Қазақша   Русский

RSS-лента

Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 27 қарашадағы N 107 Заңы

 

"Егеменді Қазақстан" 2000 жылғы 1 желтоқсан N 302-303

 

МАЗМҰНЫ

      Осы Заң басқару қызметiн ұйымдастыруды жетiлдiруге, мемлекеттiк органдардың iркiлiссiз жұмыс iстеуiн қамтамасыз етуге, басқарушылық шешiмдердi жедел қабылдауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын сақтауға, мемлекеттік мүдделердi қорғауға, мемлекеттiк қызметшiлердiң лауазымдық өкілеттікті қызметтен тыс мақсаттарда пайдалануына жол бермеуге жәрдемдесетiн әкiмшiлiк рәсiмдердi белгiлеуге бағытталған.
      Ескерту. Кіріспеге өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262; 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

  1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

      1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар

      1. Әкiмшiлiк рәсiмдер деп:
      1) мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыру кезiнде шешiмдер қабылдау мен орындау тәртiбi және оларды ресiмдеу, оның ішінде электрондық нысанда ресімдеу;
      2) мемлекеттiк аппараттың жұмысын ұйымдастыру рәсiмi;
      3) азаматтардың өз құқықтарын iске асыру жөнiндегi өтiніштерiн қарау рәсiмдерi, сондай-ақ азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерiн әкiмшiлiк қорғау рәсiмдерi;
      4) экономика саласындағы шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнiң негiзгi бастаулары ұғынылады.
      2. Мемлекеттiк органдар деп мемлекет атынан Конституция, заңдар, өзге де нормативтік құқықтық актiлер арқылы:
      1) жалпыға бiрдей мiндетті мiнез-құлық ережелерiн белгілейтiн актiлер шығару;
      2) әлеуметтiк мәнi бар қоғамдық қатынастарды басқару мен реттеп отыру;
      3) мемлекет белгiлеген жалпыға бiрдей мiндеттi мiнез-құлық ережелерiнiң сақталуына бақылау жасау жөнiндегі функцияларды жүзеге асыруға уәкiлеттік берiлген мемлекеттiк мекемелер ұғынылады.
      2-1. Мемлекеттiк органның құзыретi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң нысанасын айқындайтын оның белгiленген өкiлеттiктерiнiң жиынтығы ұғынылады;
      мемлекеттiк органның өкiлеттiктерi деп мемлекеттiк органның құқықтары мен мiндеттерi ұғынылады;
      мемлекеттiк органның құқықтары деп белгiлi бiр iс-әрекеттi жасау, басқа тұлғадан (басқа тұлғалардан) белгiлi бiр мiнез-құлықты (ic-әрекеттi немесе iс-әрекет жасаудан тартынуды) талап ету мүмкiндiгi ұғынылады;
      мемлекеттiк органның мiндеттемелерi деп мемлекеттiк орган орындауға мiндеттi iс-әрекет шеңберi ұғынылады;
      мемлекеттiк органның мiндеттерi деп мемлекеттiк орган қызметiнiң негiзгi бағыттары ұғынылады;
      мемлекеттiк органның функциялары деп мемлекеттiк органның қызметтi өз құзыреті шегiнде жүзеге асыруы ұғынылады.
      Мемлекеттік органның құзыреті, өкілеттігі, функциялары мен міндеттері Конституцияда, заңдарда және Президент, Үкімет, өзінен жоғары тұрған орталық мемлекеттік орган қабылдайтын өзге де нормативтік құқықтық актілерде белгіленеді.
      2-2. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-3. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-4. Алынып тасталды - ҚР 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз) Заңымен.
      2-5. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-6. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-7. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-8. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-9. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-10. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2-11. Мәліметтер нысаны - мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде қойылатын талаптарға сәйкес келетіні туралы ақпаратты қамтитын, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген электрондық немесе өзге де нысандағы құжат.
      3. Лауазымды адамдар деп осы Заңда мемлекеттiк функцияларды (өкiмет өкiлiнiң функцияларын) тұрақты, уақытша немесе арнайы өкiлеттiк бойынша жүзеге асыратын не мемлекеттiк органдарда ұйымдастырушылық-өкiмдiк немесе әкiмшілiк-шаруашылық функцияларын орындайтын адамдар ұғынылады.
      Конституцияның, заңдардың және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердiң талаптарына байланысты лауазымды адамдар өздерiне жүктелген функцияларды:
      1) жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен мемлекеттiң нақты лауазымды адамының атынан;
      2) нақты мемлекеттiк органда шешiмдер қабылдаудың заңдарда көзделген тәртiбiне байланысты жеке-дара өкiм жүргiзу тәртiбiмен не алқалық тәртiппен нақты мемлекеттiк органның және оның құрылымдық бөлiмшелерiнiң атынан жүзеге асыра алады.
      4. Хабарлама жасау тәртібі деп, «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес жүзеге асырылатын валюталық операциялар туралы хабарлама жасауды қоспағанда, өтініш берушінің қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдардың жүзеге асырылуы басталғанға дейін бұл туралы осы Заңда белгіленген тәртіппен тиісті мемлекеттік органға хабарлама жасау міндетін белгілейтін рәсім түсініледі.
      5. Хабарлама – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен нысан бойынша жасалған, қызметтің немесе белгілі бір іс-қимылдың жүзеге асырылуы басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлайтын (оның ішінде электрондық құжат нысанындағы) құжат.
      Хабарламаның нысанын кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган әзірлейді.
      Ескерту. 1-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2004.03.12 N 536, 2007.06.18 N 262, 2008.12.04 N 97-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2010.04.02 № 263-IV (2010.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2011.04.01 N 425-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      2-бап. Осы Заңның қолданылу шектерi

