Қазақша   Русский

RSS-лента

Ақтөбе обылысының әділет департаментінде 13.06.2014 жылы №3947 болып тіркелді

АҚТӨБЕ ҚАЛАСЫНЫҢ БЛАГОДАР АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ ШЕШІМІ

   10.06.2014 жыл                                         №1        

Благодар ауылдық округінің Өлке ауылы аумағына шектеу іс-шараларын белгілеу туралы

Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтарындағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі басқару туралы» Заңының 35 бабына, Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» Заңының 10-1- бабына   және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветеринариялық бақылау және   қадағалау Комитеті  Ақтөбе  қалалық аумақтық  инспекциясы         бас мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық инспекторының орынбасарының 2014 жылғы    27    мамырдағы    №5-2/289 санды   ұсынысы негізінде, Благодар ауылдық округінің   әкімі ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:

         1. Благодар ауылдық округінің Өлке ауылы аумағына,мүйізді ірі қара малдарының арасында бруцеллез ауруы анықталуына байланысты шектеу іс-шаралары   белгіленсін.

2. Осы шешімнің орындалуына  бақылау жасау Ақтөбе қаласының Благодар   ауылдық округі әкімінің орынбасары Ә.Жұмақұловаға жүктелсін.

         3. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Благодар ауылдық округінің әкімі                                                         Б. Дарин

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50