Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы           12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 10 бабы 2 тармағының 3) тармақшасына, 12 бабының 1 тармағына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2005 жылғы 21 сәуірдегі «Ішкі сауда ережесін бекіту туралы» қаулысымен бекітілген Ішкі сауда ережесінің 6, 50 тармақтарына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

  1. Ақтөбе қаласында автодүкендер арқылы бөлшек сауданы жүзеге асыру үшін орналасатын жерлер осы қаулының 1 қосымшасына сәйкес анықталсын.
  2. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары                    Қ.М.Әлімовке жүктелсін.
  3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі                                                                                                  Е. Омаров

Жобаны ұсынушы:

«Ақтөбе қаласының

кәсіпкерлік бөлімі» ММ

басшысы                                                                                        А. Даржанова

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2014 жылғы «__» ____ № ____ қаулысына 1 қосымша

                                                                                                                

Жергілікті тауарөндірушілердің қышқыл сүт пен шұжық өнімдерін

сату бойынша автодүкендердің орналасу орындары

Сату орындары

1

Кереев көшесі, 2

2

11 мөлтек аудан, 86 («Нектар» сауда үйінің алды)

3

12 мөлтек аудан, 21/1 («Қара Алтын» мейрамханасы ауданы)

4

«Болашақ» мөлтек аудан (№133 үйдің ауласы)

5

Ағ. Жұбановтар көшесі, 282 (Қ.Жұбанов ат.Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетіне қарсы)

6

Есет батыр көшесі, 91   («Дастархан» супермаркетінің ауданы)

7

Есет батыр көшесі, 110

8

Киселев көшесі, 27 («Арман» сауда үйі ауданы)

9

Курсанттар тас жолы, 16   («Рокос» ЖШС кеңсесінің алды)

10

Ахтанов көшесі, 46 («Тұрсын» сауда үйінің алды)

11

101 Атқыштар бригадасы даңғылы, 14

 

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50