрмелер Жалпы алаңы             1 м2 0,09
12 Стадиондар, спорт алаңдары Жоба бойынша            1 орын 0,13
13 Спорт, би және ойын залдары Жалпы алаңы          1 м2 0,11
14

Азық-түлік дүкендері

Сауда алаңы                1 м2 0,75
15 Машиналардан сату Сауда орны 1 м2 0,75
16 Өнеркәсіптік дүкендер, супермаркеттер Сауда алаңы               1 м2 0,75
17 Базарлар, сауда павильондары, дүңгіршектер, сөрелер Сауда алаңы                 1 м2 0,75
18 Азық-түлік тауарларының көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы             1 м2 0,37
19 Өнеркәсіптік тауарлардың көтерме базалары, қоймалары Жалпы алаңы 1 м2 0,37
20 Тұрмыстық қызмет корсету үйі: халыққа қызмет көрсету Жалпы алаңы   1 м2 0,2074
21 Вокзалдар, автовокзалдар, әуежайлар Жалпы алаңы 1 м2 0,57
22 Жағажайлар Жалпы алаңы   1 м2 7,55
23 Дәріханалар Сауда алаңы   1 м2 0,66
24 Автотұрақтар, автомобильді жуу орындары, АЖС, гараждар 1 машина - орын 7,12
25 Автомобиль шеберханалары 1 жұмысшы 2,12
26 Гараж кооперативтері 1 гаражға 0,18
27 Шаштараздар, косметикалық салондар 1 жұмыс орны 1,78
28 Кір жуатын орындар, химиялық тазалау, тұрмыстық техниканы жөндеу, тігін ательесі Жалпы алаңы                      1 м2 0,2074
29 Зергерлік, аяқ киімді, сағаттарды жөндеу шеберханалары Жалпы алаңы              1 м2 0,86
30 Жөндеу және қызмет көрсету орындары (кілттер жасау) 1 жұмыс орны 0,86
31 Моншалар, сауналар Жалпы алаңы                1 м2 0,82
32 Қаланың аумағында жаппай                             іс-шаралар ұйымдастыратын заңды ұйымдар 1000 қатысушы 0,8
33 Бау-бақша кооперативтері 1 учаске 3,96

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50