Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе облысының әділет департаментінде 2016 жылғы 29 қыркүйекте №5088 болып тіркелді

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫ ӘКІМДІГІНІҢ ҚАУЛЫСЫ

26.08.2016 ж.                                                                                                 № 3544

            Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 27 бабына сәйкес Ақтөбе қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            1. Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан (павильондардан) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.

            2. Ақтөбе қаласы әкімдігінің 2014 жылғы 23 маусымдағы №1875 «Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындарды белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3972 болып тіркелген, 2014 жылғы 31 шілдедегі №95-96 «Ақтөбе» және «Актюбинский вестник» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

            3. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Қ. Әлімовке жүктелсін.

            4. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.  

Қала әкімі                                                                                            І. Испанов

Ақтөбе қаласы әкімдігінің

2016 жылғы «26» 08 № 3544 қаулысына қосымша

                                                                                                                     

Ақтөбе қаласында автодүкендерден және (немесе) шатырлардан (павильондардан) көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін арнайы бөлінген орындар

Арнайы бөлінген орындар
1

«Авиақалашық» шағын ауданы, № 13 үйдің жанында

2

Набережная көшесі, № 85 үйдің жанында

3

Әбілқайыр хан даңғылы, № 59 «А» үйдің жанында

4

«Келешек» тұрғын алабы, № 1 үйдің жанында

5

Қарғалы селолық округі, Қарғалы селосы, Сәтпаев көшесі, № 55 үйдің жанында

6

Қазанғап көшесі, № 57 «В» үйдің жанында

7

Ағайынды Жұбановтар көшесі, № 306 үйдің жанында

8

Ағайынды Жұбановтар көшесі, № 282 үйдің жанында

9

Есет батыр көшесі, № 95 үйдің жанында

10

Рысқұлов көшесі, № 14 үйдің жанында

11

Есет батыр көшесі, № 110 үйдің жанында

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50