Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 наурыздағы № 280 «Жекешелендірудің кейбір мәселелері туралы» қаулысына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес 2014-2016 жылдары жекешелендіруге жататын Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдар тізбесі бекітілсін.
2. «Ақтөбе қаласының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесі осы қаулыны «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Қ.М.Әлімовке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қала әкімі Е.Омаров

Ақтөбе қаласы әкімдігінің
2014 жылғы «___» _______
№____ қаулысына қосымша

Жекешелендіруге жататын Ақтөбе қаласының коммуналдық меншігіндегі ұйымдар тізбесі

1. «Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев атындағы орталық мәдениет және демалыс саябағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы МКК;
2. «Орталық стадион» МК;
3. «Ақтөбе қаласының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ жанындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы «Тазалық» КМК;
4. «Ақтөбе Таза Қала» ЖШС;
5. «Ақтөбе қаласының жолаушылар автокөлік кәсіпорыны» ЖШС.

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50