Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319 Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 6 бап 4 тармағына, 2002 жылғы 8 тамыздағы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы балалар құқығы туралы» Заңының 7 бап, 3 тармағына, «2011-2015 жылдарға арналған балалардың жазғы демалысын, бос уақытын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру туралы» Қазақстан Республикасы Премьер- Министрінің 2011 жылғы 28 маусымдағы № 86-ө өкіміне сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ақтөбе қаласы бойынша 2014 жылғы жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын және жұмыспен қамтылуын ұйымдастыру және қамтамасыз ету.
2. «Ақтөбе қаласының білім бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне:
1) Ақтөбе қаласының мектеп жанындағы, қосымша білім ұйымдарындағы ыстық тамақпен қамтылған және ыстық тамақпен қамтылмаған күндізгі лагерлерде балалардың бос уақытын өткізуді ұйымдастыру;
2) жетім балалар және ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалардың, атаулы әлеуметтік көмек алуға құқылы отбасылар, көп балалы, толық емес, аз қамтылған отбасылар балалары мен даму мүмкіндіктері шектеулі балалардың демалысы мен сауықтырылуын қамтамасыз ету;
3) девиантты мінез-құлықты балалар демалысын ұйымдастыру ерекше бақылауға алу.
3. «Ақтөбе қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне балалар мен жасөспірімдер арасында спорттық-бұқаралық және сауықтыру іс-шараларын ұйымдастыру.
4. балалардың демалысы мен сауықтырылуына байланысты ұйымдастырылған іс-шараларға жұмсалатын шығын жергілікті бюджеттен бөлінген қаражат шегінде қамтамасыз етілсін.
5. «Ақтөбе қаласының тілдерді дамыту және мәдениет бөлімі» Мемлекеттік мекемесіне мектеп жанындағы күндізгі лагерлерде балалардың бос уақытын ұйымдастыруда жүргізілетін жұмыстарға мәдениет мекемелерінің қатынасуын қамтамасыз ету.
6. Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы (келісім бойынша):
1) балалар сауықтыру орындарына балаларды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздікті қамту;
2) жолдар мен көшелерде балалардың жарақат алуын азайтудың алдын алу шараларын қарастыру;
3) тәртіп бұзушылықтың алдын алу және балалардың қаңғыбастығы мен қараусыздығын ескерту мақсатындағы іс-шаралар өткізу.
7. Қала әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмыстары, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар жөніндегі бөліміне (келісім бойынша):
1) балаларды сауықтыру ұйымдарындағы өрт қауіпсіздігін болдырмау шараларын қолдану;
2) балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін және суда шомылу қауіпсіздіктерін қамту мақсатындағы шараларын ұйымдастыру.
8. «Қазақстан Республикасы тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаментінің Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» Республикалық мемлекеттік мекемесіне (келісім бойынша) балалар сауықтыру ұйымдарының санитарлық-эпидемиологиялық және балалар сауықтыру лагерлеріндегі тамақтандыруды ұйымдастырудың жай-күйін бақылауды қамтамасыз ету.
9. Осы қаулының орындалуын қадағалау қала әкімінің орынбасары А.Арынғазиеваға жүктелсін.
10. Осы қаулы ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

Аким города
Е.Умаров

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50