Жоба

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 1998 жылғы 24 наурыздағы «Нормативтік құқықтық актілер туралы» Заңдарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
1. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2013 жылғы 27 қарашадағы №3407 «Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану қағидасын бекіту туралы» қаулысына (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2013 жылғы 18 желтоқсанда №3715 болып тіркелген, 2013 жылғы 24 желтоқсанда №154 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
жоғарыда көрсетілген қаулымен бекітілген, Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану қағидасында:
кіріспесі келесідей редакцияда мазмұндалсын:
«Коммуналдық меншікке келіп түскен қараусыз қалған жануарларды пайдалану Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 246 бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы №413-IV Заңы 18 бабының 22 тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 Заңы 31 бабы 1 тармағының 2 тармақшасы, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2011 жылғы 18 сәуірдегі №49-ө «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңын іске асыру жөніндегі шаралар туралы» Өкіміне сәйкес әзірленді».
5 тармағынан «Қазақстан Республикасы Азаматтық Кодексінің 243 бабы және Азаматтық іс жүргізу Кодексінің 36 тарауымен белгіленген тәртіпте» сөздері алынып тасталынсын.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкiмiнiң орынбасары Қ.М. Әлімовке жүктелсiн.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қала әкімі
Е. Омаров