Қазақша   Русский

RSS-лента

жоба

 

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 56 бабына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы №504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

  1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2016 жылғы 23 қарашадағы №114  «Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау қағидаларын бекіту туралы» (номативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №5179 болып тіркелген, 2017 жылғы 9 қаңтарда «Ақтөбе» газетінде, 2017 жылғы 7 қаңтарда «Актюбинский вестник» газетінде жарияланған) шешіміне келісі өзгерістер енгізілсін:

                 көрсетілген шешімдегі қосымша осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

            2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен соң күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық                                                         Ақтөбе қалалық

мәслихаты сессиясының төрағасы                          мәслихатының хатшысы

                                                                                        С. Шынтасова

«Келісілді»

Ақтөбе облысының жұмыспен қамтуды

үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар

басқармасының басшысы

___________________Қ.Отаров

                                                              

Ақтөбе қалалық мәслихатының

кезекті _________ сессиясының

2017 жылғы ____ сәуірдегі №___

шешіміне қосымша

Ақтөбе қалалық мәслихатының
2016 жылғы 23 қарашадағы №114

шешімімен бекітілген

Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындау Қағидалары

 

1. Ақтөбе қаласында әлеуметтік көмек көрсету, мөлшерлерін белгілеу және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың осы қағидалары (бұдан әрi – Қағидалар) 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн - өзi басқару туралы» Заңының 31 бабының 1 тармағының 24) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет Кодексінің 56 бабының 1 тармағының 4) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 21 мамырдағы № 504 «Әлеуметтік көмек көрсетудің, оның мөлшерлерін белгілеудің және мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарының тізбесін айқындаудың үлгілік қағидаларын бекіту туралы» қаулысының 2 тармағына сәйкес әзiрленді (бұдан әрi - Үлгiлiк қағидалар).

1. Жалпы ережелер

 

2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негiзгi терминдер мен ұғымдар:

1) «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы – «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Ақтөбе облысы бойынша филиалы – «Әлеуметтік төлемдерді ведомствоаралық есептеу орталығы» департаменті» (бұдан әрі – уәкілетті ұйым)

2) атаулы күндер – жалпы халықтық тарихи, рухани, мәдени маңызы бар және Қазақстан Республикасы тарихының барысына ықпал еткен оқиғалар;

3) арнайы комиссия – өмiрлiк қиын жағдайдың туындауына байланысты әлеуметтiк көмек көрсетуге үмiткер адамның (отбасының) өтiнiшiн қарау бойынша Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

4) ең төмен күнкөрiс деңгейi - Ақтөбе облысының статистика органы есептейтiн мөлшері бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бiр адамға қажеттi ең төмен ақшалай кiрiс;

5) мереке күндерi - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттiк мереке күндерi;

6) отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы
- отбасының жиынтық табысының айына отбасының әрбiр мүшесiне келетiн үлесi;

7) өмiрлiк қиын жағдай - азаматтың тыныс-тiршiлiгiн объективтi түрде бұзатын, ол оны өз бетiнше еңсере алмайтын ахуал;

8) уәкiлеттi орган - жергiлiктi бюджет есебiнен қаржыландырылатын, әлеуметтiк көмек көрсетудi жүзеге асыратын «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмi» мемлекеттiк мекемесi;

9) учаскелiк комиссия - әлеуметтiк көмек алуға өтiнiш бiлдiрген адамдардың (отбасылардың) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу және қорытындылар дайындау үшiн Ақтөбе қаласы әкiмiнiң шешiмiмен құрылатын комиссия;

10) шектi шама - әлеуметтiк көмектiң бекiтiлген ең жоғары мөлшерi;

3. Осы Қағидалар Ақтөбе қаласында тұрақты тұратын адамдарға қолданылады.

4. Әлеуметтік көмекке мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі Үлгілік қағидаларда және осы қағидаларда белгіленген тәртіпте беріледі.

