Қазақша   Русский

RSS-лента

ЖОБА

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы Министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясының бас мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық инспекторы 2017 жылғы 15 тамыздағы №5-2/465 ұсынысы негізінде, Қурайлы ауылдық округі әкімінің міндетін атқарушысы ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:


1. Ірі мүйізді қара және ұсақ мүйізді қара малдарының арасында бруцеллез ауруының анықталуына байланысты, Қурайлы ауылдық округі Өрлеу ауылындағы Жерұйық көшесі бойынша шектеу іс-шаралары белгіленсін.
2. Осы шешімнің орындалуын бақылау Қурайлы ауылдық округі әкімінің орынбасары А.Шалабаевқа жүктелсін.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қурайлы ауылдық округі
әкімінің міндетін атқарушысы
М.Ш.Тұрмағамбетова

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50