Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» №148 Заңның 6 бабына, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы       9 қаңтардағы № 212 Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 1) тармақшасына, Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2014 жылғы 25 қарашадағы №145 «Коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу нормаларын есептеудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (нормативтік құқықтық актілері мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10030 болып тіркелген) сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

            1. Ақтөбе қалалық мәслихатының 2014 жылғы 23 желтоқсанындағы       № 284 «Ақтөбе қаласы бойынша коммуналдық қалдықтардың пайда болу және жинақталу нормаларын бекіту туралы» (нормативтік құқық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде № 4182 болып тіркелген, 2015 жылғы               29 қаңтарда «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешіміне келесі өзгерістер енгізілсін:

            қазақ тіліндегі шешімнің тақырыбында және бүкіл мәтіні бойынша «пайда болу» деген сөздері «түзілу» деген сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі шешімнің тақырыбы мен мәтіні өзгермейді;

            қазақ тіліндегі шешімнің 1 тармағындағы «қалдықтар» деген сөзі «қалдықтардың» деген сөзімен ауыстырылсын, орыс тіліндегі мәтін өзгермейді;

            жоғарыда көрсетілген шешіммен бекітілген қосымшаның:

            қазақ тіліндегі 3 бағанның атауы келесі редакцияда жазылсын:

«Жүргізілген тексерулер бойынша коммуналдық қалдықтардың түзілу және жинақталу орташа жылдық нормасы, м 3»;

           

            орыс тіліндегі 3 бағанның атауы келесі редакцияда жазылсын:

            «Норма образования и накопления коммунальных отходов по данным проведенных исследований, м3 среднегодовая»;        

            2. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн откен соң қолданысқа енгізіледі.

 

Ақтөбе қаласының мәслихат сессиясының төрағасы А. Кабиев

Ақтөбе қаласының мәслихатының хатшысы С.Шынтасова

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50