5. Әлеуметтiк көмек ретінде жергілікті атқарушы орган (бұдан әрі – ЖАО) мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына (бұдан әрi - алушылар) өмiрлiк қиын жағдай туындаған жағдайда, сондай - ақ атаулы күндер мен мереке күндерiне ақшалай немесе заттай нысанда көрсетілетін көмек түсініледі.

6. Әлеуметтiк көмек бiр рет және (немесе) мерзiмдi (ай сайын, тоқсан сайын, жартыжылдықта 1 рет) көрсетiледi.

7. Әлеуметтік көмек көрсету үшін атаулы күндер мен мереке күндерiнiң

тiзбесі:

Жеңіс күні - 9 мамыр;

Мүгедектер күні - қазан айының екінші жексенбісі;

8. Учаскелік және арнайы комиссиялар өз қызметін   облыстардың ЖАО

бекітетін ережелердің негізінде жүзеге асырады.

2. Әлеуметтiк көмек алушылар санаттарының тiзбесi және әлеуметтiк көмектiң мөлшерлерi

 

9. Ай сайынғы әлеуметтік көмек кірісті есепке алмай көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық қызметтерге 10 000 (он мың) теңге мөлшерiнде;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға, жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 3 500 (үш мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;

3) қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне), 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға жылу маусымының 7 айы ішінде (қаңтардан сәуірге дейін, қазаннан желтоқсанға дейін) коммуналдық қызметтерге 2 500 (екі мың бес жүз) теңге мөлшерiнде;

4) үйде оқитын мүгедек балалардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне бір мүгедек балаға 2 200 (екі мың екі жүз) теңге мөлшерiнде;

5) аз қамтылған отбасыларға, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алушыларға және он сегіз жасқа дейінгі балаларға төленетін ай сайынғы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға, тиісті көмек немесе жәрдемақы алуға құқығы анықталған жағдайда, 2 200 (екі мың екі жүз) теңге мөлшерiнде;

10. Атаулы күндер мен мерекелік күндерге бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 120 000 (жүз жиырма мың) теңге мөлшерiнде;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 60 000 (алпыс мың) теңге мөлшерiнде;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысына қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 35 000 (отыз бес мың) теңге мөлшерiнде;

4) 1941 жылдың 22 маусымынан 1945 жылдың 9 мамыры аралығында кемінде 6 ай әскери қызмет өткерген және тылда жұмыс жасаған азаматтарға 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 12 000 (он екі мың) теңге мөлшерiнде;

5) мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушы мүгедектерге қазан айының екінші жексенбісі мүгедектер күніне орай 40 000 (қырық мың) теңге мөлшерiнде;

6) қайтыс болған Ұлы Отан соғысына қатысушылардың мүгедек деп танылмаған, екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне (күйеулеріне) 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 12 000 (он екі мың) теңге мөлшерiнде;

7) қайтыс болған ауғандық жауынгерлердің ата-аналарына және екінші рет некеге отырмаған әйелдеріне 9 мамыр - Жеңіс күніне орай 12 000 (он екі мың) теңге мөлшерiнде;

11. Өмiрлiк қиын жағдайға тап болған кезде біржолғы әлеуметтік көмек көрсетіледі:

1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне 180 000 (жүз сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

2) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы қатысушыларына және мүгедектеріне теңестірілген адамдарға 120 000 (жүз жиырма мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

3) жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысының қатысушыларына теңестірілген адамдардың басқа да санаттарына 95 000 (тоқсан бес мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

4) төменгі зейнетақы мөлшерінен аспайтын зейнетақы төлемдерін алушыларға, 70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

5) мүгедектерге, оның ішінде 18 жасқа дейінгі мүгедек баланы тәрбиелеп отырған адамдарға 70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

6) саяси қуғын - сүргін құрбандары, саяси қуғын-сүргіндерден зардап шеккен адамдарға 60 000 (алпыс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

7) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар көп балалы отбасыларға 70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

8) жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, балалар үйінің түлектеріне 70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

9) аз қамтылған азаматтарға 70 000 (жетпіс мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

10) әлеуметтік мәні бар аурулары (онкологиялық аурулары бар адамдар, адамның иммун тапшылығы вирусын жұқтырған және туберкулездің әртүрлі түрімен ауыратын) бар азаматтарға 95 000 (тоқсан бес мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

11) адамдардың қайтыс болған күні уәкілетті органда жұмыссыз ретінде тіркелген туыстарын, жұбайларын жерлеуге, сол сияқты аз қамтылған отбасыларға кәмелетке толмаған балаларын жерлеуге 35 000 (отыз бес мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

12) табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарға 100 000 (жүз мың) теңгеден артық емес мөлшерде;

13) қала нарығында талап етілетін мамандықтар бойынша оқудың күндізгі нысанының оқуын төлеу үшін: жетім балалар; балалар үйінің түлектері; бала кезінен мүгедектер; ата - анасының қамқорлығынсыз қалған балалар; төрт және одан да көп бірге тұрып жатқан кәмелетке толмаған балалары оның ішінде орта, техникалық және кәсіптік, орта білімінен кейінгі білім беретін ұйымдарда, жоғары оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар көп балалы отбасылар, балалары кәмілеттік жасқа толғаннан кейін олар оқу орнын бітіретін уақытқа дейін (бірақ әрі дегенде жиырма үш жасқа толғанға дейін) көп балалы отбасылар балалары:

Ақтөбе қаласының арнаулы орта оқу орындарында оқудың іс жүзіндегі құны мөлшерінде жүргізіледі және 180 000 (жүз сексен мың) теңгеден артық емес мөлшерде оқу жылы ішінде екі бөліп аударылады.

резидентурада клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу үшін оқудың ақшалай құны мөлшерінде.

Оқуға ақшалай төлем есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесін арнайы комиссия анықтайды.

            Әлеуметтік көмек студенттерге жергілікті бюджет қаражаты есебінен, жылына бір рет, оқу орнының білім беру қызметінің құны шегіндегі жыл сайынғы төлемдерді өтеуге көрсетіледі.

12. Өмірлік қиын жағдайлардағы азаматтарға, егер жолыққан сәттің алдындағы тоқсанда отбасының (азаматтың) жан басына шаққандағы орташа табысы Ақтөбе облысы бойынша төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінен 1 еседен аспаса әлеуметтік көмек көрсетіледі (кірісі есептелмей әлеуметтік көмек көрсетілетін Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектерін, табиғи зілзаланың немесе өрттің салдарынан зардап шеккен азаматтарды қоспағанда).

Азаматтарды өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде мұқтаждар санатына жатқызу үшiн:

1) Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген негiздемелер;

2) табиғи зiлзаланың немесе өрттiң салдарынан азаматқа (отбасына) не оның мүлкiне зиян келу не әлеуметтiк мәнi бар аурулардың болуы;

3) Ақтөбе қаласы мәслихаты ең төмен күнкөрiс деңгейiне еселiк қатынаста белгiлеген шектен аспайтын жан басына шаққандағы орташа табыстың болуы негiздеме болып табылады.

13. Табиғи зілзала немесе өрт салдарынан өмірлік қиын жағдайлар туындаған кезде әлеуметтік көмек алу үшін өтініштерді қарау мерзімі:

өмірлік қиын жағдайлар туындаған сәттен бастап алты айдан кешіктірмей.

14. Әрбір жекелеген жағдайда, көрсетілетін әлеуметтік көмектің мөлшерін арнайы комиссия айқындайды және оны әлеуметтік көмекті көрсету қажеттілігі туралы қорытындыда көрсетеді.

