Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1- бабына сәйкес және «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің  Ақтөбе  қалалық аумақтық  инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2014 жылғы 27 мамырдағы №5-2/289 санды ұсынысы негізінде, Благодар ауылдық округінің әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Благодар   ауылдық округінің Өлке ауылы аумағындамүйізді ірі қара малдарының арасында сарып ауруы анықталуына байланысты шектеу           іс-шаралары.

2. Осы шешімнің орындалуын  бақылау «Ақтөбе қаласының Благодар   ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі әкімінің орынбасары Ә.Жұмақұловаға жүктелсін.

         3. Осы шешім ол алғаш ресми жарияланғаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

Благодар ауылдық округінің әкімі                                                         Б. Дарин

1

«Благодар   ауылдық округінің   Өлке ауылы аумағында шектеу

іс-шараларын   белгілеу туралы»

Благодар   ауылдық округі әкімінің шешімі жобасына

АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ

Түсіндірме жазбада көрсетілуі тиіс мәліметтердің тізбесі

Мемлекеттік органның ақпараты

1

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

«Ақтөбе қаласының   Благодар   ауылдық округі   әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі

2

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы             23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңына, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің   Ақтөбе қалалық аумақтық   инспекциясы» мемлекеттік мекемесі басшысының 2014 жылғы   27 мамырдағы         №5-2/289 ұсынысына сәйкес қабылданған.

3

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық салдар

«Благодар   ауылдық   округінің   Өлке ауылы   аумағында шектеу

іс-шараларын   белгілеу   туралы»

4

Осы   мәселе бойынша бұрын қабылданған нормативтік құқықтық актілер   және нормативтік құқықтық актіні қабылдауға байланысты   олардың өзгергені және толықтырылғаны немесе күші   жойылды деп танылғаны туралы   мәліметтер

жоқ

5

Осы   мәселе бойынша бұрын қабылданған, оларды мемлекеттік тіркеуден бас   тартылған немесе олардың жойылғаны туралы актілердің реквизиттерін көрсете отырып, заң сараптамасын өткізбей кері   қайтарылған нормативтік құқықтық актілер туралы мәліметтер

жоқ

6

Осы   нормативтік құқықтық акт республикалық немесе   жергілікті бюджет шығыстарының көбеюін немесе түсімдердің   қысқаруын көздей ме

Жобада жергілікті   бюджетің шығыстарының көбейуін немесе түсімдерінің қысқаруын көздемейді

7

Нормативтік құқықтық   актіні мүдделі мемлекеттік органдармен келісу туралы   мәлімет

Қазақстан Республикасы ауыл шаруашылығы Министрлігі ветеринариялық бақылау және   қадағалау комитетінің Ақтөбе қалалық   аумақтық инспекциясы мемлекеттік мекемесі мекемесімен.

8

Жеке кәсіпкерлік субъектілерінің мүдделерін қозғайтын нормативтік құқықтық   актілер жобаларының бұқаралық ақпарат құралдарында, интернет-ресурстарды қоса   алғанда, жариялау туралы мәліметтерді

жоқ

Благодар ауылдық округінің әкімі                                                         Б.Дарин

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50