Қазақша   Русский

RSS-лента

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1 тармағы 7 тармақшасына сүйеніп, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитетінің Ақтөбе қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесінің басшысының 2014 жылғы 27 мамырдағы №5-2/289 ұсынысы негізінде жануарлардың жұқпалы ауруларының ошақтарын жою мақсатында Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

1. Қурайлы ауылдық округінің Россовхоз селосының аумағында ірі жәнеұсақ мүйізді малдарының арасында сарып ауруы анықталуына байланысты шектеу шаралары белгіленсін.
2. «Ақтөбе қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімі» ММ осы шешімнен туындайтын жағдайлардың алдын алу үшін қолданыстағы заңнамаға сәйкес шаралар қабылдауды ұсыну.
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау «Ақтөбе қаласының Қурайлы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ әкімінің орынбасары Сугурбаев А.Қ. жүктелсін.
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қурайлы ауылдық округінің әкімі                 М.Ш.Тұрмағамбетова

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50