 

3. Әлеуметтiк көмек көрсету тәртiбi

15. Қағиданың10 тармағының1) - 5) тармақшаларында көрсетілген тұлғаларға, атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек алушылардан өтiнiштер талап етiлмей, уәкілетті ұйымның не өзге де ұйымдардың ұсынымы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекiткен тiзiмі бойынша көрсетiледi. 

Азаматтардың кейбір санаттарының әр түрлі атаулы күндер мен мерекелік күндері (санатына байланысты) әлеуметтік көмек алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмектің бір түрі көрсетіледі (көлемі бойынша үлкені).

16. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек алу үшiн өтiнiш берушi өзiнiң немесе отбасының атынан уәкiлеттi органға немесе ауылдық округтың әкiмiне өтiнiшке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

3) Үлгiлiк қағидадағы 1 - қосымшағасәйкес адамның (отбасының) құрамы туралы мәлiметтер;

4) адамның (отбасы мүшелерiнiң) табыстары туралы мәлiметтер;

5) өмiрлiк қиын жағдайдың туындағанын растайтын акт және/немесе құжат.

            17. Осы Қағидаларда күшіне енгенге дейінгі қабылданған, Қағидалардың9 тармағындакөрсетілген адамдарға ай сайынғы әлеуметтік көмек алушылардың өтініштері талап етілмей көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) өтініш берушінің әлеуметтік жағдайын растайтын құжат;

3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжат;

4) мүгедек баланы үйде оқитындығын растайтын анықтама (мүгедек балалар үшін);

5) психологиялық - медико - педагогикалық кеңестің қорытындысы (мүгедек балалар үшін).

18. Отбасында екі немесе одан да көп адамдардың ай сайынғы коммуналдық қызметтерді алуға құқығы болған жағдайда әлеуметтік көмек төлемі отбасы мүшелерінің таңдауы бойынша тек біреуіне ғана көрсетіледі.

19. Атаулы күндер мен мереке күндерiне әлеуметтiк көмек осы Қағида күшіне енгенге дейін қабылданған Қағиданың 10 тармағының6) - 7) тармақшаларында көрсетілген әлеуметтік көмек алушылардан өтініштер талап етілмей «Ақтөбе қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесінің ұсынысы бойынша Ақтөбе қалалық әкімдігі бекіткен тізім бойынша көрсетіледі. Қайта өтініш жасаған адамдар өтінішке қоса мынадай құжаттарды тапсырады:

1) жеке басын куәландыратын құжат;

2) өтініш берушінің әлеуметтік мәртебесін растайтын құжат;

3) тұрақты тұрғылықты жерi бойынша тiркелгенiн растайтын құжаты.

20. Құжаттар салыстырып тексеру үшiн түпнұсқаларда және көшiрмелерде ұсынылады, содан кейiн құжаттардың түпнұсқалары өтiнiш берушiге қайтарылады.

21. Өмiрлiк қиын жағдай туындаған кезде әлеуметтiк көмек көрсетуге өтiнiш келiп түскен кезде уәкiлеттi орган немесе ауылдық округтiң әкiмi бiр жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiнiң құжаттарын адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзу үшiн учаскелiк комиссияға жiбередi.

22. Учаскелiк комиссия құжаттарды алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде өтiнiш берушiге тексеру жүргiзедi, оның нәтижелерi бойынша осы Үлгiлiк қағидаларға2,3 - қосымшаларғасәйкес нысандар бойынша адамның (отбасының) материалдық жағдайы туралы актi жасайды, адамның (отбасының) әлеуметтiк көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкiлеттi органға немесе ауылдық округ әкiмiне жiбередi.

Ауылдық округ әкiмi учаскелiк комиссияның актiсi мен қорытындысын алған күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде оларды қоса берiлген құжаттармен уәкiлеттi органға жiбередi.

23. Әлеуметтiк көмек көрсету үшiн құжаттар жетiспеген жағдайда уәкiлеттi орган әлеуметтiк көмек көрсетуге ұсынылған құжаттарды қарау үшiн қажеттi мәлiметтердi тиiстi органдардан сұратады.