      1. Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер заң актiлерiмен реттелмеген бөлiгiнде:
      1) Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Мемлекет басшысының қызметiн қамтамасыз ететiн мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың, Президентке тiкелей бағынысты және есеп беретiн мемлекеттiк органдардың;
      2) Қазақстан Республикасының Парламентi Палаталары, Орталық сайлау комиссиясы аппараттарының;
      3) Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесi, Жоғарғы Соты мен өзге де соттары аппараттарының;
      4) Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң, Премьер-Министрi Кеңсесiнің, орталық атқарушы органдарының;
      5) Қазақстан Республикасының жергiлiктi өкiлдi органдары аппараттарының;
      6) Қазақстан Республикасының жергiлiктi атқарушы органдарының қызметінде қолданылады.
      7) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      2. Осы Заңда көзделген рәсiмдердiң күшi:
      1) азаматтардың өтiнiштерiн қарауға және қаралу тәртiбi әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы заңдарда, қылмыстық iс жүргізу және азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген өзге де iстердi қарауға;
      2) дайындалу рәсiмi өзге заң актiлерiнде көзделген нормативтiк құқықтық актiлердi дайындауға;
      3) жүзеге асырылу тәртібі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленетін стратегиялық, бюджеттік және экономикалық жоспарлау түрлеріне қолданылмайды.
      Ескерту. 2-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262, 2010.04.02 № 263-IV (01.01.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      3-бап. Әкiмшiлiк рәсiмдердi белгілеу қағидаттары

      Ескерту. Тақырыпқа өзгеріс енгізілді - ҚР 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      Осы Заңда көзделген әкiмшiлiк рәсiмдер:
      1) заңдылық;
      2) төменгi мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдардың жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдарға бағынуы;
      3) заң мен сот алдында баршаның теңдiгi;
      4) азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының басымдығы, азаматтар мен ұйымдардың өтiнiштерiн қарау кезiнде төрешiлдiк пен сөзбұйдалық көрiнiстерiне жол бермеу;
      5) әкiмшiлiк рәсiмдерiнде көзделген iс-әрекеттер мен актiлердiң барлық азаматтар, ұйымдар мен лауазымды адамдар үшiн мiндеттiлiгi;
      6) жеке адамның, қоғам мен мемлекеттiң өзара жауапкершiлiгi мен мүдделерiнiң теңбе-тең болуы;
      7) мемлекеттiк құпиялар және заңмен қорғалатын өзге де құпия туралы заңдарды қатаң сақтай отырып, қоғамдық пiкiр мен жариялылықты ескеру;
      8) мемлекеттiк билiктiң беделiн қолдау мен Қазақстан Республикасының беделiн түсiретiн және мемлекеттiк қызмет мүдделерiне қайшы келетiн iс-әрекеттерге жол бермеу, соның iшiнде сыбайлас жемқорлық көрiнiстерiне қарсы тұру, мемлекеттiк қызметшiлер үшiн заңдарда белгіленген тыйымдар мен шектеулердi қатаң сақтау;
      9) барлық деңгейдегi мемлекеттік органдар үшiн әкiмшiлiк рәсiмдер талаптарының бiрыңғай болуы;
      10) барлық мемлекеттiк органдар мен мемлекеттiң лауазымды адамдары құзыреттерiнiң ара-жiгін айқын межелеу және олардың келісе отырып жұмыс iстеуi;
      11) үнемдiлiк пен тиімділік қағидаттарына негізделеді.
      12) алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 3-бапқа өзгерістер енгізілді - ҚР 2007.06.18 N 262; 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

  2-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫ АДАМДАРДЫҢ
МЕМЛЕКЕТТIК ФУНКЦИЯЛАР МЕН ЛАУАЗЫМДЫҚ ӨКIЛЕТТIКТЕРДI ЖYЗЕГЕ
АСЫРУЫ КЕЗIНДЕ ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУ ТӘРТIБI ЖӘНЕ ОЛАРДЫ РЕСIМДЕУ

      4-бап. Мемлекеттiк органдардың өз функцияларын жүзеге
              асыруы кезiнде шешiмдер қабылдауы

      1. Мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар мемлекеттiк функциялар мен лауазымдық өкiлеттiктердi жүзеге асыруы кезiнде құқықтық актiлер шығару арқылы шешiмдер қабылдайды.
      2. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi жеке қолданылатын актiлерге жатады, белгiленген нысандағы жазбаша ресми құжат болып табылады және:
      1) бiр мәрте не уақыт бойынша өзге де шектеулi қолдануға есептелген;
      2) жеке-дара белгiлi бiр тұлғаларға қолданылады;
      3) жеке-дара белгiлi бiр тұлғалардың заңнамада белгіленген құқықтары мен міндеттерін қолданады және (немесе) іске асырады.
      3. Жеке қолданылатын құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына кiрмейдi және нормативтiк құқықтық актiлерге жатпайды.
      4. Жеке қолданылатын құқықтық актiлердi қабылдау рәсiмдерi, олардың ресiмделуiн, орындалуын және орындалуына бақылау жасауды ұйымдастыру осы Заңмен және өзге де нормативтiк құқықтық актiлермен белгiленедi.
      Ескерту. 4-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      5-бап. Құқықтық актілерге және олардың ресiмделуiне
              қойылатын талаптар

      1. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсi мынадай талаптарға сай келуге тиiс:
      1) құқықтық акт Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарға және жоғары тұрған мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiне қайшы келмеуге тиiс;
      2) құқықтық актiнiң құрылымы реттеу нысанасының толық ашылуын қамтамасыз етуге, ал мазмұны дайындалып жатқан құқықтық актiнiң бiркелкi түсiнiлуi мен қолданылуын қамтамасыз етуге тиiс;
      3) құқықтық актiде белгiленiп отырған шаралардың мазмұны анық баяндалуға, құқықтық актiнiң күшi қолданылатын және (немесе) оларды белгiленген мерзiмде iске асыру үшiн жауапты адамдар тобы айқын белгiленуге тиiс;
      4) басқарудың төменгi деңгейлерiнде iске асыруды қажет ететiн құқықтық актiлерде белгiлi бiр мемлекеттiк органдарға және (немесе) лауазымды адамдарға оларды орындау жөнiнде берiлетiн нақты тапсырмалар болуға тиiс.
      2. Мемлекеттiк органдардың Қазақстан Республикасы Конституциясының талаптарына және Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келетiн құқықтық актiлерi қабылданған кезiнен бастап жарамсыз болып табылады және Қазақстан Республикасының аумағында қолданылмауға тиiс.
      3. Әртүрлi деңгейдегi мемлекеттiк органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда, жоғары тұрған мемлекеттiк органның құқықтық актiсi қолданылады.
      4. Бiр деңгейдегi мемлекеттiк органдар қабылдаған құқықтық актiлер бiр-бiрiне қайшы келген жағдайда осы шешiмдi қабылдау құзыретiне кiретiн органның құқықтық актiсi қолданылады. Мүдделi тұлғаның арызы бойынша бiр құқықтық актiнiң басқа құқықтық актiден басымдығы туралы шешiмдi жоғары тұрған мемлекеттiк орган немесе сот қабылдайды.
      5. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiсiнде, осы баптың 1-тармағында көзделген талаптардан басқа, мынадай деректемелер болуға тиiс:
      1) құқықтық актінiң атауы;
      2) сол актіде қаралатын нысананы белгiлейтiн тақырып;
      3) актiнің қабылданған орны мен күнi;
      4) тиiстi актiге қол қоюға уәкiлетті адамның (адамдардың) қойған қолы (қолдары);
      5) органның мөрi.

