Қазақша   Русский

RSS-лента

ЖОБА

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторының міндетін атқарушысы 2017 жылғы 29 маусымдағы №5-2/360, 5-2/361 ұсыныстары негізінде, Қурайлы ауылдық округі әкімінің уақытша міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:


1. Қурайлы ауылдық округі Георгиевка ауылының Ақтөбе көшесі аумағындағы ұсақ мүйізді қара малының арасында және Өрлеу ауылы Хутор–1 көшесі аумағындағы ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қурайлы ауылдық округі әкімінің
уақытша міндетін атқарушысы
А.Б. Шалабаев

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50