Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңының 19 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

  1. Ақтөбе қаласында барлық маршруттар үшін жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бір рет жүруге 55 (елу бес) теңге мөлшерде бірыңғай тариф белгіленсін.
  2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 21 сәуірдегі № 1320 «Ақтөбе қаласында жолаушыларды және багажды автомобильмен тұрақты тасымалдауға бірыңғай тарифті белгілеу туралы» (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 2014 жылғы 28 сәуірде №3850 болып тіркелген, 2014 жылғы 30 сәуірдегі № 52 - 53 «Ақтөбе», «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
  3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Е.Қалдығұловқа жүктелсін.
  4. Осы қаулы оны алғаш ресми жариялаған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.                        

Қала әкімі                                                                                                  Е.Омаров

КЕЛІСІЛДІ:

Ақтөбе қалалық мәслихатының хатшысы

_______________С.Шынтасова

«__»_______________2015 жыл

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50