      6-бап. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру мен
              бақылау

      1. Құқықтық актiнiң орындалуын ұйымдастыру уәкiлеттi мемлекеттiк органдардың (лауазымды адамдардың) қабылданған шешiмдi уақтылы және толық орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларын әзiрлеуi мен қабылдауы болып табылады.
      2. Қажет болған жағдайда құқықтық актiнiң орындалуын қамтамасыз ету үшiн уәкiлеттi мемлекеттiк орган (лауазымды адам) оны орындау жөнiндегi ұйымдастыру шараларының жоспарын әзiрлеп, бекiтедi, ол тiкелей орындаушыларға жеткiзiледi.
      3. Егер құқықтық актiде оны орындаудың нақты мерзiмдерi мен тiкелей орындаушылары айқындалмаса, оларды орындаушы мемлекеттiк орган немесе жоғары тұрған орган белгiлейдi және дереу тiкелей орындаушылардың назарына жеткiзiледi.
      4. Қабылданған шешiмдердi уақтылы және толық орындау мақсатында мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам олардың орындалуына бақылауды жүзеге асыруға тиiс.
      5. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      6. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      7. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      8. Алып тасталды - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.
      Ескерту. 6-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      7-бап. Құқықтық актiнiң орындалуын бақылауды жүзеге
              асыру тәртiбi

      Құқықтық актінің орындалуын бақылауды жүзеге асыру тәртібі «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалады.
      Ескерту. 7-бап жаңа редакцияда - ҚР 2011.01.06 N 378-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      8-бап. Мемлекеттiк органдардың құқықтық актiлерiнiң
              күшiне енуi және қолданылуының тоқтатылуы

      1. Егер мемлекеттiк органның құқықтық актiсiнде неғұрлым кеш мерзiм белгiленбесе, ол қабылданған кезiнен бастап күшiне енедi.
      2. Мемлекеттiк органның құқықтық актiсi осы құқықтық акт арналған адамдар оның талаптарын немесе онда қамтылған тапсырмаларды орындаған кезден бастап қолданылуын тоқтатады.
      3. Құқықтық актiнiң қолданылуы тоқтатылғанға дейiн бұл құқықтық актiнi қабылдаған мемлекеттiк орган, одан жоғары тұрған мемлекеттiк орган не сот оның қолданылуын тоқтата тұруы, өзгертуi немесе күшiн жоюы мүмкiн.
      4. Мүдделi тұлғалардың жоғары тұрған мемлекеттік органға немесе сотқа құқықтық актiнiң күшiн жою, оны өзгерту немесе қолданылуын тоқтата тұру туралы өтініш беруi тиiстi шешiм қабылданғанға дейiн құқықтық актiнiң (Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығындағы қызметті жүзеге асыруға берілген лицензиялардың қолданылуын тоқтата тұру және (немесе) олардан айыру, қаржы ұйымдарын консервациялауды жүргізу жөніндегі құқықтық актісін, сондай-ақ оның жазбаша нұсқамаларын қоспағанда) қолданылуын тоқтата тұрады.
      Ескерту. 8-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2012.07.05 N 30-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

3-тарау. МЕМЛЕКЕТТIК ОРГАНДАРДЫҢ ЖҰМЫСЫН ҰЙЫМДАСТЫРУ РӘСIМДЕРI

      9-бап. Мемлекеттік органдардың жұмысын жоспарлау

      1. Мемлекеттік органдар өз қызметін стратегиялық және операциялық жоспарларға, сондай-ақ қажет болған жағдайда тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
      2. Стратегиялық жоспарларды әзірлемейтін мемлекеттік органдар өз қызметін тоқсанға, бір жылға және ұзақ мерзімді перспективаға арналып жасалатын жұмыс жоспарларына сәйкес жүзеге асырады.
      3. Мемлекеттік органның жұмыс жоспарлары органның құрылымдық бөлімшелерінің ұсыныстары негізінде және құқықтық және нормативтік құқықтық актілерді орындау үшін алдын ала жасалады.
      Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері өз жұмыс жоспарларын осы органның жұмыс жоспарының негізінде жасайды.
      Ескерту. 9-бап жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      9-1-бап. Регламент, мемлекеттік орган және мемлекеттік
                органның құрылымдық бөлімшесі туралы ереже

      Ескерту. Тақырып жаңа редакцияда - 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      1. Мемлекеттік орган өз қызметін ұйымдастыру және оның ішкі тәртібі мәселелері бойынша регламент қабылдайды.
      2. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      3. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      4-1. Мемлекеттік органның мәртебесі мен құзыреті мемлекеттік орган туралы ережемен айқындалады.
      Мемлекеттік орган туралы ережені әзірлеу мен бекіту жөніндегі нұсқаулықты Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Мемлекеттік орган туралы үлгі ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді.
      5. Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесінің мәртебесі мен өкілеттігін айқындау мәселелері бойынша ереже бекітіледі.
      Мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшесі туралы ережені әзірлеу және бекіту тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Ескерту. 9-1-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.18 N 262, жаңа редакцияда - ҚР 2010.04.02 № 263-IV (2010 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі), өзгеріс енгізілді - 2011.07.05 N 452-IV (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізілетін), 2011.07.21 N 468-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.04.27 N 15-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі), 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      9-2-бап. Мемлекеттік органның функциялары

