Қазақша   Русский

RSS-лента

Жоба

Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 3) тармақшасына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

      1. Қоса беріліп отырған Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидаларын бекітілсін.

      3. Осы шешім оны алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Ақтөбе қалалық мәслихатының сессия төрағасы А. Өтегенов

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы С.Шынтасова

Ақтөбе қалалық мәслихатының

2017 жылғы «____»__________

№_____ шешімімен бекітілді

Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке

түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары

1. Жалпы ережелер

1. Осы Ақтөбе қаласы бойынша сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып танылған иесіз қалдықтарды басқару қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 20-1-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және сот шешiмiмен коммуналдық меншiкке түскен болып танылған иесiз қалдықтарды (бұдан әрі – қалдықтар) басқару тәртiбiн айқындайды.

2. Қалдықтарды коммуналдық меншікке беру сот шешімінің негізінде жүзеге асырылады.

3. Иесіз қалдықтарды басқаруды Ақтөбе қаласының әкімдігі, (бұдан әрі – жергiлiктi атқарушы орган) жүзеге асырады.

4. Қалдықтарды басқару мақсатында жергiлiктi атқарушы орган мүдделі құрылымдық бөлімшелерінің өкілдерінен комиссия құрады (бұдан әрі – Комиссия).

Қалдықтарды басқару бойынша жұмыстарды ұйымдастыратын орган ретінде Ақтөбе қаласы әкімдігінің «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі» мемлекеттік мекемесі коммуналдық шаруашылық саласында қызмет атқаруға уәкілеттілік берген және тиісті жергілікті бюджеттерден қаржыландырылатын атқарушы орган белгіленеді.

5. Иесіз қауіпті қалдықтарды басқару – бұл қалдықтарды бағалау, есепке алу, одан әрі пайдалану, сату, кәдеге жарату және жою бойынша қызмет.

2. Сот шешімімен коммуналдық меншікке түскен болып

танылған иесіз қалдықтарды басқару тәртібі

6. Қалдықтарды есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 26 шілдедегі № 833 қаулысымен бекітілген Жекелеген негiздер бойынша мемлекет меншiгiне айналдырылған (түскен) мүлiктi есепке алу, сақтау, бағалау және одан әрi пайдалану қағидаларыга сәйкес атқарылады.

7. Талап етілмеген қалдықтарды қауіпсіз кәдеге жарату және жою бойынша жұмыстарды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы орган Коммиссияның ұсыныстарын ескере отырып Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасының талаптарына сәйкес жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырады.

8. Қалдықтарды кәдеге жарату және жою бойынша көрсетілетін қызметтерді жеткізушіні таңдау Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.

9. Қалдықтар сатылғаннан, кәдеге жаратылғаннан және жойылғаннан кейін қалдықтардың орналасқан аумақтарын қалпына келтіру Қазақстан Республикасының жер заңнамасының талаптарына сәйкес жүргізіледі.

3. Қорытынды ережелер

10. Қадықтармен жұмыс iстеу барысында Қазақстан Республикасының экологиялық заңнамасында көзделген талаптар сақталады.

_________________________

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50