Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 35 - бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 - бабына, Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңының 25 - бабына сәйкес және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының 2017 жылғы 29 тамыздағы №5-2/486 ұсынысы негізінде, Сазды ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:


1. Сазды ауылдық округінің Сазды ауылы аумағында ірі мүйізді қара малы арасында бруцеллез ауруына ветеринариялық сауықтыру іс-шаралар кешені жүргізілуіне байланысты, белгіленген шектеу іс-шаралары алынып тасталсын.
2. Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің 2016 жылдың 26 қыркүйектегі №4 «Шектеу іс-шараларын белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №5090 болып тіркелген, 2016 жылдың 7-8 қазанында «Ақтөбе» және Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) шешімінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласының Сазды ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің бас маманы А. Мухановқа жүктелсін.
4. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Сазды ауылдық округі А.Муханбетов

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50