      Мемлекеттік органның функциялары стратегиялық, реттеу, іске асыру және бақылау функциялары болып бөлінеді:
      жоспарлы құжаттарды әзірлеу, қабылдау, мемлекеттік жоспарлау жүйесін айқындау, халықаралық қатынастарды, ұлттық қауіпсіздік пен қорғаныс қабілеттілігін қамтамасыз ету жөніндегі функциялар стратегиялық функциялар болып табылады;
      мемлекеттік функциялардың іске асырылуын нормативтік құқықтық қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді тіркеу және олардың орындалуына талдау жүргізу, мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру, мемлекеттік активтерді басқару жөніндегі функциялар реттеушілік функциялар болып табылады;
      жоспарлы құжаттарды, нормативтік құқықтық актілерді орындауға, мемлекеттік органның жоспарлы құжаттарында көзделген мақсаттар мен міндеттерге қол жеткізуге, мемлекеттік қызметтер көрсетуді ұсынуға, рұқсат беру құжаттарын (лицензиялауды, тіркеуді, сертификаттауды қосқанда) беруге бағытталған функциялар іске асыру функциялары болып табылады;
      жеке және заңды тұлғалар, оның ішінде мемлекеттік мекемелер қызметінің нормативтік құқықтық актілерде белгіленген талаптарға, ал Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайда, Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында және Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарға сәйкестігі тұрғысынан тексеру және бақылау жөніндегі функциялар бақылау функциялары болып табылады.
      Қазақстан Республикасының Президентіне есеп беретін мемлекеттік органдардың құрылымында функцияларды стратегиялық, реттеушілік, іске асыру және бақылау деп бөлуді - Қазақстан Республикасының Президенті, ал орталық атқарушы органдарда Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды.
      Мемлекеттік органдардың Қазақстан Республикасының заңнамасында өздеріне көзделмеген функцияларды жүзеге асыруына тыйым салынады.
      Ескерту. 9-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.07.27 N 315, өзгерістер енгізілді - ҚР 2009.07.17 N 188-IV (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.05 N 452-IV (2011.10.13 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен; 03.07.2013 № 121-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Конституциялық заңымен.

      10-бап. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет

      1. Жеке-дара өкiмшiлiк қызмет - лауазымды адамдардың мемлекеттiк органдарда жүзеге асыратын уәкiлеттi лауазымды адамдардың құқықтық актiлерге жеке-дара қол қоюын, бағынысты қызметкерлерге нұсқаулар мен тапсырмалар беруiн, мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру жөнiнде өзге де ұйымдық-өкiмшiлiк шараларын жеке-дара қабылдауын қамтитын қызметi.
      2. Мемлекеттiк органның басшысы (алқалы мемлекеттiк органдарды қоспағанда) сенiп тапсырылған органға басшылықты жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырады және қабылданатын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жеке жауапты болады.
      3. Жеке-дара өкiмшiлiк қызметтi жүзеге асыру кезiнде төменгi лауазымды адамдар өздерiнiң әрекеттерiн жоғары тұрған лауазымды адамның шешiмдерiмен қатаң сәйкестiкте жүзеге асырады. Егер мемлекеттiк функциялар тек қана жеке-дара өкiмшiлiк қызмет жолымен жүзеге асырылса, бұл жағдайда төменгi лауазымды адамдардың мiндетi уәкiлеттi адамның осы қызметiн қамтамасыз ету болып табылады.

      11-бап. Алқалы мемлекеттiк органдардың қызметi

      1. Шешiмдерi мемлекеттiк органдар мүшелерiнiң көпшiлiк дауысымен қабылданатын органдар алқалы мемлекеттiк органдар болып табылады. Алқалы орган қабылдайтын шешiмдердiң заңдылығы үшiн жауапкершiлiк, шешiмдi қабылдаған кезде қарсы дауыс бергендердi қоспағанда, алқалы органның дауыс беруге қатысқан барлық мүшелерiне жүктеледi.
      2. Алқалы органдар қызметiнiң негiзгi нысаны олардың отырыстары болып табылады, оларда осы органдардың шешiмдерi қабылданады.
      3. Алқалы мемлекеттiк органдардың отырыстарын дайындау және өткiзу кезiнде уәкiлеттi органдар (олардың құрылымдық бөлiмшелерi) мен лауазымды адамдар мынадай мәселелердi шешедi:
      1) отырыстарды жоспарлау - осы отырыстарды өткiзу жоспары әзiрленедi және бекiтiледi. Осы жоспар тиiсiнше тоқсандық және жылдық мерзiмге әзiрленедi, ал тиiстi келiсуден кейiн оны алқалы органның басшысы не алқалы органның қызметін қамтамасыз ететiн органның басшысы бекiтедi. Бекiтiлген жоспар мүдделi органдар мен лауазымды адамдардың назарына жеткiзiледi;
      2) алқалы мемлекеттiк органның отырысына шығарылатын мәселелердi дайындауды, отырысты өткiзу жөніндегi өзге де ұйымдық шараларды оның тиiстi құрылымдық бөлiмшелерi не алқалы органның қызметiн қамтамасыз ететiн орган жүзеге асырады.
      4. Отырыстарды жүргiзу тәртiбi алқалы мемлекеттiк органдардың регламенттерiмен айқындалады.
      5. Алқалы органның отырысы хаттамаға түсiрiледi.
      6. Отырыста қабылданған шешiмдер алқалы мемлекеттiк органның регламентiне сәйкес қаулылармен ресiмделiп, орындаушылардың назарына жеткiзiледi. Қажет болған жағдайда қабылданған шешiмдердi iске асыру жөнiнде шаралар жоспары жасалып, бекiтiледi, олардың орындалуы бақылауға алынады.

      12-бап. Мемлекеттiк органдарда қызметтiк құжаттардың
               қаралуы мен өтуi

      1. Мемлекеттiк органға немесе тiкелей осы органның басшылығына жолданған қызметтік құжаттар келiп түсiп, iс қағаздарын жүргiзу қызметi оларды тiркегеннен кейiн басшылыққа берiледi, басшылық оларды қарап, олар бойынша тапсырмалар (қарарлар) дайындайды.
      2. Мемлекеттiк органның лауазымды адамы мәселенi өз қарауына алған кезде қойылған мәселенiң шешiмi осы органның немесе осы лауазымды адамның құзыретiне жататынына көз жеткiзуге тиiс.
      3. Егер мәселе белгiленген құзырет шегiнен тыс болса, уәкiлеттi лауазымды адам өтiнiштi үш жұмыс күнінен аспайтын мерзiмде өтiнiш берушіні мiндетті түрде хабардар ете отырып, құзыреттi мемлекеттiк органға немесе лауазымды адамға жiберу туралы шешiм қабылдайды.
      4. Құжаттарға мемлекеттiк органның атынан оның басшысы, оны ауыстыратын адам (осы органда белгiленген қызметтiк мiндеттердi бөлуге сәйкес) не осы органның өзге уәкiлеттi лауазымды адамы қол қояды.
      5. Мемлекеттiк органға қайтаруды қажет ететiн құжаттарды жiберу кезiнде ол құжатқа осы мемлекеттiк органға қайтару қажеттігi туралы белгi қойылады.
      6. Мемлекеттiк органдарда құжаттардың қаралу мерзiмi, егер заңдарда өзгеше белгiленбесе, бiр айдан аспауға тиiс.
      Ескерту. 12-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      12-1-бап. Мерзімдерді есептеу

