Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе қала әкімдігінің қаулысы

№1166               26.03.2015ж.

Қаладағы санитарлық-эпидемиологиялық жағдайды жақсарту мақсатында және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37 баптарына сәйкес, қала әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. №1 қосымшаға сәйкес қаланы және ауылдық елді-мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде екі айлықты өткізу бойынша іс-шаралар жоспары бекітілсін.

2. 2015 жылғы сәуірдің 1-і мен мамырдың 31-і аралығында қаланы және ауылдық елді-мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде екі айлық ұйымдастырылсын және өткізілсін.

3. №2 қосымшаға сәйкес екі айлықты өткізуді ұйымдастыру бойынша қалалық штаб құрылсын.

4. Барлық меншік түріндегі ұйымдар және кәсіпорындар басшылары, пәтер иелері кооперативтерінің төрағалары және ауылдық округтер әкімдеріне:

1) алаңдар мен көшелерді, саябақтар мен скверлерді санитарлық тазалау, қоқыс шығару, көркейту бойынша қажетті жұмыстарды орындау және тұрғындардың екі айлыққа қатысуын қамтамасыз ету;

2) аула маңындағы жерлерді көркейту, шағын сәулет элементтерін және ойын алаңдарын жөндеу және орнатуды жүргізу ұсынылсын.

5. «Ақтөбе Таза Қала» ЖШС (Ә.А. Байжомартов):

         1) екі айлық кезінде қалалық қоқыс полигонына тұрмыстық-қатты қалдықтарды төлемсіз қабылдауды ұйымдастырсын;

         2) полигондағы тұрмыстық-қатты қалдықтардың жиналуына бақылауды қамтамасыз етсін.

6. «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Н.С. Алдияров) қоқыс полигонын күтіп-ұстау жөніндегі «Ақтөбе Таза Қала» ЖШС шығындарын өтеуге қаржы бөлуді қарастырсын.

7. «Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігінің Ақтөбе облысы тұтынушылардың құқықтарын қорғау Департаментінің Ақтөбе қалалық тұтынушылардың құқықтарын қорғау басқармасы» республикалық мемлекеттік мекемесі» (Ж.Б.Құрманов), «Ақтөбе қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі» ММ (Н.С. Алдияров), Ақтөбе қалалық ішкі істер басқармасы (М.А. Өсербаев) қаланы және ауылдық елді-мекендерді көркейту, санитарлық тазалау және көгалдандыру жөнінде екі айлық өткізу барысында өз бағыттары бойынша жұмыстарды қамтамасыз етсін.

8. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының әскери-жұмылдыру жұмысы, азаматтық қорғаныс және төтенше жағдайлар бөлімі (Б.Ж.Нұрашев) екі айлық өткізу кезінде заңды және жеке тұлғалардың ортақ пайдаланатын жерлерін де, ішкі аумақтарын да қоса алғанда жаппай қоқыстарды, қураған ағаштарды жағуды, от жағуды болдырмау және алдын алу үшін апта сайын әр бейсенбіде және сенбіде қала аумағы бойынша аралау іс-шараларын жүргізсін және қала әкімі аппаратының қала инфрақұрылымын дамыту бөліміне ақпарат берсін.

9. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының өндірістік сала бөлімі (Бисенов С.Т.) ведомствалық трансформатор қосалқы станцияларды, газ таратушы пункттерді және магистральды құбырларды, бейберекет орналасқан байланыс және электр өткізуші желілерді тәртіпке келтіру бойынша қалалық телефон желілері мен коммуналдық қызметтерге бақылау жүргізсін.

10. Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70-жылдығын мерекелеуге байланысты Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру жұмысы бөлімі (Қ.М.Райымқұлов) екі айлықты өткізу кезінде ауылдық округтер әкімдерімен бірге ҰОС ардагерлері тұратын көшелердің және үйлердің іргелес аумақтарын тазалау және жинау бойынша іс-шараларды ұйымдастырсын, осы жұмыс түрлерінің сапалы орындалуын бақыласын.

11. Ақтөбе қаласы әкімі аппаратының бас маманы (Л.И. Томчук) бұқаралық ақпарат құралдары арқылы екі айлықты өткізу туралы тұрғындарды хабардар етсін.

12. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қ. Қалдығұловқа жүктелсін.

Қала әкімі                                                                                        Е. Омаров

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50