24. Өтiнiш берушiнiң қажеттi құжаттарды олардың бүлiнуiне, жоғалуына байланысты ұсынуға мүмкiндiгi болмаған жағдайда уәкiлеттi орган тиiстi мәлiметтердi қамтитын өзге уәкiлеттi органдар мен ұйымдардың деректерi негiзiнде әлеуметтiк көмек тағайындау туралы шешiм қабылдайды.

25. Уәкiлеттi орган учаскелiк комиссиядан немесе ауылдық округ әкiмiнен құжаттар келiп түскен күннен бастап бiр жұмыс күнi iшiнде Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысын есептеудi жүргiзедi және құжаттардың толық пакетiн арнайы комиссияның қарауына ұсынады.

26. Арнайы комиссия құжаттар келiп түскен күннен бастап екi жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытынды шығарады, оң қорытынды болған кезде әлеуметтiк көмектiң мөлшерiн көрсетедi.

27. Уәкiлеттi орган өтiнiш берушiнiң әлеуметтiк көмек алуға қажеттi құжаттарын тiркеген күннен бастап сегiз жұмыс күнi iшiнде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтiк көмек көрсету қажеттiлiгi туралы қорытындысының негiзiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

 Осы қағидалардың 23және24 тармақтарындакөрсетiлген жағдайларда уәкiлеттi орган өтiнiш берушiден немесе ауылдық округтiң әкiмiнен құжаттарды қабылдаған күннен бастап жиырма жұмыс күнi iшiнде әлеуметтiк көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешiм қабылдайды.

28. Уәкiлеттi орган шешiм қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнi iшiнде қабылданған шешiм туралы (бас тартқан жағдайда - негiздемесiн көрсете отырып) өтiнiш берушiнi жазбаша хабардар етедi.

29. Әлеуметтiк көмек көрсетуден бас тарту:

1) өтiнiш берушi ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған;

2) өтiнiш берушi адамның (отбасының) материалдық жағдайына тексеру жүргiзуден бас тартқан, жалтарған;

3) адамның (отбасының) жан басына шаққандағы орташа табысы әлеуметтік көмек көрсету үшін жергілікті өкілді органдар белгілеген шектен артқан жағдайларда жүзеге асырылады.

30. Әлеуметтік көмек ұсынуға шығыстарды қаржыландыру қаланың бюджетінде көзделген ағымдағы қаржы жылына арналған қаражат шегінде жүзеге асырылады.

4. Көрсетiлетiн әлеуметтiк көмектi тоқтату және қайтару үшiн негiздемелер

31. Әлеуметтiк көмек келесі жағадайларда тоқтатылады:

1) алушы қайтыс болған;

2) алушы Ақтөбе қаласынан тыс тұрақты тұруға кеткен;

3) алушыны мемлекеттiк медициналық - әлеуметтiк мекемелерге тұруға жiберген;

4) алушы ұсынған мәлiметтердiң дәйексiздiгi анықталған жағдайларда.

Әлеуметтiк көмектi төлеу көрсетiлген жағдаяттар туындаған айдан бастап тоқтатылады.

32. Бұл ретте дәйексіз мәліметтерді келтіріп заңсыз әлеуметтік көмек тағайындауға әкелгені анықталған жағдайда, әлеметтік көмек төлеу тағайындалған тұлғаға (отбасына) белгіленген кезеңге тоқтатылады.

33. Артық төленген сомалар ерiктi қайтаруға жатады, бас тартқан жағдайда – сот арқылы.

5. Қорытынды ереже

          34. Әлеуметтiк көмек көрсету мониторингi мен есепке алуды уәкiлеттi орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң немесе «Әлеуметтік көмек» автоматтандырылған ақпараттық жүйесiнiң дерекқорын пайдалана отырып жүргiзіледі.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50