      1. Заңнамада белгіленген мерзiм күнтiзбелiк күнмен немесе басталуы сөзсiз болатын оқиға көрсетiле отырып айқындалады. Мерзiм жылдармен, тоқсандармен, айлармен, апталармен, күндермен немесе сағаттармен есептелетiн уақыт кезеңi ретiнде де белгiленуi мүмкiн.
      2. Жылдармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзiмнiң соңғы жылының тиiстi айы мен күнiнде аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм сол айдың соңғы күнiнде аяқталады.
      3. Айлармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзiмнiң соңғы айының тиiстi күнiнде (күн санында) аяқталады. Егер мерзiмнiң аяқталуы тиiстi күн саны жоқ айға тура келсе, онда мерзiм сол айдың соңғы күнiнде аяқталады.
      4. Апталармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және мерзiмнiң соңғы аптасының тиiстi күнiнде аяқталады.
      5. Күндермен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған күнтiзбелiк күннен немесе оқиға басталған күннен басталады және белгіленген кезеңнің соңғы күнiнде аяқталады.
      Егер мерзімнің соңғы күні жұмыс емес күнге тура келсе, одан кейінгі таяу жұмыс күні мерзімнің аяқталу күні болып есептеледі.
      6. Сағаттармен есептелетiн мерзiм оның басталуы айқындалған оқиға басталған минуттан басталады және белгіленген кезеңнің соңғы минутында аяқталады.
      Ескерту. Заң 12-1-баппен толықтырылды - ҚР 03.07.2013 № 121-V Конституциялық заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      13-бап. Ақпарат алмасуға қойылатын талаптар

      1. Ақпарат алмасу - мемлекеттiк органдар лауазымды адамдарының өз қызмет өкiлеттiктерiн жүзеге асыруы кезiнде заңдарда белгiленген тәртiппен ақпаратты жөнелтуi және алуы.
      2. Ақпарат алмасуды регламенттейтiн рәсiмдер:
      1) Қазақстанның бiрыңғай ақпарат кеңiстiгiнiң iркiлiссiз жұмыс iстеуiне, оның әлемдiк байланыс пен информатика жүйесiне енуiне;
      2) ақпаратты, оның iшiнде мемлекеттiк ақпарат ресурстарын қорғаудың ұлттық жүйесiн нығайтуға көмектесуi тиiс.
      Қазақстан Республикасы мемлекеттiк органдары мен лауазымды адамдарының шешiмдер қабылдауы объективтi және алдын алушы ақпаратқа негiзделуге тиiс.
      3. Мемлекеттiк органдар мен олардың бөлiмшелерi арасындағы ақпарат алмасу өзара ақпараттық ағынның ең аз қажеттi көлемiне, берiлетiн басқарушылық ақпараттың қайталануына жол бермеуге негiзделедi.
      4. Ақпараттық рәсiмдер мемлекеттiң мүдделерiмен байланысты қызметтік және өзге де ақпараттың жария етiлуiне жол бермеуi тиiс. Мемлекеттік қызметшiлерге қызметтiк ақпарат оларға жүктелген қызмет мiндеттерiн орындау үшiн ғана берiледi. Бұл ақпаратты қызметтен тыс мақсаттарға пайдалануға болмайды.
      Қызметтік ақпаратпен жұмыс істеу ережесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
      Ескерту. 13-бапқа өзгерту енгізілді- ҚР 2007.06.18 N 262 Заңымен.

      14-бап. Қызметтiк құжаттардың орындалуын бақылау

      1. Мемлекеттiк орган басшысының немесе өзге де жоғары тұрған лауазымды адамның осы лауазымды адам шығарған актiлерге байланысты емес тапсырмаларының орындалуын бақылау осы мемлекеттiк органның тиiстi бөлiмшелерiне жүктеледi.
      2. Қызметтiк құжаттар жөнiндегi тапсырмалардың орындалу мерзiмдерiн бақылауды мемлекеттiк органның iс қағаздарын жүргiзу қызметi жүзеге асырады.
      3. Бiрнеше орындаушыға берiлген тапсырмалардың орындалуын тапсырмада бiрiншi болып көрсетiлген лауазымды адам үйлестiредi.
      4. Iс қағаздарын жүргiзу қызметi бақылаудағы тапсырманың орындалу мерзiмiнiң аяқталуына дейiн тиiстi бөлiмшеге бұл туралы алдын ала ескертпе жiбередi.
      5. Тапсырманы орындау үшiн қосымша уақыт қажет болған жағдайда орындаушы тапсырманы берген лауазымды адамға орындау мерзiмiн ұзарту туралы жазбаша өтiнiш бередi. Тапсырманы орындаудың қосымша мерзiмiн тапсырманы берген басшы белгiлейдi.
      6. Тапсырманы берген лауазымды адам не өзге уәкiлеттi лауазымды адам орындалған құжаттарды бақылаудан алады.

4-тарау. АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН ЗАҢДЫ МYДДЕЛЕРIН ҚОРҒАУ
РӘСIМДЕРI

      15-бап. Азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiне
               қойылатын талаптар

      1. Азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiнде:
      1) азаматтар мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдарға заңдық маңызы бар фактiлердi растайтын құжаттардың ең аз санын беруге мiндеттi болатын құқықтарды iске асыру тәртiбi;
      2) азаматтардың құқықтарын iске асырудың және олардың заңды мүдделерiн қамтамасыз етудiң ең қысқа мерзiмi;
      3) азаматтардың құқықтарын iске асыру жөнiндегі шешiмнiң жобасы келiсiлетiн орындардың ең аз саны;
      4) тиiстi адамның немесе органның iстi қарайтын орны мен уақыты туралы азаматтарға алдын-ала хабарлануы;
      5) азаматтың өтiнiшiн қарауға байланысты iстiң материалдарымен оның танысу мүмкiндiгi, азаматтың өз өтiнiшi бойынша талқылауға жеке қатысу мүмкiндiгi;
      6) азаматтың өтiнiшiне байланысты iс материалдарының басқа лауазымды адамға негiзсiз берiлуiне жол бермей, азаматтың өтiнiшi жөнiндегi iстi бiр ғана лауазымды адамның жүргiзуi;
      7) азаматтың өтiнiшiн қарауды мәселенiң объективтi шешiлуiне мүдделi емес деп ойлауға негiз бар адамға жүктеу жағдайларына жол берiлмеуi көзделуге тиiс.
      2. Азаматтардың құқықтарын iске асыру рәсiмдерiнде:
      1) шағымды берген немесе шағымда мүддесi көзделген адамға зияны тиетiндей етiп шағымның өңiн айналдыруға;
      2) өтiнiште iс-әрекеттерiне шағым айтылған лауазымды адамдарға өтiнiштi жiберуге;
      3) азаматтардың жеке өмiрi, жеке және отбасылық құпиялары туралы мәлiметтердi олардың келiсiмiнсiз жария ету мүмкiндiгiне;
      4) азаматтың өтiнiшке қатысы жоқ жеке басы туралы деректердi анықтауға жол берiлмеуге тиiс.

      15-1-бап. Мемлекеттік қызметтер көрсету

      Ескерту. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      15-2-бап. Мемлекеттік органдардың жеке және заңды
                тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсынуы

      1. Мемлекеттік органдар жеке және заңды тұлғаларға ақпараттық қызметтер ұсыну үшін интернет-ресурстар құрады.
      2. Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстары:
      1) мемлекеттік органның қызметі туралы жалпы ақпаратты;
      2) мемлекеттік органның құрылымдық бөлімшелері мен оның ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының тізбесін, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;
      3) аумақтық органдардың (олар болған кезде) тізбесін, олардың міндеттері мен функцияларын, сондай-ақ олардың басшылары туралы мәліметтерді;
      4) мемлекеттік органның қарамағындағы тізілімдердің, тіркелімдердің, кадастрлардың тізбелерін;
      5) жалпыға қол жетімді электрондық ақпараттық ресурстар мен жеке және заңды тұлғаларға ұсынылатын электрондық қызметтердің тізбелерін;
      6) мемлекеттік орган қабылдаған және қолданысқа енгізілген нормативтік құқықтық актілерді;
      7) мемлекеттік орган заңдарға және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес қарауға қабылдайтын өтініш құжаттарының үлгілерін;
      8) ашық конкурстық сауда-саттықтар (тендерлер, аукциондар), сараптамалар мен басқа да іс-шаралар туралы мәліметтерді және оларды өткізу шарттарын, сондай-ақ оларға жеке және заңды тұлғалардың қатысу шарттарын;
      9) мемлекеттік органда жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қараудың тәртібі туралы ақпаратты, азаматтарды қабылдау кестесін, өтініштерге шолуларды, оларды қараудың нәтижелері мен қабылданған шаралар туралы ақпаратты;
      10) мемлекеттік органның жарияланған бос лауазымдары туралы мәліметтерді, мемлекеттік қызметтің бос лауазымдарына орналасу үшін
кандидаттарға қойылатын біліктілік талаптарын;
      11) мемлекеттік органдар басшыларының және олардың
орынбасарларының ресми сөйлеген сөздері мен мәлімдемелерінің мәтіндерін;
      12) "Сұрақ-жауап" сервисінің болуын;
      13) азаматтарға интерактивті сұрақтар қоюды;
      14) жаңалықтар тізбегін;
      15) мемлекеттік органның құзыретіне қатысты бөлікте саланың даму жай-күйін және серпінін сипаттайтын ресми статистикалық ақпаратты және (немесе) көрсеткіштерді;
      16) мемлекеттік органның қызметі туралы талдамалық баяндамаларды және ақпараттық сипаттағы шолуларды;
      17) мемлекеттік органның, оның құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық органдарының және ведомстволық бағыныстағы ұйымдарының почталық мекен-жайларын, электрондық почтасы мекен-жайларын, анықтама қызметтерінің телефондарын;
      18) өзге де бөлімдерді қамтуға тиіс.
      3. Мемлекеттік органның интернет-ресурсын дағы жаңалықтар тізбегін өзектілік орайында жаңарту күн сайын жүзеге асырылуға тиіс, өзге де бөлімдерді өзектілік орайында жаңарту қажеттілігіне қарай, бірақ аптасына кемінде бір рет жүзеге асырылады.
      4. Интернет-ресурс тағы ақпарат осы Заңның 13-бабы 4-тармағының талаптары ескеріле отырып орналастырылады.
      5. Алынып тасталды - ҚР 15.04.2013 N 89-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
      6. Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген жағдайларда, көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді алу үшін белгіленген талаптарға сәйкестікті растау өтініш берушінің мәліметтер нысанын ұсынуы арқылы жүзеге асырылады.
      Ескерту. 15-2-баппен толықтырылды - ҚР 2007.06.18 N 262, өзгеріс енгізілді - 2009.07.10 N 178-IV, 2010.03.19 № 258-IV, 2010.07.15 N 337-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-баптан қараңыз), 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); 15.04.2013 N 89-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік отыз күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

      15-3-бап. Хабарлама жасау тәртібі

      1. Қазақстан Республикасының заңдарында осындай міндет белгіленген жағдайда қызмет түрлері немесе белгілі бір іс-қимылдар хабарлама жасау тәртібіне жатады.
      2. Өтініш берушілер хабарламаларды мемлекеттік органға немесе халыққа қызмет көрсету орталығына береді не оны «электрондық үкімет» веб-порталында электрондық құжат нысанында өтініш толтыру арқылы жүзеге асырады.
      Қазақстан Республикасының Ұлттық банкін қоспағанда, мемлекеттік органдарда және халыққа қызмет көрсету орталықтарында хабарламаларды қабылдау қағидаларын Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді.
      Мемлекеттік органның хабарламаны қабылдап алғаны туралы талоны, халыққа қызмет көрсету орталығының қабылдап алғаны туралы белгісі бар хабарламаның көшірмесі немесе электрондық құжат нысанындағы талон өтініш берушінің хабарлама беру міндетін орындағанын растау болып табылады.
      3. Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше белгіленбесе, өтініш беруші қызметті немесе белгілі бір іс-қимылды жүзеге асыруды хабарлама берілгеннен кейін бірден бастауға құқылы.
      Жекелеген қызмет түрлерінің немесе іс-қимылдардың ерекшелігі ескеріле отырып, кейбір жағдайларда Қазақстан Республикасының заңдарында хабарлама беру үшін мерзімдер белгіленуі мүмкін.
      4. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда хабарламаға қажетті құжаттар қоса беріледі, бұл ретте мемлекеттік электрондық ақпараттық ресурстардан алынуы мүмкін құжаттар мен өзге де ақпаратты өтініш берушіден талап етуге тыйым салынады.
      5. Мемлекеттік орган хабарламаны алғаннан кейін «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес бақылау және қадағалау қызметін жүзеге асыру барысында өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген талаптарды сақтауын дербес тексереді.
      6. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінде белгіленген жағдайларда субъектінің қызметі немесе қызметінің жекелеген түрлері тоқтатыла тұруы немесе оларға тыйым салынуы мүмкін.
      Қызметті немесе белгілі бір іс-қимылдарды хабарлама жасау тәртібін сақтамай жүзеге асыру Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      7. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мемлекеттік органдар хабарлама берген субъектілердің тізілімін (бұдан әрі – тізілім) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен жүргізеді. Тізілімнен шығарып тастау субъектінің өтініші бойынша, дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін жүзеге асыруға тыйым салу туралы сот шешімі бойынша, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда жүзеге асырылады және субъектіні қызметін жүзеге асыру құқығынан айырады.
      Егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, тізілім мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарында еркін қолжетімділік режимінде орналастырылады.
      Тізілім тәуекелдерді басқару жүйесін және тексеруді жүргізу жоспарын қалыптастыруға негіз болып табылады.
      Сот дара кәсіпкердің немесе заңды тұлғаның қызметін немесе қызметінің жекелеген түрлерін тоқтата тұрған жағдайда тізілімге тиісті мәліметтер енгізіледі.
      Жеке тұлғаның тұрғылықты мекенжайы, заңды тұлғаның орналасқан жері, хабарламада көрсетілген қызметті немесе іс-қимылдарды жүзеге асыру мекенжайы, сондай-ақ хабарламада толтыру үшін сол туралы ақпарат міндетті болып табылатын тіркеу деректері өзгерген жағдайда, субъект осы бапта белгіленген тәртіппен он жұмыс күні ішінде көрсетілген өзгерістер туралы хабарлама беруге міндетті.
      Ескерту. 15-3-баппен толықтырылды - ҚР 2012.07.10 N 36-V (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      16-бап. Азаматтардың өтiнiштерi

      1. Азаматтардың өтінiштер беру, оларды тiркеу тәртiбi, олардың мемлекеттiк органдарда қаралу мерзiмдерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгіленедi.
      2. Iстi қарау барысында:
      1) мемлекеттiк орган мен лауазымды адам өтiнiшке байланысты нақты мән-жайларды анықтайды және зерттейдi, өтiнiш бойынша шешiм қабылдау кезiнде басшылыққа алынуы керек құқық нормаларын айқындайды және қажет болған жағдайда шешiм қабылдау үшiн қажеттi құжаттар мен материалдарды белгiленген тәртiппен сұратады және алады;
      2) азамат өзiнiң өтiнiшiн қарайтын лауазымды адамға дәлелдерiн жеке баяндауға, сондай-ақ өз өтiнiшiнiң негiздiлiгiн растайтын қосымша материалдарды табыс етуге құқылы.
      3. Азаматтардың мемлекеттiк орган бөлiмшелерiне жiберiлген өтiнiштерiн қарау барысын бақылауды осы бөлiмшелердiң басшылары жүзеге асырады.
      4. Уәкiлеттi мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам өтiнiштердi қарау нәтижелерi туралы арыз берушiлерге жазбаша түрде дәлелдi жауап қайтарады.
      5. Азаматтардың өтiнiштерi оларда қойылған мәселелер қаралып, олар бойынша қажеттi шаралар қолданылған және арыз берушiлерге заңдарда белгiленген тәртiппен жауап қайтарылған жағдайда шешiлген болып есептеледi.
      6. Егер мәселелердiң шешiлуi ұзақ мерзiмге қалдырылса, өтiнiш ол түпкiлiктi орындалғанға дейiн қосымша бақылауға қойылады.
      7. Егер жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар болса, арыз берушi мемлекеттiк орган (мемлекеттiк органның лауазымды адамы) заңдарда белгiленген тәртiппен қарап қойған мәселе бойынша қайта арыз беруге құқылы. Егер өтiнiштер бойынша тексеру материалдары толық болса және арыз берушiлерге белгiленген тәртiппен жауап қайтарылса, жаңа дәлелдер немесе жаңадан ашылған мән-жайлар көрсетiлмей, қайта берiлген арыздар тексеруге жатпайды.
      8. Мемлекеттiк органның басшысы немесе оның орынбасары азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс жүргiзудi тоқтату және осы iстердi бақылаудан алу туралы шешiм қабылдауға құқылы.
      9. Келiп түскен өтiнiштi бақылаудан алуға тексеру материалдары қоса берiлген өтiнiштi қарау нәтижелерi туралы белгiленген нысандағы құжат (қызметтік жазбахат, анықтама) немесе мемлекеттiк органның толық жауабы негiз болып табылады.

      17-бап. Азаматтың өтiнiшiн қарау нәтижелерi туралы
               шешiмге шағымдану

      1. Өтiнiш бойынша қабылданған шешiмге арыз берушi жоғары тұрған мемлекеттiк органға (жоғары тұрған лауазымды адамға) немесе сотқа шағымдана алады.
      2. Лауазымды адамдардың әрекетiне (немесе әрекетсiздiгiне), сондай-ақ мемлекеттiк органдардың шешiмдерiне шағым жоғары тұрған лауазымды адамға немесе органға не сотқа iс-әрекеттiң жасалғаны немесе тиiстi лауазымды адам немесе орган шешiм қабылдағаны туралы азаматқа белгiлi болғаннан кейiн үш айдан кешiктiрмей берiледi. Шағымдану үшiн өтiп кеткен мерзiм мемлекеттiк орган немесе лауазымды адам не сот үшiн шағымды қабылдамауға негiз болмайды. Мерзiмнiң өтiп кету себептерi шағымды мәнi бойынша қарау кезiнде анықталады және ол шағымды қанағаттандырудан бас тарту негiздерiнiң бiрi болып табылуы мүмкiн.

      18-бап. Шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың
               өтiнiштерi

      Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарда өтiнiштердi қараудың өзгеше ережелерi көзделмесе, шетелдiктердiң және азаматтығы жоқ адамдардың өтiнiштерi заңдарда белгiленген тәртiппен қаралады.

      19-бап. Жеке қабылдау

      1. Мемлекеттiк органдардың бiрiншi басшылары мен олардың орынбасарлары тиiстi мемлекеттiк органның басшысы бекiтетiн қабылдау кестесiне сәйкес азаматтарды, соның iшiнде сол органдардың қызметкерлерiн айына кемiнде бiр рет жеке қабылдауға мiндеттi.
      2. Азаматтарды қабылдау белгiленген және азаматтардың назарына жеткiзiлген күндер мен сағаттарда жүргiзiледi.
      3. Егер арызды немесе шағымды лауазымды адам қабылдау кезiнде шеше алмайтын болса, олар жазбаша нысанда баяндалады және олармен жазбаша өтiнiштер ретiнде жұмыс жүргiзiледi.

      20-бап. Азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс қағаздарын
               жүргізу

      1. Азаматтардың өтiнiштерi бойынша iс қағаздарын жүргiзу заңдарда белгіленген тәртiппен iс қағаздарын жүргізудiң басқа түрлерiнен бөлек жүргiзiледi.
       2. Азаматтардың өтiнiштерiмен жұмысты ұйымдастыруға, iс қағаздарын жүргiзудiң жай-күйiне органдардың басшылары жеке жауапты болады.

5-тарау. ЭКОНОМИКА САЛАСЫНДА ШЕШIМДЕР ҚАБЫЛДАУДЫҢ НЕГIЗГI
РӘСIМДЕРI

      21-бап. Экономика саласында шешiмдер қабылдау
               рәсiмдерiне қойылатын негiзгi талаптар

      1. Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерi:
      1) жария және ашық (заңдармен белгiленген шектерде) болуға;
      2) мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге қатысатын, мемлекеттiң жұмыстарын атқаруға және қызметтер көрсетуге, тауарлар сатуға, кредиттер алуға үмiткер азаматтар мен ұйымдарға қатысты тендерлiк бастауларға негiзделуге;
      3) меншiк нысанына және өзге де мән-жайларға қарамастан, шаруашылық қызмет субъектiлерiнiң заң тұрғысынан теңдiгi принципiне негiзделуге;
      4) мемлекеттік орган рұқсаттарды, лицензияларды және өзге де рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мерзімде беруден дәлелді бас тартуды ұсынбаған жағдайда олардың автоматты түрде берілетіндігін қамтуға тиіс.
      2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген талаптар:
      1) республикалық және жергiлiктi бюджеттердiң қаражаттарын бөлуге (оның iшiнде мемлекеттiк тапсырыстарды орналастыру мен мемлекеттiк сатып алу кезiнде), кредиттiк ресурстарды бөлуге;
      2) рұқсат беру құжаттарын (салық патенттерін қоспағанда) беруге және рұқсат беру рәсімдерін жүзеге асыруға;
      3) шаруашылық қызмет субъектiлерiне заңдарда белгiленген жеңiлдiктер мен артықшылықтар беруге;
      4) мемлекеттiк мүлiктi жекешелендiруге;
      5) мемлекеттiк активтердi басқаруға байланысты шешiмдер қабылдау рәсiмдерiне қолданылады.
      Ескерту. 21-бапқа өзгеріс енгізілді - ҚР 2011.07.15 N 461-IV (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін алты ай өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңымен.

      22-бап. Экономикалық шешiмдер қабылдау саласындағы
               шектеулер мен тыйымдар

      Экономика саласында шешiмдер қабылдау рәсiмдерiнде:
      1) мемлекеттiк бюджет қаражаттарының мақсатсыз пайдаланылуына;
      2) тауарлар мен қызметтер рыногындағы бәсекенi шектеуге немесе жоюға;
      3) табиғи монополияларды және заң актiлерiнде көзделген жағдайларда қызметтiң жекелеген түрлерiне мемлекет монополиясын қоспағанда, жекелеген шаруашылық жүргiзушi субъектiлердiң рыноктағы монополиялық жағдайына;
      4) заң актiлерiнде тiкелей көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының бiртұтас рыноктық кеңiстiгi шегiнде капиталдың, еңбек ресурстары мен тауарлардың еркiн қозғалуына кедергiлер белгiлеуге;
      5) ел экономикасындағы қазақстандық тауар өндiрушiлердiң үлесiн негiзсiз төмендетуге жол бермейтiн тыйымдар мен шектеулер көзделуге тиiс.

6-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛI ЕРЕЖЕЛЕР

      23-бап. Осы Заңды бұзғаны үшін жауаптылық

      Осы Заңды бұзу Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады.
      Ескерту. 23-бап жаңа редакцияда - ҚР 2007.06.18 N 262 Заңымен.

      24-бап. Осы Заңның өзге нормативтiк құқықтық актiлермен
               арақатынасы

      1. Осы Заңның ережелерi әкiмшiлiк рәсiмдердiң жекелеген түрлерiн регламенттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеу мен қабылдау үшiн негiзгi ережелер болып табылады.
      2. Осы Заңға сәйкес жекелеген мемлекеттiк функцияларды орындау тәртiбi туралы заңдарда осы мемлекеттiк функцияларды жүзеге асыру тәртiбiнiң ерекшелiктерiн айқындайтын әкiмшiлiк рәсiмдер белгiленуi мүмкiн.

      25-бап. Осы Заңды қолданысқа енгізу

      Осы Заң оның ресми жарияланған күнiнен бастап алты ай өткеннен кейiн қолданысқа енгізiледi, осы мерзiм iшiнде мемлекеттiк органдар мен лауазымды адамдар өздерiнiң әкiмшiлiк рәсiмдердi регламенттейтiн заңға тәуелдi нормативтiк құқықтық актiлерiн осы Заңға сәйкес келтiруге тиiс.

      Қазақстан Республикасының
      Президенті

Бағдарламалар

Баннеры

030000, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе қ., Т.Ахтанов к-сі, 50